1 -такырып. Мемлекеттік басқарудың саласында қҰжат жүргізудің нормативтік базасы


Іс қағаздарын жүргізуге жауапты тұлғаның міндеттері



бет4/7
Дата13.05.2022
өлшемі31,44 Kb.
#142931
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 такырып. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ

1.3.Іс қағаздарын жүргізуге жауапты тұлғаның міндеттері
Іс қағаздарын жүргізу – мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттар мен іс қағаздарын жасау және солармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, атап айтқанда құжаттардың жүру барысына, іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі.
іс қағаздарының міндеттері:
- іс құжаттарын стандарттардың талаптарына сәйкес ресімдеу;
- құжаттардың жүру барысына жағдай жасау (құжаттарды тіркеуді ұйымдастыру, құжаттардың жүру барысын және орындалуын мерзімдерін бақылау);
- орындалған құжаттарды іздестіруге жағдай жасау (іс қағаздарының номенклатурасына сәйкес құжаттарды істерге қалыптастыру);
- құжаттарды сақтауға жағдай туғызу.
«Іс қағаздарын жүргізу» термині стандартталған, яғни бұл ұғымды айқындайтын бірден-бір термин. «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» стандартта анықтамалық мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады.
Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеу барысында Қазақстанның СТ 1042-2001 «Ұйымдық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»5 атты тағы бір стандарт талаптарын
Іс қағаздарын жүргізу қызметін ұйымдастырудың жекелеген элементтері өзге де құжаттарға – қандай да бір мемлекеттік билік органы регламенттеріне де ендірілуі (іс-тәжірибеде мұндай да кездесіп тұрады) мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет