Эритроциттердің негізгі сипаттамалық қасиеті- агрегаттардың түзілуі.
Ірі қан тамырларда қанның ағысы үшін тұтқырлық:
Қалыпты жағдайда -
анемия және жұқпалы
аурулар кезінде =
Полицитемия мен жүйке
жүйесінің ауруларында =
Плазманың тұтқырлығы:
Судың тұтқырлығы = 0,01 Пуаз (1 Пуаз = 0,1 Па • с).
Қан тамырлар жүйесінің негізгі қызметі
- Капиллярдағы қан мен ұлпалар арасында зат алмасу процесін қамтамасыз ететін қанның үздіксіз қозғалысы.
- Артериолалар – капиллярдағы қанның ағысының гемодинамикалық көрсеткіштерін реттеп отырады, олар қан тамырлар жүйесінің «жапқышы».
- Сондықтан қолқа мен артерия дененің әр бөлігіне қанды жеткізетін өткізгіш ролін атқарады.
- Қолқа (вена) тамыры бойынша қан жүрекке құйылады.
Франк моделі. Пульстік толқын
- Систола кезінде (жүректің жиырылуы) қан сол қарыншадан аортаға және одан әрі ірі артерияларға шығарылады.
- Қарынша диастоласы кезінде (жүректің босаңсуы) аортаның қақпашалары жабылып, жүректен ірі қан тамырларына қарай қанның ағысы тоқталады.
Франк моделі бойынша қан айналымның үлкен шеңберінде ірі қан тамырлары гидравликалық кедергілері аз және қабырғалары созылмалы бір жүйеге біріктірілген.
Қалған барлық ұсақ қан тамырлары – тұрақты гидравликалық кедергілері бар жай (қатты ) түтікке бірігеді.
Қарыншадан қанның шығарылуы аорта қабырғаларының созылуымен және оның қабырғаларындағы кернеудің артуымен жүргізіледі.
Артерия мен артериол тармақтарының соңғы аумақтарына, яғни пульстік ағын біртіндеп үздіксіз ағынға айналғанға дейін үрдіс төмендей отырып жалғасады.
Осылайша тамырлар бойымен пульстік толқын деп аталатын толқын таралады
Пульстік толқын – жүректің бір соғу фазасында аорта мен артерия тамырлары бойымен жоғары қысымда таралған қан толқындары. Пульстік толқынның таралу жылдамдығы қанның және тамырдың қасиетіне тәуелді.
мұндағы Е – тамыр қабырғасы материалының серпімділігі, яғни Юнг модулі , h – қалыңдығы, r- радиусы, – қанның тығыздығы
- Пульстік толқынның таралу жылдамдығы (6... 12 м/с) қан ағысы жылдамдығынан (0,3…0,5 м/с) 20—40 есеге үлкен.
- Пульстік толқынға ұқсас (қысым тербелісі), қан тамырлармен дыбыс толқындары 1500 м/с жылдамдықпен таралады .
Қан айналым жүйесінің негізгі фазалары
1-ші фаза – аорта қақпашаларының ашылып, жабылғанға дейінгі кезеңінде жүректен қанның аортаға ағу фазасы.
Жүректен шыққан қанның ірі қан тамырларына түсуі олардың қабырғасын созылғыштық қасиетіне қарай кеңейтеді де, қанның бір бөлігі ірі тамырларда жинақталады, қалған бөлігі ұсақ тамырларға өтеді.
Қан айналым жүйесінің негізгі фазалары
2-ші фаза – қолқаның қақпашаларының жабылып, қанның ірі тамырлардан ұсақ тамырларға өтуі.
Осы фаза уақытында ірі қан тамырлар қабырғасы серпімділігінің нәтижесінде бастапқы күйіне қайта оралып, қанды микротүтіктерге ығыстырып шығарады. Осы уақытта сол жүрекшеден сол қарыншаға қан құйылады.
Қан ағысының режимдері
Сұйықтың ағысы ламинарлы және турбулентті болып бөлінеді.
- Сұйық қабаттарының бір-бірімен араласпай бірқалыпты ағуын ламинарлы ағыс деп атаймыз.
- Ағыс жылдамдықтарының артуымен ламинарлы ағыс турбуленттікке айналады.
- Сұйық қабаттарының бір-бірімен араласып, құйынды түрде ағуы турбулентті қозғалыс деп атаймыз
Сұйықтар ағысы Rе Рейнольдс санымен сипатталады.
Дөңгелек түтіктегі сұйықтар ағысы үшін:
Мұндағы – көлденең қимадағы ағыс жылдамдығы, d – түтіктің диаметрі.
, онда сұйықтың ағысы ламинарлы.
Егер Rе > Rе кp болса, онда ағыс турбулентті. Рейнольдс санының критикалық шамасы 2300-ге тең
Қанның турбулентті қозғалысы:
- оның қарыншадан аортаға шығарылуында (доплер- кардиография);
- тамырлар тармақтарында, артерияда, қан ағысының жылдамдығы артқанда (бұлшық етпен жұмыс істеуде) байқалады.
- тамырлардың жергілікті (локальды) тарылу аумағында, мысалы тромба түзілгенде пайда болады.
Турбулентті ағыс аортаның басында және ірі тамырлардың тармақтарында болуы мүмкін.
Ағзада қан тұтқырлығы азаятын болса, онда Рейнольдс саны барлық тамырларда артады.
Қанның турбулентті ағысы кезінде пайда болатын дыбыстарды - ауруды диагностикалау үшін қолданады.
Жүрек қақпашалары жарақаттанғанда қанның турбулентті қозғалысы болатын жүрек шулары т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |