2. Атқарушы билікті үкімет және оған бағынышты органдар жүзеге асырады. Ол заңдарды орындауды жүзеге асырады және өз тарапынан нормативтік актілер шығарады және парламентке өз ұсынысын білдіре алады. Саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған атқарушы билік қоғамдық өмірде зор роль атқарады. Ол заңға негізделеді және заң ауқымында ғана қызмет етеді.
3. Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент немесе президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Ол мемлекеттік ұйымдардың жеке құрылымын білдіретін мекемелерден де тұрады. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол басқа билік бұтақтарына тәуелсіз.
Билік бұтақтарының қалыптасу тәртібі, олардың арақатынасы, құзыреттері және қызметтері әрбір демократиялық елдерде конституциямен анықталады. Конституциялық бекітулер мен оны тәжірибеде жүзеге асыру, сондай-ақ, билік бұтақтарының өкілеттіктері мен құзыреттерін шектеу түрлі елдерде өзіндік ерекшеліктерге ие. Бірақ, барлық демократиялық елдердің тәжірибелері көрсеткендей, аталған принцип мемлекеттік биліктің тұтастығы үшін оның үші бұтақтарға бөлінгенін және олардың өкілеттіктері мен қызметтерінің айқын ажыратылуы қажет.