1.3.8. Газ фазадағы химиялық реакция теңдеулері
Газ фазада жүретін химиялық реакцияларда өнімдер мен реагенттердің массасы емес олардың көлемдері ескеріледі. Зат мөлшері 1,0 моль кез келген газдың көлемі қалыпты жағдайда (ОоС, 1,0 атм) әрқашанда 22,4 л көлем алады.
Мысалы. Реакция теңдеуі: 2SO2 + O2 → 2SO3
Бұл реакция теңдеуі бойынша, көлемі 2 л SO2 газы 1 л O2 газымен әрекеттесіп, нәтижесінде 2 л SO3 газы түзіледі деп қабылданады.
1.3.9. Қатты заттар мен газдар қатысында жүретін химиялық реакция теңдеулері
Егер химиялық реакцияға қатты зат пен газ қатысса, онда көбінде қатты зат мөлшері массамен , ал газ мөлшері көлеммен алынады.
Мысалы. Қалыпты жағдайдағы көлемі 200 см3 оттегі газын алу үшін калий хлоратының (V) қандай массасын ыдырату қажет? Бұл реакцияның катализатор қатысындағы реакция теңдеуі:
2KClO3 (қатты) → 2KCl (қатты) + 3O2
Шешуі. Реакция теңдеуінен бойынша, 2,0 моль KClO3 қосылысынан 3,0 моль O2 түзіледі.
KClO3 затының молярлық массасы = 92,5 г∙моль-1
Сондықтан: 2∙92,5 г KClO3 →3∙22,4 дм3 O2
Ал 200 см3 оттегі газын алу үшін, қажетті есептеу жұмысы: ( 2∙92,5 / 3∙22,4) ∙200∙10-3 г KClO3. Сонымен, ыдыраған KClO3 қосылысынаң массасы = 0,551 г
Достарыңызбен бөлісу: |