1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»



бет41/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)

А. Ағымдағы алыс-беріс

Тауарлар

Қызмет көрсету

Инвестициядан түсетін кіріс

Басқа да көрсетілетін қызметтер мен кірістер

Жекеше бір жақты аударымдар

Жиыны:

А. ағымдағы алыс-беріс

В. Тікелей инвестициялар

Қоржындағы инвестициялар

Басқа да ұзақ мерзімді капитал

Жиыны: А+В

С. Қысқа мерзімді капитал

D. Қателіктер мен қалып қойғандар

Жиыны: А+В+D

E. Өтелмелі баптар

Алтын-валюта сақтық қорларын қайта бағалау, СДР-ді қайта бөлу және пайдалану

F. Төтенше қаржыландыру

G. Шетелдік ресми органдардың валюталық сақтық қорларын құрайтын міндеттемелер

Жиыны: A+B+C+D+E+F+G

H. Сақтық қорлардың қорытынды өзгерісі

СДР шоты

ХВҚ-дағы сақтық қордың жайғасымы

Шетел валютасы

Басқа да талаптар

ХВҚ несиесі

Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда Төлем балансы. тепе-теңдікте болады, бірақ оның негізгі бөлімдері бойынша егер түсім басқа елдерге төлемдерден асып түссе, актив сальдо болуы немесе түсім төлемнен аз болса, пассив сальдо болуы мүмкін. Сальдо теңгестіруші баптардың есебінен өтеледі. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т.б.) байланысты. Өз кезегінде Төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экон. жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т.б.) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.

21 Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы – елдің резиденттері мен шетел арасындағы белгілі бір уақытта жүргізілетін экономикалық мәмілелер нәтижесін жүйелі түрде жазу.Төлем балансының макроэкономикалық мағынасы мынада: төлем балансы елдің шетелдік серіктестерімен халықаралық экономикалық қатынастарының жай – күйін көрсетеді және монетарлық, валюталық, фискалдық, сыртқы сауда саясатын таңдау мен мемлекеттік қарыздарды басқарудың индикаторы болып табылады.

Экономикалық мәміле – кез-келген құн айырбасы, яғни бір ел резиденттерінің 2-ел резидентіне тауарларға, түрлі активтерге деген меншік құқығын беріп, экономикалық қызмет көрсетуі. Кез-келген мәміленің 2 жақты болғандықтан төлем балансын екі жақты жазу принципімен жүзеге асырылады.

Төлем балансының негізгі баптары: дебет және кредит. Кредитте елден, кететін құндылықтар көрсетіледі, кеткен құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасымен төлем алады. Дебетте сырттан келген құндылықтар көрсетіледі, яғни алған құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасын жұмсайды (шығындайды ). Кредиттің жалпы сомасы дебеттің жалпы сомасына тең болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет