Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен ӛзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста кӛпұлтты
жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама -
қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы;
проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы
арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің
капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.
Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада ӛз мүддесі мен қажеттіліктерін іске
асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі.
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың ӛткізілуі мен елдің сыртқы
экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді
жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында
дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше
ретінде мемлекеттік ӛкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия ӛкілдерімен әр түрлі
дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.
Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер: үнемі информация алмасуды
іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және
кӛпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-
әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне кӛмектесу; толық
немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда
қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен
байланысты, ӛмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық
мемлекеттердің, адамзаттың ӛмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті
дамуына қатер тӛндіреді; ӛз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш
салуын талап етеді.