1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет11/55
Дата23.02.2022
өлшемі225,45 Kb.
#132995
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
новый дәріс опн

Символдық интеракционизм
Символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді көбінесе жеке адамның өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік рөлдері тұрғысынан зерделейді.
«Мен» тұжырымдамасы
Чарльз Хортон Коули символдық интеракционизмді өзін-өзі бағалауды дамыту тұрғысынан сипаттады. Өзін-өзі бағалау-әрбір адамның өзін-өзі жеке тұлға ретінде тануы және қоғамдағы алатын орнына байланысты кім екендігін топшылауы. Коули бізді басқалар қалай деп қабылдаса біз де өзімізге солай қарауды үйреніп, өзімізді бағалауымызды дамытуды ұсынды. Коулиннің көрсетуінше, «мен» тұжырымдамасын қалыптастыруды 3 қадамнан тұрады:
1) Сізді өзгелердің қалаай қабылдайтынын елестетіңіз
2) Тұдғаңызға қарап, басқалардың сіз туралы қандай ой түйетінін елестетіңіз.
3) Сіз бұл пайымдауларады саралап, қабылдайсыз не қабылдамайсыз.
Мысалы, дәріс кезінде студенттер ұйықтап отырса, оқытушы студенттер мені нашар оқытушы деп санайды деген қорытындыға келуі мүмкін.Ол өзінің оқыту қабілетіне қатысты өзгелердің көзқарасын қабылдап, басқа жұмыс іздеуге ұйғаруы ғажап емес. Алайда, ол әріптестерінің өз оқыту әдістемесін мақатаған кезін немесе басқа студенттерінің дәрісті қалай бағалағанын есіне түсірсе болады. Сөйтіп, ол осы семестрде келген студенттердің оқытушы білімін бағалау деңгейі жеткіліксіз деген қорытынды жасай алады.
Сонымен біздің өзімізідң туралы тұжырымдамамыз айналамыздағы адамдарының көзқарастарының механикалық көрісі ғана емес, керісінше өзегелердің пікіріне қатысты біздің пайымдауларымыз бен жауабымызға негізделген.
Символдық интеракционизм теориясы субьективті пайымдауды «мен» тұжырымдамасының өте маңызды факторы ретінде қарастырады. Адамдардың басқаларымен өзара әрекетке түсуі, өзгелердің пікірі туралы субьективті пайымдауларына негізделген. В.И Томастың классикалық тұжырымында символдық интеракционизмның осы алғышарты анық көрінеді: «Адамдар жағдайды нақты деп анықтаса оның салдары да нақты болады»Осылайша, басқалардың ой-пікірлерін дәл көрсете ме әлде жоқ па субьективті пайымдаудан нақты нәтиже шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет