Х – ІМ = Хп = У – (С + І + G)
Абсорбция - отандық үй шаруашылығына, фирмаларға, үкіметке сатылатын ЖІӨ бөлігі. Егер импорт > экспорт бойынша, ағымдық операциялар бойынша баланс тапшылығы болады. Қаржыландыру көзі: шетелден қарыз алу немесе шетелге актив бөлігін сату. Бұл капитал қозғалысы есебінде көрсетеді. Бұл мәміле таза шетел активтерін азайтады.
Таза шетел активтері = осы ел резидентінің қолындағы шетел активтері – шетелдіктер қолындағы ұлттық активтер.
Макроэкономикалық түзету – экспорттық табысты арттыру немесе импорттық шығындарды азайту
Оң сальдо болған кезде, яғни импорт экспорттан кіші болады, ел шетелге несие береді немесе шетелдік активтерді қорландырады.
Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, қозғалмайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары.
Капитал қозғалысы балансы = активтерді сатудан түскен түсім - шетелден актив сатып алуға кеткен шығындар
Егер капитал қозғалысы сальдосы “+” болса, таза капитал келуі болды, “-” болса, таза капитал кетуі болады.
Түсім мен шығындар балансы болу үшін ағымдық операциялар есебі тапшылығы қаржылық есеп артықшылығына сәйкес келуі керек немесе, керісінше. Есептердің бұлайша өзгеруі Орталық Банктің валюталық интервенция және ресми валюта резервіне өзгеріс енгізгенге дейін болады.
Бірақ ОБ ресми валюта резервінен шетел валютасын сатып алып сата отырып валюта курсының еркін ауытқуының алдын алады. Валюта резервіне: алтын, шетел валютасы, елдің халықаралық валюта қорындағы үлесі, қарыз алудың арнайы құқығы кіреді.
Төлем балансының тапшылығы және ресми валюта резервін азайту арқылы қаржыландырылады. (Бұл “+” таңбамен кредитте жазылады)
Төлем балансының активті сальдосы және ресми валюта резервінің өсуімен сәйкес келеді. (Бұл “-” таңбамен дебетте жазылады)
22 Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанда дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияға деген қажеттілік, инфроқұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, АҚШ «таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |