1 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 10 а қгб №1 бжб молекулалық биология және биохимия тарауына жиынтық бағалау



Дата22.11.2022
өлшемі41,5 Kb.
#159258
түріҚұрамы
Байланысты:
10 сынып ҚгБ 1 тоқсан БЖБ


1 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
10 А ҚГБ №1 БЖБ


Молекулалық биология және биохимия тарауына жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары
10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
10.4.1.2 Көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
10.4.1.4 Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау
10.4.1.5 Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
10.4.1.9 Чаргафф ережелері негізінде ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау
Бағалау критерийіБілім алушы

  • Жердегі тіршілік үшін судың маңызын түсіндіреді

  • Көмірсулардың құрылымын, құрамын және қызметтерін сипаттайды

  • Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды

  • Нәруыздарды құрылымы, құрамы және атқаратын қызметтері бойынша жіктейді

  • ДНҚ репликациясы үдерісін түсіндіреді

Ойлау дағдыларыныңбілу және түсіну, қолдану,жоғары деңгей
деңгейідағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Дұрыс жауабын таңдаңыз
Транспирация дегеніміз не?
А)Өсімдіктің суды сіңіруі В)Өсімдіктің суды буландыруы
C) Өсімдік бойымен судың қозғалуы Д)Өсімдіктің суды шығаруы

2.Сәйкестігін табыңыз Моносахарид және дисахаридті анықтаңыз



1.Дисахаридтер

А.фруктоза

В.сахароза

С.лактоза

2.Моносахарид

Д.мальтоза

Е.глюкоза

G.рибоза

1............................,2.................................




3.Қаныққан майларды табыңыз
А.Стеарин В.Олеин С.линол Е.линолен қышқылы
4. Нәруыздардың атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
Дұрыс жауабын орналастырыңыз.( Әр дұрыс екі жауап ұпай)



1

Жасуша мембранасының қалыптасуына,өзектер түзіп,басқа да қызметтер атқарады




2.

Жұмыртқа мен өсімдік тұқымында болатын нәруыз




3.

Жасуша пішінінің өзгеруіне,қозғалуына,жануарлар ұлпасында кездесетін нәруыз




4.

Қандағы липидтер,гормондар және басқа да заттарды жеткізуге қатысатын нәруыздар




5.

Ағзадағы биохимиялық реакцияларды жылдамдататын нәруыздар




6.

Биологиялық процестерді басқаруға қатысатын нәруыз.















Кілт сөздер:А.реттеуші нәруыздар, Ә.нәруыз-ферменттер Б.құрылымды нәруыздар В.жиырылғыш нәруыздар, С. Қоректік нәруыздар Д.тасымалдаушы-нәруыздар

4. Төменде ДНҚ фрагментінің (үзіндісінің) бір тізбегіндегі нуклеотидтер қатары көрсетілген. ДНҚ фрагментінің екінші тізбегін құрыңыздар:


5’ TAGACАTGATGATAATACCGACGACGA3’ _________________________________________


5. ДНҚ мен РНҚ – ға ортақ тұжырым болып табылады:





  1. Қос шиыршықты оралым

  2. Қантты фосфот тізбегі

  3. Рибоза

  4. Тимин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет