1. 2 Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде



бет5/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,6 Mb.
#36400
1   2   3   4   5   6   7   8

Диаграмма 1.
Арттерапия әдістерін оқыту процесінде қолданудың ерекшеліктері және жүргізілетін сабақтар тақырыбы:
Біз өзін-өзі тану курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай арт-терапия элементтері бар психодиагностикалық жаттығулардан тұратын бағдарлама жасадық. Бұл курс 19 арттерапия әдістерін және түзетуші-дамытушы тренингтер қатарын қамтиды. Әр тақырыпқа бірнеше арт-терапиялық жаттығулар қарастырылған. Оның құрамына суреттермен, коллажбен, ертегілермен, тренинг ойындарымен жұмыс жасау кіреді. (қосымша А қараңыз).

Жұмыстың мақсаты: Жағымсыз психологиялық қысымнан арылту; Өзіндік “Меніне” және өзін-өзі бағалауда оң көзқарасын қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • өзекті мәселелерге мән беру;

  • эмоцияналдық қысымды төмендету;

  • агрессия, негативизм, демонстарция түрінде көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізу;

  • әлеуметтік барьер, теріс әсерлі бағдар, үрейді коррекциялау;

  • өзінің маңыздылық сезімін дамыту;

  • өзара әрекетке түсудің тиімді жақтарын қалыптастыру (өзара келісе алушылық, жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өзге адамдардың жетістігін бағалай білу, өз беделін бағдарлай алу);

  • белсенділіктің тиімді жақтарын қолдау (творчестволық тапсырманы шешуде ынта-ықылас таныту, өзінің негативті реакцияларын ұстай білу және т.б.);

  • адамның негізгі эмоцияларымен танысу;

  • өзіндік әрекеттерін бақылай білу қабілеттілігін дамыту;

  • қиялды дамыту.

Сабақтың жүргізілу орны: қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған топқа жайлы бөлме;

Кездесу жиілігі:аптасына бір рет.

Эксперимент жүргізу барысында қолданылған арттерапия элементтері мен тренингтерге және жалпы жұмыс барысына

сипаттама беру
1-сабақ. “Көңіл-күйді саламыз”

1. Танысу. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – адам ешқандай сөзді пайдаланбай-ақ, тек қана сурет арқылы өзін топқа таныстыру. Немесе шеңбер жасай отырып танысу ритуалын бастау. Мұнда әртүрлі ойын элементтерін пайдалануға болады.

2. “Күн сәулесі” атты графикалық тапсырма. Мұнда жүргізуші арттерапияға қатысушы студенттерге бағыт-бағдар, нұсқау бере отырып, атмосфераға ендіреді. Оларға өздеріңмен өздерің бола отырып, өздеріңді күнмін деп санаңдар дейді. Егерде сендердің көңіл-күйлерің қуанышты болса сәулелер қуанышты, ал көңілсіз болсаңдар – көңілсіз сәулелер шашырайды. Енді көңілсіз, таңқалушы, қуанышты, ашулы сәулелері шашырап тұрған күн саламыз.

Бұл тапсырма қатысушыларды кейінгі шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды, белгісіздіктің әсерінен болатын психологиялық қысымнан арылтады. Содан кейін жүргізуші әрбір автордың туындысына комментарий береді.



3.”Көңіл-күй түстері” атты диагностикалық тапсырма.

Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз.



2. “Қамығу” сабағы.

1. Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері, “қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін талқылайық.

2. Графикалық тапсырма.

Студенттерге қамығып тұрған бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Олар салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтеді және оған тиісті сұрақтар пайдаланылады. Бұл олардың жағымсыз сезімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.



3. “Бөлме кеңістігіне бейімделу” тапсырмасы.

Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады. Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі.



4. Диагностикалық тапсырма.

“Шеңбер ішіндегі сурет”. Бұл тапсырмада қатысушыларға жабырқау тақырыбындағы мандала салу ұсынылады. Бұл сурет арттерапия сабағының соңына дейін сақталынып қойылады. Өйткені соңғы сабақта еркін тақырыпта қайтадан мандала салынып бірінші мандаламен салыстырылады. Қатысушылар өздеріне ұнаған мандаланы таңдап алады.



5. “Жетістікке жетуге жағдай жасау” тапсырмасы.

Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді. Нәтижелі картина шыққанша қайталайды.

Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады.
Арттерапия әдістері

Танысу”



  • Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.

  • Суретте өз қызығушылықтарыңызды, құндылықтарыңызды, отбасыңызды, айналысатын іс-әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.

  • Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.

Автопортрет



  • Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.

  • Автопортрет – 2 минутта.

  • Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді қабылдағанын салыңыз.

  • Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің бейнелеңіз.

Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді.

Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз қалауынша пайдаланады. Содан соң олар рольдерін ауыстырады.

Ал топ болып осы жұмысты жасағанда бірінші топ бастап, екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші топ талқылайды.


Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді (абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне қандай сезім екені белгілейді. Содан соң суреттер араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация жүргізіледі. Суреттер кезекпен алынады. Жүргізілген интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен салыстырылады.
Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.

  • Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.

  • Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.

  • Өткен өміріңізде жоғалтқандарыңызды және болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.

  • Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше маңызды адамдарды суреттеңіз.

Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.



  • Жеті параққа мына жеті сөздің суретін салып шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер, мәңгілік өмір.

  • Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға көпірдің суретін, ал қалған суреттерді қалауыңыз бойынша қойып шығыңыз.

Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында кездесетін сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.



  • Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан соң, олардың арасында әңгіме құрамыз.

Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.



  • Сіздің қатынастарыңызды көрсететін заттар мен адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.

  • Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің өміріңіздің рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін көрсететін символдарды суреттеңіз.

Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:



  • Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).

  • Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік кезең, қарттық кезең).

  • Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.

Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.


Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз. Оның фонын да салуға болады.

  • Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің атыңыздан айтып беріңіз.

  • Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін зат түрінде бейнелеңіз.

  • Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп, суреттеңіз.

  • Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп, көрсетіп отырыңыз.

Балауызбен бейнелеу”. Шамды пайдаланып, қағаз бетіне қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп болады.


Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп жатқаны туралы жазып қоюға болады.
Жануарлар” фрескасы. Әрбір қатысушы жеке параққа бір жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан барлық қырқылған фигуралар бір форматқа жабыстырылады.
Иллюстрация”. Келесі тақырыптың біреуіне сурет немесе коллаж жасау керек.

  • Табиғат (ен дала, таулар, жануарлар және өсімдіктер әлемі).

  • Ауа райы (нөсер, дауыл, түн, жазғы күн т.б.).

  • Ертегі және ғажайып кейіпкерлер (клоун, жалмауыз кемпір, сиқыршы, елес және т.б.).

  • Діни түсініктер мен оқиғалар (жақсылық пен жамандық, пейіш пен тозақ, әлемді жаратушы және т.б.).

  • Түстер мен қиялдар.

Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен жекелік қасиеттерін қосып отырады.


Сараң телефон”. Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның салған суретін бірінші суретпен салыстырады.

Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:

  1. Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады, да монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және тренингтің өту барысын қиындатады.

  2. Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту эффектісін береді.

  3. Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешеім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.

  4. Интеллектілі және эмоциялы сфералар гармонизациясы принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқылау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы қолданылатын топтық дискуссия.

  5. Дамытуды оңтайландыру принципі, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің квалификацияланған констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.

  6. Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруінетабиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезіндепайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.ъ

  7. Топтың тұрақты құрамы принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізуші тренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіншілікке ие. Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен / 10-12 адам / жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.

  8. Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымдыэффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды “елітуге”, олрдың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.

  9. Бөлектену принципі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдармен кейінірек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.

  10. Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.

Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:

  1. Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі.

  2. Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.

  3. Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.

  4. Ашықтық пен адалдық.

  5. “Тоқта” ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда бір сұраққа жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның “Тоқта” деп айтуына және ойыннан шығуына болады.


Тренингтің мақсаты:


  • өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

  • ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

  • ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

  • қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

  • коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  • өзі жайында, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

  • көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұғымдық, рольдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Тренингті сипаттау


  1. Таныстық: Есім және ән. Тренинг мүшелері келесідей тұрғыда өздерін таныстырулары тиіс: әркім өзінің есімі, тегін атайды, содан соң өлең айтады. Ол өлең сол адамның мінезі мен көңіл-күйін толығырақ бейнелейтіндей болуы керек.




  1. Мақсаты: Тренингтің барлықмүшелері берілген тренингке қатысу мақсатын және одан не күтетінін дауыстап айтады. Тренинг соңында олармен тағы әңгімелесіп, мақсаты мен күтулерін салыстыруды, не нәрсеге қол жеткізгендерін сұрау керек.




  1. Жұмыс тәртібі: Тренинг мүшелері ми шабуылы әдісі көмегімен тренинг барысындағы топтағы жұмыс тәртібі мен ережелерінің нұсқаларын айтады, оны ватманға жазып отыру керек. Бұл топтағы жұмыс өнімді, жайлы болуы үшін жасалады.




  1. Энерджайзер: Тренингке қатысушыларды жұмысқа бағыттап ыңғайлау үшін, қозғалыс жаттығулары (разминка) жүргізіледі. Егер де топтағылар бір-бірін жақсы білсе, онда энерджайзер өткізбесе де болады. Немесе “Сыйлық” деген тренинг жүргізсе болады. Яғни, тренингке қатысушылар шеңбер бойына тұрады да, бір-біріне кезекпен кез-келген сыйлық сыйлайды, әрі бұны сөзсіз вербальды емес түрде, ым-ишарамен білдіреді, бірде-бір сөз айтпайды. Ал сыйлық алған адам не сыйлық алғанын көрсетуі тиіс. Себебі, кейбіреулер қандай сыйлық екенін түсінбей қалулары әбден мүмкін.




  1. Тренингті талқылау және нәтижелерді қорытындылау: Барлық қатысушылар шеңбер бойына тізіліп өз пікірлерін келесі тұрғыда айтып шығады:

  • жаңа не нәрсені білдіңіз;

  • жаңа материал қаншалықты меңгерілді;

  • қатысушылардың мақсаты мен күткендері ақталды ма;

  • тренингтен алған әсері;

  • алынған ақпаратты өмірде қолдануға болады ма.




  1. Тренинг мүшелерінің барлығына тілек және қоштасу: Барлық қатысушылар кезекпен бір-біріне бақыт, сәттілік, денсаулық тілейді, жағымды эмоциялармен қуаттандырады да шеңбер бойымен жүреді. Әрбір адамның қасына тоқтап, оның көзіне қарап тұрып, қолынан ұстап, өз тілектерін айтады. Осылайша қоштасса да болады.


Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтері
Ұсынылып отырған жаттығуларда адамдардың эмоциялық дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады. Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту.


Жаттығу – 1.
Тақырыбы: “Тазару” (5 минут).

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну.

Бұл күнделікті проблемамен жайсыздықтан құтылудың жақсы тәсілі. Жаттығуды сабақтың басында өткізген қолайлы. Топтың мүшелері жағымсыз жайларын айтып, уақытша оны ұмытады. Жұмысқа толығымен кірісулері үшін осы жаттығудан бастау маңызды.



Жаттығудың барысы:

1. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі 2 минут ішінде әріптесіне өзінің проблемалары, жайсыз жайлары, сонымен бірге ойлары, сезімдері және қуаныштары жайлы әңгімелейді.

2. Біреуі сөйлеп жатқанда, екіншісі сөзді бөлмейді және айтылғандарға өз сезімін білдірмейді. Екі минуттан соң жұптар рольдерін ауыстырады.

Жүргізушіге нұсқау: Осы кезде қолыңызға себет ұстап жүрген сияқты кейпіңізбен бөлме ішінде жүресіз. Әр жұптың жанына барасыз және барлық жайсыз жайларын себетке “Салуын” сұрайсыз. Мұны әркім ишараның және ымның көмегімен жүктің ауырлығын көрсете отырып істейді. Басқалары оны көрулері және бағалаулары керек. Егер жағымсыз жайдың жүгі тым ауыр болса, онда оны себетке салмай, бірден айту керек. Барлық жағымсыз жайлар себетке “түскен” соң, сабақ соңында қатысушылардың тағы да оны қайталауларын ұсынып көріңіз. Әрине, олар оны орындағысы келсе қайталасын.

Талқылау: Жағымсыз жайларды айту оңай тиді ме? Қиындығы неде болды? Қандай әсер алдың? Қазір өзіңді қалай сезінудесің?
Жаттығу - 2
Тақырыбы: “Өзіне хат ”.

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу. Бұл жаттығу адамға өзі үшін ең маңызды нәрсені жасауға, өзін сүюге, оған өзіне рұқсат беруге, өзінің махаббатын сезінуге көмектеседі.

Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші бәрінен бір парақ пен қалам алуларын сұрайды.

Нұсқау: “Қазір сіздер өздеріңізге хат жазасыздар. Сіз бұл хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адамдар не істейді? Хатқа жауап береді. Сондықтан қазір өздеріңіздің хаттарыңызға жауап жазатын 10 минут уақыттарыңыз бар. Өздеріңіз алған хатқа нақты жауап жазыңыздар.”

Талқылау: Хат жазу оңай тиді ме? Әлде жауап жазу оңай болды ма? Жазу кезінде не туралы ойладыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз?
Жаттығу – 3.
Тақырыбы: “Өзін-өзі бағалау” медитациясы.

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту.

Жаттығудың барысы: “Жүргізуші дауыстап оқиды. Өзінің жоғары бағалануына өзін сендіру үшін, қатысушылар ақырын дауыспен қайталап отырады”.

Мен ол мен. Бүкіл әлемде дәл мен секілді ешкім жоқ... Маған бір нәрсесімен ұқсас бар, бірақ дәл мен секілді, ешкім жоқ. Маған тиістінің бәрі менде бар: менің денем, оған қоса, оның жасайтындары; барлық ойым мен жоспарымды қоса алғандағы менің санам; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім; қандай болмасын, менің сезімдерім – үрей, қанағаттану, күш түсіру, махаббат, ызалану, қуаныш. Барлық сөздерді - әдепті, мейірімді немесе дөрекі, дұрыс немесе дұрыс емес сөздерді айта алатын менің аузым; қатты немесе ақырын болатын менің даусым; басқа адамдарға немесе өзіме деген қатынасым, яғни менің барлық әрекетім. Менің барлық қиялым, менің арманым, менің барлық үмітім мен менің қорқыныштарым маған тиісті. Менің барлық жеңістерім мен жетістіктерім, менің барлық жеңілістерім мен қателерім өзіме тиісті. Осының бәрі маған тән, себебі мен оны таңдадым. Бұл бар. Бұл өзіңді сүю мен өзіңе қызығуға негіз болуға жеткілікті.

Әрине, мені таң қалдыратын, менде бір нәрсе бар. Мен лайықты емес нәрселерден бас тарта аламын, өте қажет дегендерді сақтай аламын және менің өзім де жаңа бірдеңелерді аша аламын.

Мен көре, ести, ойлай, сезе, сөйлей және әрекер ете аламын, яғни менде өмір сүру үшін бәрі де бар. Басқа адамдармен жақын болатындай менде бәрі бар. Мен өз әрекеттеріме жауап беремін, сондықтан мен өзімді өзгерте аламын.



Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Нені көз алдыңызға елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезіп тұрсыздар?
Жаттығу – 4.
Тақырыбы: “Өмірлік мақсаттар” .

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, өзі туралы ойын дамыту.

Жаттығудың барысы:

  1. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Менің өмірлік мақсаттарым қандай?”.

  2. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Алдағы үш жылда мен қандай табысқа жеткім келеді?”

  3. 5 минутта жауап беріңіз: “Емделмейтін ауруыма байланысты маған алты ай ғана өмір сүру қалғанын естігенде, мен не істер едім және қалай істер едім?”.

  4. Барлық ертеректе жазылғандарды зейін қойып оқыңыз және сіздің мақсатыңыз үшін маңызды болатын ең басты үшеуін таңдап алыңыз.

  5. Осы мақсаттарға шынында да жетуге тырысасыз ба және ол қаншалықты сәтті (сәтсіз) болатынын бағалаңыз.

  6. Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы өз бетіңізбен салмақты түрде үнемі ойланасыз ба, соны бағалаңыз.

  7. Балалық шақта (4-6 жас) сіз қандай болдыңыз, әсіресе, балалық шақтың есте қалған эпизодтарын есіңізге түсіріңіз және суретін салыңыз.

  8. Осы кездегі сіздің өміріңіздің эпизодтарын, яғни қазір сіз қандайсыз, суретін салыңыз.

  9. Болашақта сізді не күтіп тұр, сіз қандай боласыз, суретін салыңыз.

  10. Сіздің өміріңізді, тағдырыңызды өзгерткен, өмірде болған жағдайларыңызға қатты әсер еткен жайларды еске түсіріңіз және онв суреттеп жазыңыз.

Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені сезінудесіз?
Топтағы қарым-қатынасты дамыту тренингтері

Жаттығу - 1.

Тақырыбы: “Танысу”.

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.

Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, (нұсқау), осындай қойылым қатысушылардын өз қасиеттеріне, жеке ерешеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икмділігін, тапқырлығын талап етеді.

Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
Жаттығу – 2.

Тақырыбы: “Біз қандаймыз?”.

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.

Жаттығудың барысы: Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына “Плюс”, оң жағына “Минус”белгісін қоямыз. “Плюс” жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез-келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. “Минус” белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші де өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.



Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай? Қазір көңіл-күйің қандай?
Эксперименталды зерттеу бөлімінің болжамын дәлелдеу мақсатында, жоғарыда көрсетілген арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші тренингтер кешенін топта жүргізгеннен кейін, ҰЕҰБЭ сауалнамасы қайта жүргізілді. Студенттердің сауалнамаға берген жауаптарын өңдей отырып келесі нәтижеге қол жеткіздік.

Кесте 3


 

 

Ұйымдасты- ру шылық

Еңбексүйгіш- тік

Ұжымшылдық

Білуге құштарлық

Эстетикалық талғам

1

Азамат А.

19

16

15

15

16

2

Айгерім И..

18

17

17

18

21

3

Айдын П.

18

18

19

22

22

4

Алия Қ.

16

16

17

14

17

5

Ақмарал А.

16

18

16

18

17

6

Ақмарал М.

18

22

17

20

18

7

Ахметжан Ә.

17

19

17

18

17

8

Бақытгүл Қ.

16

18

18

15

19

9

Гүлбану А.

15

19

15

17

19

10

Гүлдана А.

15

17

15

22

20

11

Гүлжамал У.

18

18

17

20

18

12

Ғабит Е.

18

20

18

21

20

13

Ділбар А.

16

17

15

16

18

14

Еркебұлан Б.

16

20

16

17

15

15

Жадыра Ж..

18

18

16

19

18

16

Жанар А.

14

15

14

13

17

17

Мақпал У.

17

17

18

17

19

18

Мөлдір А.

18

20

18

21

20

19

Нұрсұлу А.

16

16

17

18

17

20

Назипа Е.

16

16

17

19

20

21

Перизат А.

20

19

20

21

20



Орта мәні

17

20

16

21

18






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет