1. 1 5В050400-журналистика мамандығы бойынша республикалық студенттік пән олимпиадасы (ары қарай – рпо) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «2017 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында пән олимпиадасын өткізу



Дата01.04.2018
өлшемі86,19 Kb.
#39978
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Журналистика кафедрасы

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В050400-журналистика мамандығы бойынша өткізілетін республикалық пән олимпиадасының
ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды 2018

5В050400-журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пән олимпиадасы Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналады
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 5В050400-журналистика мамандығы бойынша республикалық студенттік пән олимпиадасы (ары қарай – РПО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «2017 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында пән олимпиадасын өткізу кестесіне» сәйкес өткізіледі.

1.2Пән олимпиадасының жұмыс тілі: қазақша

1.3 Республикалық пән олимпиадасының мақсаты – болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студент жастарды қолдау. Сонымен қатар республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін командалар құрамын іріктеу.

1.4Республикалық пән олимпиадасының міндеттері:

- студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандыру;

- студенттердің жеке кәсіби әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін ашу, мүмкіндіктерін толық пайдалануы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау;

- студенттердің азаматтық ұстанымын орнықтыру;

- ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

- білім беру жүйесін жетілдіруге деген кәсіби белсенділік қатынасын қалыптастыру.


ІІ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1 Республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады.

2.2 Бірінші кезең 5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша мамандар даярлайтын ЖОО-ның 2-4 курс студенттері арасында ұйымдастырылады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарында өткен университетішілік олимпиаданың жеңімпаздары қатысады. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрады. Команданы жетекшісі бастап келеді.

2.3 Екінші кезең Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ) базасында ұйымдастырылады. Республикалық пән олимпиадасына 5В050400-журналистика мамандығының 2-4 курсында оқитын студенттер қатысады.

2.4 Аталған Ереже республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңін өткізу мен олимпиада жеңімпаздарын анықтау тәртібін көрсетеді.

2.5 Республикалық пән олимпиадасын өткізу үшін ректор өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.6 Ұйымдастыру комитеті – Республикалық пән олимпиадасын өткізу туралы Ережені дайындайды.

2.6.1 Республикалық пән олимпиадасының өткізу уақытын белгілеп, өткізу жөніндегі ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-ларға хабарлайды.

2.6.2 Республикалық пән олимпиадасын өткізуге бір ай қалғанға дейінгі уақытта ЖОО командалары қатысушыларын тіркейді.

2.6.3 Республикалық пән олимпиадасын өткізудің техникалық және ұйымдастыру жағын қамтамасыз етеді.

2.6.4 Республикалық пән олимпиадасының қазылар алқасын жасақтайды.

2.6.5 Республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттауды ұйымдастырады.
ІІІ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ
3.1. І-КЕЗЕҢ. «Қазақ журналистикасының тарихы», «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі», «Жаңа медиа және интернет журналистика», «Телерадиожурналистика» бойынша тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарының жалпы саны – 100.
3.2. ІІ КЕЗЕҢ ҮШ ТУРДАН ТҰРАДЫ

Бірінші тур. Таныстыру

Таныстыру кезеңінде әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы болуы міндетті. Берілген уақытта әр команда «Теледидар және дәуір» атты тақырыпта журналистік шеберліктерін көрсететін бейнесюжет (видео), слайд-шоу, бейнеролик дайындап әкелуіне болады. Таныстыру уақыты 5 минут.



Екінші тур. Эссе

Олимпиадаға қатысушы әрбір студент аудитория ішінде ұсынылған бірнеше тақырыптан бір тақырып таңдап алады. Эссе тарихи тұлғалар, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктері, жастардың қоғамдағы рөлі т.б. тақырыптарды қамтиды.



Үшінші тур. «Жедел ақпарат»

Ақпарат даярлау үшін қатысушы командаларға ұсынылатын тақырыптар жеребе тастау арқылы анықталады. Команда қатысушылары жеребе арқылы таңдап алған тақырыпқа ақпарат дайындап, оны ақпарат агенттіктеріне, порталдар мен сайттарға жариялауы тиіс.

«Жедел ақпарат» тақырыптарының мазмұны олимпиада бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар негіз болуы мүмкін. Сондықтар, қатысушылар олимпиада барысында өтетін барлық іс-шараларға қатысып, одан фото, бейнематериалдар жинақтауы тиіс. Бұл материалдарды командалар жедел ақпаратты тарату барысында қолданатын болады.


IV. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
4.1 Республикалық пән олимпиадасының тапсырмалары төмендегі қағидалар бойынша бағаланады.

Бірінші кезеңге берілетін уақыт – 120 минут. Тест бекітілген аудиторияда өтеді. Әр пән бойынша – 25 сұрақ. Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған. Сайыс қорытындысы, яғни әрбір студенттің тест тапсырмаларынан жинаған балы тест соңында комиссия мүшелерінің тексерісуімен анықталады.



4.2 Екінші кезеңнің 1-туры – командаларды таныстыру сайысы 10 баллдық жүйемен бағаланады. Таныстыру барысында студенттердің сөз саптауы, команда атауы мен эмблемасының үйлесімділігі, тың идеялары және регламентті сақтауы басты назарға алынады.

4.3Екінші кезеңнің 2-туры – эссе жазу. Эсседе студенттің берілген тақырыпты аша алуы, өзіндік ой-пікірі, көзқарасы болуы, ойын жеткізе алуы, цитаталарды пайдалануы, жүйеліліктің, стильдің сақталуы, мәтіннің сауаттылығы т.б. мәселелер назарға алынады. Эссені бағалау төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

- сауаттылығы – 10 балл;

- тақырыптың ашылуы – 10 балл;

- жазу шеберлігі, тілі мен стилі – 10 балл;

Барлығы – 30 балл.

4.3 Үшінші кезеңнің 3-туры – «Жедел ақпаратқа» берілетін уақыт 20 минут. Ақпарат 12 жолдан кем болмауы тиіс және ақпараттық жанрға қойылатын басты талаптар ескерілуі керек. Сайыс қорытындысы командалардың ақпарат тарату жылдамдығы мен жазу шеберлігіне, ақпарат тарату ауқымына, яғни ақпарат агенттіктері, сайттар мен порталдар санына қарай 10 балдық жүйемен бағаланады.

Ескерту: Бұл турға қажетті ноутбук және интернет желісіне қосылатын модем, фотоаппарат және т.б. құралдар қатысушы командалардың өздерінде болуы тиіс.

4.4 Республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздары командалық есепте анықталады.

4.5Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары болып командалық есепте жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алғандар саналады. Жеңімпаз ретінде республикалық олимпиаданың екі кезеңінде ең көп ұпай жинаған команда есептеледі. Жеңімпаз командалар ҚР Білім және ғылым министрінің және Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының дипломдарымен марапатталады.

4.6 Республикалық пән олимпиадасында төмендегідей жүлделі орындар белгіленеді:


  • бірінші орын - 1;

  • екінші орын - 2;

  • үшінші орын - 3.

Сонымен бірге олимпиада барысында ерекше шығармашылығымен көзге түскен талантты студенттер әр кезең бойынша «Озық ойлы журналист», «Қаламы жүйрік журналист»,«Өткір тілді журналист»және т.б. номинациялармен,бағалы сыйлықтармен марапатталады.

V. ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ
5.1Пән олимпиадасының жеңімпазы болып табылған команда І-дәрежелі диплом және кубокпен, ІІ, ІІІ-орынды иеленген командалар ІІ, ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталады.

5.2Өзге қатысушыларға Республикалық пән олимпиадасына қатысқандығы туралы сертификат табысталады.

VІ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен ұйымдастыру шығындары ҚарМУ қоры және демеушілердің көмек қаржысы есебінен жүзеге асырылады.Олимпиадаға қатысушылардың жолақысы, тамақтану және тұрақтанатын орны қатысушылардың өз қаржысы есебінен төленеді.

VІІ.РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ
7.1Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен жеңімпаздарын анықтау мен марапаттау 2018 жылдың 29-30 наурызында болады. Пән олимпиадасының нәтижесі ҚарМУ сайтында (www.ksu.kz) және басқа да БАҚ-та жарияланады.

7.2 Республикалық пән олимпиадасы 100083, Қарағанды қ., Мұқанов көшесі 1, Журналистика кафедрасы базасында өтеді.

Тел. 8(721) 277-04-32;

Моб. 8 701 327 09 12; Мейрам Кеңесұлы Жұмабеков

e-mail: merik.75@mail.ru

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЫНА НЫСАНДЫ ТОЛТЫРЫП 2018 ЖЫЛҒЫ

1 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН merik.75@mail.ru ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІНЕ ЖІБЕРУ ҚАЖЕТ
5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша республикалық пән олимпиадасына қатысатындығы туралы

ӨТІНІМ



Қатысушының аты-жөні (толық)




Шифры, мамандығы, курсы




ЖОО (толық атауы)




Мекенжайы




Байланыс телефондары/факс




Қонақүйден орын брондау (иә/жоқ)




Келуі (күні, уақыты, көлік түрі)




Қайтуы (күні, уақыты, көлік түрі)




Команда жетекшісінің аты-жөні, қызметі, байланыс телефон(дар)ы




e-mail (міндетті)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет