Пигменттер.
Клетка шырынының құрамында кездесетін түрлі бояу затын пигмент
деп атайды.
Пигменттің түсі кӛбінесе қызыл, кӛк, күрең, сары, күлгін т.т. болып келеді. Олардан
кӛбірек кездесетін түрлері — антоциан; антохлор, антофеин. Осылардың ішіндегі кӛп
ӛсімдіктің клетка шырынында басымырақ кездесетіні — антоциан. Бұл —
фенол тәрізді
— азотсыз зат, суда жақсы ериді; сонымен қатар гидролизденген кезде бұдан глюкоза
және антоцианидин дейтін заттар пайда болады, Антоцианның түсі кӛбінше қызыл, кейде
кӛк, немесе күлгін болып келеді; бұлай болу себебі — клетка шырынындағы антоцианның
концентрациясына, оның реакциясына (еріткіш заттардың сілтілік немесе қышқылдық
қасиетіне) байланысты. Егерде концентрациясы тым қою болса антоцианның түсі қара-
қошқыл болып кӛрінеді (мысалы, кейбір шегіргүлдің сорттары). Антоциан кӛптеген
ӛсімдіктердің (жауқазынның, бұршақтың, шерменгүлдің, қызғалдақтың., сорттың т.б.) гүл
күлтесінде, кейбіреулерінің (қызыл жапырақты шамшаттың қызыл қапустаның және т. б.)
жапырақтарында, кейбіреулерінің (шиенің, жүзімнің, қызамықтың) жемістерінде,
кейбір
ӛсімдіктердің. (қызылшаның) тамырында кӛбірек кездеседі.
Ӛсімдіктің клетка шырынында жиірек кездесетін пигменттердің бірі —
антохлор
. Бұл
сары түсті болады; мысалы, шытыр гүлінің сары түсті болуы осыған байланысты.
Антохлор кейбір ӛсімдіктердің (лимон, апельсин, мандарин) жемісінде, кайсыбір
ӛсімдіктердің (георгина, резеда) жапырағы мен сабағының клетка шырындарында азын-
аулақ болады. Клетка шырынының құрамында болатын пигменттердің сирек кездесетіні
—
антофеин
. Антофеиннің түсі
қоңырқай, қара-күрең болады; бұл кӛбінесе кейбір
шӛптесін ӛсімдіктердің (бұршақтың) гүл күлтесінде және кейбір орхидтықтарға жататын
ӛсімдіктердің гүлсерігі клеткаларының шырынында кӛздеседі.
Достарыңызбен бөлісу: