1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


Үшінші кезеңде 2001-2006жж



Pdf көрінісі
бет30/31
Дата24.10.2023
өлшемі374,55 Kb.
#187850
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Саясаттану дәріс тезистері 2

Үшінші кезеңде 2001-2006жж,
әлеуметтік - экономикалық жағынан ілгері басып
мемлекеттілік 
қалыптасып, 
Қазақстан 
регионалды 
жетекші 
ел 
қатарына 
қосылды.Кӛпұлтты және кӛпконфессилы Қазақстан қоғамында демократиялық дәстүрлер 
нығайтылды. Осы жылдары мемлекеттік басқару мен міндеттерге шек қою, жергілікті 
органдар ӛкілеттілігін кеңейту шаралары қолға алынды. Тәжірибе ретінде кәсіби 
парламент комитеттерінің отырысында Парламентке Үкімет мүшелерінің
кандидатурасын талқылау ұсынылды. Президент бастамасымен әкімдер халық алдында 
есеп беретін болды. Сайлау заңдылықтары мен тәжірибесі жетілдірілді. Атқарушы 
биліктің міндеттері айқын да анық жүргізіліп, сапалы мемлекеттік қызмет кӛрсету 
бағытындағы терең әкімшілік реформа басталды. Сот статусы мен сот жүйесін 
жетілдіру, саяси партиялар, БАҚ, мемлекеттік басқару ӛкілеттіліктерін және сайлау 
заңдылығын дамыту туралы қайта қаралып талқыланды. Бұның барлығы саяси
реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы негізінде жасалды. Бұл ҚР – сы Президенті 
пікірі бойынша, Қазақстан демократиясы тарихында ең негізгі кезеңнің бірі болып 
саналады.
2007 жылы мамырда Президент «Қазақстан Республикасы Конституциясына
ӛзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламентке ұсынды. 
Парламент біріккен екі палата отырысында заң жобасын бекітті. Бұл заң жобасы елде 
басталған либералдық реформалардың заңдық негізін салып, қоғамдық және мемлекеттік 
мүдденің жаңа балансын енгізуге шақырып, Қазақстанның жаңа даму этапында 
мемлекеттік құрлыста тоқтату мен қарсы әсер етудің жаңа жүйесін қалыптастырыды. 
Барлық ӛзгертулер мен толықтыруларды бірнеше бағыттармен топтастыруға 
болады. 


Бірінші, билік ӛкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін қайта бӛлу және 
Парламенттің ролін кӛтеру.
Тәжірибе жүзінде республика моделі президенттіктен 
президенттік – парламенттікке ауысып, президент ӛкілеттілігінің мерзімі 7 жылдан 5 
жылға қысқартылды. Мәжіліс депутаттарын сайлау пропорционалды сайлау жүйесі 
бойынша ӛткізіледі. Бұл елдің саяси жүйесінде саяси партияның ролін күшейтеді. Мәжіліс 
құрамы 107 депутаттан тұрады, оның 9 – ы Қазақстан халықтар Ассамблеясынан. 
Үкіметтің қызметін тиімді қадағалауда парламенттің ӛкілеттілігін күшейту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет