Сабақтың мақсаты:Студенттерге теңсіздіктің шығуының негізгі теорияларын , түрлі стратификациялық жүйелерге талдау жасау арқылы түсіндіру, алынған білімдер бойынша біліктері мен дағдыларын бекіту. Қазіргі қоғамның жүйесі мен құрылымын сипаттауға, қазіргі қоғамдағы бөлінудің стратификациялық ерекшеліктерін анықтау. Қоғамдағы тапқа бөлінудің тарихи маңызын айқындау.
Әлеуметтік стратификация.Әрбір әлеуметтік рөл немесе мәртебе бір-бірімен құқықтар мен міндеттер арқылы байланысқан, яғни қоғам біреуінің құқығы артық, екіншісінікі кем, немесе біреуінің міндеті аз, ал екіншісінікі көп болып келетін пирамида түрінде орналасады. Міне осы пирамида - қоғам әлеуметтік стратификация арқылы түсіндіріледі және осындағы қатынастар әлеуметтік стратификация жолымен іске асырылады.
Сратификация- кез-келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамдарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын айқындайтынқағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Теңсіздік екі жағдайда:
-теңсіздік әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтік нормаларға сүйеніп, институттандырылса;
-теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен гөрі топ мүшелігіне негізделсе (мысалы, үйдің үлкендері немесе «көк жағалы жұмысшал»-деп) стратификацияға айналады.
Теңсіздікті талқылау барысында назар аударылатын шектеулі ресурстар әдетте үш бөлікке бөлінеді: бедел, билік және байлық. Бедел де мәртебе сияқты, яғни ол бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет білдіру.
Билік- басқалардың қалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Егер бедел, билік немесе байлық теңсіздігі әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтік нормаларға сүйеніп, топтық мүшелікке негізделген болса-трафикация бар деген сөз.
Әр адамның туа біткен табиғи және қол жеткізген мәртебелері болады. Мүмкін, қазір сіз мектеп түлегі және колледж студенті деген мәртебеге иесіз. Сонымен бірге жоғары оқу орны түлегі мәртебесіне қол жеткізуді армандайсыз. Егер ата-анаңыз жоғарғы білімді болса, сіздің сауатты отбасынан шыққан деген аскриптивті мәртебеңіз болады. Ол мәртебе білім алған немесе алмағаныңызға қарамастан беріледі. Басқалардың сізге деген қарым-қатынасы сол екі-аскриптивті және қол жеткізген мәртебеге байланысты. Әрбір қоғам шектеулі ресурстарды кейбір белгіленген, кейбір қол жеткізген мәртебелерге қарай үлестіреді, бірақ олардың арасындағы тепе-теңдіктен айырмашылық басым. Шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғарғы аскриптивті мәртебеге негізделегн страфикацияның құрылы касталық жүйелер деп аталады; қол жеткізген статусқа негізделеген құрылым таптық жүйелер деп аталады.
Страфикация-әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы
Бедел-бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет білдіру, мәртебе деп те аталады.