1 -такырып. Мемлекеттік басқарудың саласында қҰжат жүргізудің нормативтік базасы


Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдарын оқытып,таныстыру



бет6/7
Дата13.05.2022
өлшемі31,44 Kb.
#142931
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 такырып. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ

1. 4..Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдарын оқытып,таныстыру
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына және 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген нормативтік құжаттар төменде көрсетілген мәселелер бойынша осы Бағдарламаның негізгі мақсаты мен басты міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды" деп белгіленген. Сондай-ақ, 93-бабында "Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті" деп көрсетілген. Конституцияның бұл ережелері осы Бағдарламаның әзірленуіне және іске асырылуына басты негіз болып табылады.
Бағдарламаның "Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту" атты бірінші және "Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту" атты үшінші бағыттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының "Тілдік жаңғыру" деген 6.7 және "Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу бастамасы" 6.8-тармақтарында көрсетілген міндеттер негіз болып табылады. Стратегиялық даму жоспарының осы міндеттерінде шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша үштілділікті енгізу жалғасады. Бағдарлама шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жүзеге асырылады. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.
Сондай-ақ, Бағдарламаның барлық бағыттары, әсіресе қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жолымен қазақ тілін жаңғырту жөніндегі міндеттерді қамтитын бірінші бағыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында берілген мынадай тапсырмасын орындауды көздейді: "Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық".
Бағдарламада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. Мемлекет басшысы нақты шаралар негізінде еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау және қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты Бағдарламада Қазақстан аумағындағы терең тарихи, мәдени және психологиялық базасы бар мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде толыққанды қолданылуы қажетті шаралар көзделген.
Сондай-ақ Бағдарлама этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға, оның ішінде ел азаматтарының лингвистикалық капиталын ұлғайтуға қолайлы жағдай жасауға негіз болып табылады.
Бағдарлама тілдің ағымдағы ахуалы, сондай-ақ тіл, тіл құрылысы және тіл саясаты мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымдастығының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде алдыңғы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелері мұқият талданды, мемлекеттік тіл саясатын құқықтық реттеу саласындағы 20-дан астам шет елдердің тәжірибесі зерделенді.
Бағдарламада көзделген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет