1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Әлеуметтік таптың нақты өлшемдері



бет18/55
Дата23.02.2022
өлшемі225,45 Kb.
#132995
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
новый дәріс опн

Әлеуметтік таптың нақты өлшемдері
Маркс және Вебер таптық жүйелерге түсінік беретін тұжырымдамалар қалдырды. Алайда қазіргі заманғы зерттеушілер таптарға жіктеудің тек теориялық анықтамаларын ғана емес, тапты анықтайтын практикалық әдістерді керек қылып отыр. Зерттеушілердің көпшілігі қазір Маркстың теориясындағы тапқа емес, әлеуметтік тапқа баса назар аударды. Әлеуметтік тап- жік, мәртебе және билік белгілері ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар санаты. Жоғарғы тап немесе қарапайым жұмысшы табы тақырыбын көтерсек, әлеуметтік тап жөнінде сөз қозғағанымыз болып шығады.
Әлеуметтік таптағы орынды тікелей анықтаудың ең қарапайым әдісі- адамдардың өздерінен қай әлеуметтік тап мүшесімен деп санайтынын сұрау.
Әлеуметтік таптардың жіктеудің тағы бір жолы- бірқатар өлшемдерге сүйеніп, мысалы, білім деңгейі, мамандқтың мәртебесі, табыс көлемі немесе басқа да әлеуметтік-экономикалық мәртебеге сияқты құрамдас сипаттар арқылы анқытау. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе адамдардың таптық орнын өзі белгілеу арқылы өлшенбейді. Керісінше, адамдардың мектеп бітірген жылы, отбасылық табысы немесе беделді жұмыспен қамтылуы сияқты өлшемдерін белгілеу арқылы, халықтың жағдайынаберіледі. Бір тапты басқа таптан айыратын абсолюттік шектеу жоқ. Сондықтан әрбір зерттеуші немесе мемлекеттік орган жеке шешім қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет