1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Билік- басқалардың қалауына қарамастан оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Касталық жүйелер-



бет15/55
Дата23.02.2022
өлшемі225,45 Kb.
#132995
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
новый дәріс опн

Билік- басқалардың қалауына қарамастан оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру.
Касталық жүйелер- шектеулі ресурстарды аскриптивті мәртебеге сәйкес үйлестіреді.
Таптық жүйелер- шектеулі ресурстарды қол жеткізген мәртебеге сәйкес үйлестіреді.
Касталық жүйелер- Касталық жүйелерде адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты. Егер сіз ер адам болсаңыз, онда әкеңіздің кәсібін менгеру талап етіледі. Егер әйел адам болсаңыз, аныңыздың жолымен үй шаруасымен айналысуы керек, әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады. Ал адам жалқау ма, ақымақ па не еңбекқор және білімді ме-бұл маңызды емес. Сонымен қатар касталық жүйеде әлеуметтік жағдайы өзіңіздің жағдайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша, балаңызға сіхдің және жұбайыңыздың мәртебесі болады.
Үндістан-касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі. Барлық үнділер бедел, билік және байлықпен ерекшеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға бөлінеді. Касталық жүйелер Үндістанның кейбір мұсылман және христиан қауымдарында да кезедеседі.
Кастадығы мүшелік тұрақты, яғни атадан балға беріліп, өзгермей өмір бойы сақталады. Үндістан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, 1950 жылы, касталық жүйені ресми түрде заңсыз деп жариялады. Содан бері елдегі 200 млн далиттердің, яғни, «сот жоқ кастаның» мәртебесі арта түсті. Алайда әлі күнге дейін кемсітуден, аса кедейліктен тіпті кейде оларға қарсы жасалатын этностық зорлық-зомбылықтан зардап шегуде.
Таптық жүйелер-Таптық жүйелерде ресуртардың тең бөлінбеуіне басты себеп болатын- қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндіітерін айқындайтын басты фактор- кәсіби мамандану, бірақ ол туа қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктерге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына байланысты.
Касталық және таптық жүйелердің арасындағы негізгі айырмашылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігінде. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі-әлеуметтік ұтқырлық, яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен құлдырау бағытында болады. Мұндай ұтқырлық ұрпақтар арасында кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың білімі болмаса, сіз бәрібір әлеуметтік ұтқырлықпен жоғарылай аласыз. Адамның әлеуміттік таптағы орны ауыспалы болуы ықтимал. Мсыалы, орташа жастағы инженер жұмысынан «қысқартылып» бір дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса-әлеуміттік ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшыраған.
Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы,, жынысы, ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкіндіктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына әсер етеді. Дегенмен бұл факторлардың касталық қоғаммен салыстырғанда таптық қоғамда ықпал әлдеқайда аз. Қазірргі заманда таптық жүйелер басым, сондықтан бұл бөлімді сол жөнінде жалғастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет