100 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу мен азайту қай сыныпта енгізілетінін анықта.
а)2 сыныпта б)1 сыныпта в)3 сыныпта г)4 сыныпта
д)бастауыш сыныпта оқытылмайды.
Асхат 50л сүт әкелді. Оның ертеңгі тамаққа 27л, ал түскі тамаққа 6л жұмсалды. Қалған сүтті анықта.
а)38л б)50л в)17л г)77л д)71л
Бауыржан 50теңге тұратын қалам және одан 230теңгеге қымбат тұратын кітап сатып алды. Барлығына жұмсаған ақшасын анықта.
а)500тг б)410тг в)280тг г)330тг д)360тг
30 теңгеге бірдей 3 қалам сатып алынды.Осындай 7 қалам қанша тұратынын анықта.
а)80тг б)50тг в)60тг г)70тг д)90тг
Қойға 6 шелек су, ал сиырға одан 2 шелек су артық берілді. Сиырға неше шелек су берілді? Есептің түрін анықта.
а)санды бірнеше бірлікке кеміту. б)көбейту. в)қатынастық салыстыру.
г)санды бірнеше есе кеміту. Жанама формасы. д)санды бірнеше бірлікке арттыру. Тура формасы.
Екі машина бірдей жылдамдықпен жүріп І-сі 8 сағат, ІІ-сі 3 сағат жолда болды. ІІ-ші машина І-ші машинаға қарағанда 320км кем жол жүрді. Әр машина қанша км жол жүрген? Есептің түрін анықта.
а)құрама есеп. б)санды бірнеше бірлікке арттыру в)пропорционал бөлуге берілген есеп. г)4-ші пропорционал д)екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есеп
Мотоциклші 2 сағатта 120км жол жүрсе, ол 8 сағатта қанша км жол жүретінін анықта.
а)800км б)960км в)900км г)860км д)930км
Тігінші 35м матадан 7 көйлек тікті. 75м матадан осындай неше көйлек тігуге болатынын анықта.
а)15 б)20 в)25 г)30 д)10
Достарыңызбен бөлісу: |