Когеренттілікті уақыттық және кеңістіктік деп екіге aйырады. Уақыттық когеренттілік ұғымын интерференциялық бейненің
контрастылығымен байланыстыруға болады. Бақылаған екі толқын интерференциясы нәтижесінде бір нүктеде амплитуданы бӛлу әдісімен алған кӛлденең шоқтар қиылысады. Толқынның уақыттық когеренттілігі уақыт аралығында бір сәуленің екінші сәулеге қатысты кешігуі кезінде ӛзара когеренттілігінің сақталуын сипаттайды. Уақыттық когеренттіліктің ӛлшемі ретінде τ
с-
когеренттілік уақыт алынады. Ол ӛзара когеренттілік сақталғанда бір сәуленің екінші сәулеге қатысты кешігу уақыты болып табылады. Уақыттық когеренттілік монохроматтың дәрежесімен анықталады.
Кеңістіктік когеренттілік ӛлшемін когеренттік диаметр атқарады. Ол шеңбердің ең үлкен диаметрі, толқынның ойша қиылған кӛлденең қимасы. Осы шеңбер ішінен әр түрлі нүктелерден кез келген екі шоқ таралады және олар ӛзара когерентті болып қалады. Егер толқындық беттен толқындық бетті бӛлу әдісімен ӛзара когеренттік диаметрінен үлкен ара қашықтықта орналасқан екі шоқты бӛлсек, онда олар жол айырымы тіпті нольге тең болғанның ӛзінде де интерференцияланбайды. Жылулық жарық кӛзі үшін толқынның кеңістіктік уақыттағы когеренттілік диаметрін келесі қатынаспен бағалауға болады.
DС≈0,32λ/
Мұндағы
- бұрыш (берілген қимадан кӛрінетін жарық кӛзінің бұрыштық радиусы),
- жарық сүзгішімен бӛлінген толқын ұзындығы.
Ұзартылған жарық кӛзін нүктелік кӛздердің үлкен санына ойша бӛлуге болады.
Мұндай қарапайым жарық кӛзі әрине когерентті болмайды.
Бӛлек қарапайым жарық кӛздері интенсивтіліктерінің қосындысы интерференциялық бейнеде пайда болған интенсивтілікке тең болады. Ұзартылған жарық кӛзінің кез келген элементтерінен пайда болған интерференциялық бейне ӛзара ығысады, соның нәтижесінде интерференциялық жолақтар жайылып кӛрінеді. Оларды тек қана нақты геометриялық тәжірибеде бақылауға болады.
Егер тӛмендегі (3) шарт орындалса интерференциялық бейне монохроматты жарық жағдайында (толқын ұзындығы λ) анық болып кӛрінеді:
-