Жасыл ӛсімдіктердің анорганикалық заттардан күн сәулесінің тікелей әсері арқылы
органикалық заттар түзу процесі фотосинтез деп аталады. Қарапайым реакция ретінде оны
былай жазады:
6СО
2
+ 6 Н
2
О – С
6
Н
12
О
6
+ 60
2
- 2830 кДж
Пайда болған глюкоза (С
6
Н
12
О
6
) одан ары күрделі кӛмірсуларына айналады. Ӛсімдік
топырақтан азотты қабылдағаннан кейін белоктар және басқа да күрделі заттар
синтезделеді. Фотосинтез кезінде бӛлініп шыққан оттегін барлық тірі организмдер демалу
үшін пайдаланады.
Тірі организмдердің тыныс алуы кезінде (бұл да жану процесі) органикалық
қосылыстар қарапайым минералдық заттарға айналады, кӛмірқышкыл газы бӛлінеді.
Тыныс алу — фотосинтезге кері процесс:
С
6
Н
12
О
6
+ 60
2
-------- 6СО
2
+ 6 Н
2
О + 2830 кДж
Жасыл ӛсімдіктер фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттар түзіп содан
ӛздері қоректенеді, сӛйтіп жер бетінде органикалық қосылыстардың қорын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: