Протопласт
құрамына жататындар: цитоплазма, ядро, пластидтер, митохондриялар,
диктиосомдар, рибосомдар, лизосом, Гольджи аппараты т.б.
Протопласт
. Протопласт дегеніміз — ӛсімдік клеткаларында тіршілік
процестерінің (зат алмасу, қимыл, тітіркену, кӛбею, тұқым қуалауы т.б.) туғызатын негізгі
бӛлімі. Протопластқа жататындар: протоплазма, ядро, пластидтер, хондриосома —
митохондрий, рибосом, лизосом, Гольджи аппараты т.б. Клетканың бұл бӛліктері
органелла немесе органоидтар делінеді.
Протоплазма
– клетканың белгілі химиялық құрамы бар, әр қилы консистенцияда
(қоймалжың, қатыңқы) болатын, меншікті салмағы 1,025-1,050 келетін тірі заты.
Протоплазманы зерттеу ісі кӛпке дейін қиындыққа соғып келді, себебі клетканың
ішкі құрылысын зерттеуге керекті ғылми техникалық мүмкіндіктер болмады. Тек
техниканың кейінгі жетістіктерінің арқасында ғана клетканың ішкі құрылысын жете
зерттеуге мүмкіндік туды.
Протоплазма қабаттары.
Микроскопты қолданудың арқасында, кӛптеген
ғалымдар клеткадағы протоплазманың физикалық қасиетін, жатқан жерін, ӛз ара
құрылысын зерттей келіп, оның үш қабаттан (плазмолемма, тонопласт және мезопласт)
тұратынын ашты.
Клетка қабықшасының ішкі бетін астарлап, оған ӛңезденіп жұғып жатқан
протоплазманың қоймалжың және мӛлдір келген кабаты плазмолемма делінеді. Бұл қабат
протоплазманың басқа қабаттарына қарағанда тығыз келеді; сонымен қатар оның
серпінділік, жартылай ӛткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше
қасиеттері болады. Плазмолемма серпінділігінің арқасында, ортаның әсеріне байланысты
кейде созылып, кейде жиырылып тұрады.
Сондықтан плазмолемма қабатында болатын кӛптеген протоплазмалық
жіпшелердің – плазмодесмалардың диаметрі де кейде кең, кейде тар болып ӛзгеріп
тұрады. Осының нәтижесінде протоплазманың бұл қабатының сырт жағындағы ерітінді
молекулалары ішкі жағына ӛтіп, сол арада бӛртеді де кері ӛте алмайды. Сӛйтіп, мұның
жартылай ӛткізгіш қасиеті пайда болады. Плазмолеммада ешбір органелла болмайды.
Клеткадағы вакуоляның айналасын қоршап жатқан протоплазманың қабаты т о н о
п л a c т делінеді. Мұның қасиеттері де плазмолемманікі тәрізді болады.
Плазмолемма мен тонопластың аралығындағы
органелланың барлық түрі бірдей кездесетін
протоплазманың негізгі қалың қабаты мезоплазма
делінеді. Негізінен алғанда, мезоплазма күрделі зат;
мұның
құрамында
жоғары
молекулалы
нематикалық және смектикалық структуралы
қосындылар кездеседі. Мезоплазма нематикалық
структурада болғанда протоплазма элементтері бір-
бірінен әр қилы аралықтарда ретсіз орналасады да,
ал смектикалық структура кезінде протоплазма
элементтері бір-бірімен қатарласа (параллельді)
белгілі
бір
ретпен
топтанып
жатады.
Мезоплазманың
мұндай
структурасы
протоплазманың серпінділік және шұбатылып
созылу қабілеттілігін арттырады.
Соңғы кездердегі зерттеулерге қарағанда,
протоплазманың
(цитоплазманың)
екі
түрлі
бӛліктерден құралатыны анықталды. Олардың бірі
– гиалоплазма, бұл протоплазманың негізгі заты, ал
екіншісі – эндоплазмалық тор, бұл гиалоплазма
ішінде болатын екі қабат мембрана жүйесі; мұны
кейде эндоплазманың ретикульмі деп те атайды.
Мембраналардың арасында протоплазманың актив
заттарын құрайтын компоненттері болады.
1-сурет. Клетка құрылысы:
/ — жас клетка; // — ересек клетка; 1 — алғашқы
қабық-ша; 2 —- алғашқы вакуоля; 3— соқғы
қабықша; 4—орта-лық вакуоля; 5 — протоплазма; 6
— ядро; 7 — ядро қабықшасы; 8 — хроматин; 9 —
ядрошық; 10— хондромосома; II — сферосома; 12
— Гольджи аппараты; 13 — пропластид; 14 —
пропластидтер-ден пайда болған хлоропласт; 15 —
протоплазма шұбырындысы; 16 — пора.
Сӛйтіп, соңғы 15-20 жыл ішінде электрондық микроскоптар арқылы протоплазма
«қаңқасы» анықталып отыр. Бұған қарағанда, протоплазманың ӛзі жаппай жатқан біркелкі
масса емес, кӛптеген мембраналар жиынтығы. Бұндай кӛптеген эндоплазмалық тор
арқылы протоплазма мен ядро ӛне бойы үздіксіз байланыста болады да ядродағы зат –
протоплазмаға, ал протоплазмадағылары ядроға қарай ӛтіп отырады.
Сӛйтіп, соңғы 15-20 жыл ішінде электрондық микроскоптар арқылы протоплазма
«қаңқасы» анықталып отыр. Бұған қарағанда, протоплазманың ӛзі жаппай жатқан біркелкі
масса емес, кӛптеген мембраналар жиынтығы. Бұндай кӛптеген эндоплазмалық тор
арқылы протоплазма мен ядро ӛне бойы үздіксіз байланыста болады да ядродағы зат –
протоплазмаға, ал протоплазмадағылары ядроға қарай ӛтіп отырады.
2-сурет. Тірі клетканың құрылысы:
1 — клетканық алғашқы кабықшасы; 2 — аралық тақта; 3 — плазмодесма; 4 —
эндоплазма-лық режикулюм; 5 — Гольджи аппараты; 6 — ядро; 7 — мито-хондрий; 8
— май тамшысы; 9 — вакуоля; 10— крахмал дэні; 11— хлоропласт, 12 — пропластид.
Ядро
- цитоплазма сиякты эукариотты жасушаньщ негізгі органелласы. Белгілі
пішінге ие болған ядро кӛк-жасыл балдырлар мен бактерияларда ғана жок, оларда ядро
заты -нуклеопротеидтер жасуша ішінде шашырап орналасады.
Ядро – барлық жануар клеткаларындағыдай ӛсімдік клеткаларында да міндетті түрде
болатын клетканың негізгі тірі бӛлімінің бірі.
Дүние жүзінде ӛсімдік түрлері жарты миллионнан асады. Осындай алуан түрлі
ӛсімдіктер дүниесінің клеткаларының құрылысы жалпы алғанда ұқсас болғанымен, ӛз ара
азды-кӛпті айырмашылықтары болады.
Кӛп ӛсімдіктердің клеткаларында бір ғана ядро болады. Біраз тӛменгі сатыдағы
ӛсімдіктерде (бактериялар мен кӛк-жасыл балдырларда) күрделі ӛсімдіктердегідей ӛз
алдына түйірленіп жүрген ядро болмайды. Олардың клеткаларындағы нуклепротеид
сияқты ядро заттары протоплазма ішінде таралып жүреді. Ӛйткені ондай ӛсімдіктердің
клеткаларындағы ядросында, оның сыртын қаптап тұрған арнаулы кабықшасы болмайды.
Сондықтан әдетте қабықша ішінде жинақталып жататын ядро заттары протоплазмамен
араласып кетеді; мұндай ядроны диффузиялық ядро деп атаймыз.
Кейбір биологиялық еңбектерде «ядросыз организмдер» деген ұғым кездеседі.
Ядроның жалпы тірі организмдер тіршілігінде алатын орнына – маңызына – қарағанда,
ядросыз организм болмаған жерде ӛсімдікте зат алмасу, кӛбею және ӛсу-даму процестері
жүрмейді. Сондықтан «ядросыз организм» болады деген пікір шындыққа жатпайды. Ядро
болмаған күнде ядроның құрамындағы заттары болады. Бірнеше ядролары барлары да
кездеседі (мысалы, тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктерде).
Ядроның, кӛлемі мен пішіні. Ӛсімдік клеткаларының ядролары кӛлемі және пішіні
жағынан алғанда түрліше болады. Кӛбінесе олар домалақ және сопақтау келеді.
Ядролардың диаметрі орташа мӛлшермен алғанда, тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктерде 1µ
(мукор саңырауқұлағында) болса, ал жоғарғы сатыдағы, күрделі, ӛсімдік клеткаларында
10-20 µ-ға дейін барады. Сонымен қатар, кейбір ӛсімдік клеткаларының ядролары ӛте
ұзын және ірі болады, мысалы: хара дейтін теңіз балдырының клетка ядросының
ұзындығы 2750 µ,
кӛлденеңі – 5-10 µ; саговниктің аналық жыныс клеткаларындағы
ядросының диаметрі 600 µ-ға дейін барады, оны қарапайым кӛзбен кӛруге де болады.
Бұған қарағанда, ӛсімдіктер клеткаларында болатын ядролардың кӛлемі әр қилы
болатындығы кӛрінеді.
Ядро қандай формада, қандай пішінде болса да, оның сыртын протоплазма тектес
үлпек қаптап тұрады, оны ядро қабықшасы деп атайды. Ядро қабықшасы екі қабат болады
да, онда майда ӛзекшелер – каналшалары бар. Олар арқылы ядро мен протоплазма
арасында үздіксіз заттар алмасып отырады. Қабықшаның ішінде ядроның негізгі заты –
кариолимфа деп аталатын ядро шырыны мен хроматин жіпшелері және ядрошықтар
жатады.
Клеткадағы ядроны, оның ішіндегі бӛліктерін анықтап кӛру үшін, оны әдетте
арнаулы бояулармен бояйды. Бұл бояуларды негізгі бояу немесе ядро бояуы деп атайды.
Негізгі бояуға жататындар: гематоксилин, фуксин, метилен кӛгі т.б.
Ӛсімдік клеткалары бӛлінер кӛзден басқа уақытта ядро заты біркелкі, гомогенді
қалыпта болады. Міне, осы ядроның гомогенді заты жалпы алғанда протоплазма тәрізді
болғанымен, оның сапа жағынан (химиялық құрылысы жағынан) ӛзгешелігі бар.
Ядроның химиялық құрамы.
Ядроның химиялық құрамы және физика-химиялық
қасиеті, жалпы алғанда, протоплазманікімен ұқсас келеді. Дегенмен протоплазмаға
қарағанда оның құрамындағы белоктары – нуклепротеидтері – күрделі болады. Ӛйткені
нуклепротеидтер дегеніміз – нағыз белок (нуклеин) мен нуклеин қышқылының
қосындысы. Ядроның құрамында кездесетін нуклеин қышқылы екі түрлі болады, олардың
бірі рибозонуклеин қышқылы (РНК) деп аталады; бұл протоплазма мен ядрошықтың
құрамында кездеседі. Нуклеин қышқылының екіншісі – дезоксирибонуклеин қышқылы
(ДНК), бұл тек ядроның құрамында ғана болады, сондықтан да мұны кейде ядро
қышқылы немесе тимонуклеин деп те атайды. Соңғы жылдар ішінде ДНК ядрода кӛбінесе
нуклепротеид және дара қышқыл күйінде кездесе беретіндігі анықталды.
Ядроның ӛсімдік тіршілігінде қандай мәнінің барлығын байқау үшін XIX ғасырдың
аяқ кезінде орыс ботанигі И.И.Герaсимов эксперименттер жасай отырып, спирогира деп
аталатын балдырдан екі тірі клетканы бақылаған. Оның біріне екі ядро жібереді де,
екіншісін – ядросыз қалдырды. Бұлардың біріншісі – бір ядросы бар клеткадан да жақсы
ӛсіп, ал екіншісі – біраздан соң тіршілігін жойды. Ядро мен протоплазманың әрекетінің
нәтижесінде ғана клетканың қабықшасы және протоплазманың эндоплазмалық торы
пайда болады; ядро пластидтердің ӛсуіне және бӛлінуіне әсер етеді; ядроның организмдегі
белгілердің тұқым қуалауы жӛнінде аса зор маңызы бар; ӛйткені, организмнің туқым
қуалау қасиеттері ДНҚ-да болатын генге байланысты. Биология ғылымының тұқым
қуалау жӛніндегі саласын генетика ғылымы зерттейді. Ядро белок заттары мен нуклеин
қышқылдарының синтезделуіндегі орталығы болып табылатындығы, сондай-ақ белоктың
синтезделуі жӛнінде ДНҚ мен РНҚ-ның аса маңыздылығы жӛнінде соңғы оншақты жыл
ішінде анықталды; ядрода аденозинтрифосфат (АТФ) деп аталатын зат синтезделіп
шығады. Бұл – организмдегі болатын тіршілік процестерінің қайсысына болса да энергия
ретінде жұмсалатын зат. Ядрода болатын ядрошықтың клетка тіршілігіндегі мәні әлі күнге
толығынан анықталып біткен жоқ, дегенмен оның ӛзіндегі РНҚ-ның кӛп болуына
қарағанда белоктың және РНҚ-ның синтезделуінде зор мәні бар.
|