1. 2 Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде


Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары



бет2/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,6 Mb.
#36400
1   2   3   4   5   6   7   8

Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:


  • инновация туралы білімі;

  • инновацияны жан-жақты меңгеру;

  • инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;

  • инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;

  • инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:

- білім сапасының төмендігі;

- білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың

нәтижесінің болмауы;

- құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;

- білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

- білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.


Оқу-тәрбие процесінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің IY кезеңін бөліп көрсетуге болады:
І кезең; Жаңа идеяны іздеу

Ақпараттандыру және инновациялрды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.


ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.


ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу

Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.


ІY кезең: Жаңалықтарды бекіту

Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін баағалау.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізуді төмендегідей жолмен көрсетуге болады:


Білім беру



А

Ақпараттандыру

Ә

Насихаттау

Б

Игеру

Жұмысты жетілдіру, жаңалықтар іздестіру



Ақпарат жаңалықтарын меңгеру


Оқыту, игеру


Пайдалану



Инновацияларды таралу үрдісінің бір түрімен (А,Ә,Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.

А – инновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол ашылады;

Ә – олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;

Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі.
Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Елбасы Н.Назарбаевтың білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съездінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.


Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:


  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

  • жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадырлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:


  • әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.


1.2 Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде
Алғаш арттерапияны оқу, талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Принцхорнның, Германия, Австрия, Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына анализ жасауға негiзделген фундаментальды жұмыстарынан басталады (Prinzhorn, H.,1922). Кейiн келе Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы шықты, ол “Жан ауруына ұшырағандардың шығармашылықтары және оның ғылым мен техника дамуына тигiзер әсерi”- деп аталды. Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды.

Бейнелеу өнерiнiң көмегiмен терапия жүргізудің теоритикалық негiзi – Зигмунд Фрейдтiң психоаналитикалық көзқарасынан шығады, бiрақ Фрейдтің өзi арттерапияның психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығып, айналыспаған; Юнгтың аналитикалық психологиясынан, ол өзiнiң суреттерiн жеке және әмбебап символдардың идеясын нақтылауға қолданған. Сонымен қатар, Наумбургтың терапиялық көмек көрсетуде өзiн-өзi графикалық бейнелеудiң динамикалық теориясынан, оны АҚШ-та арттерапияның пионерi деп санайды. Кейiн келе арттерапияның дамуына гуманистiк бағыттағы психотерапевтердiң үлестерi де тидi.

Арттерапия” терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне творчество арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi./ 11 /.

Арттерапия өнерге негiзделген, бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi, формасы.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар психиатрлар мен психотерапевттердiң көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын анықтауға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арттерапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы арттерапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия, Голландия, Жапония және Ресейде құрылған. Онда арттерапевттер қазiргi уақыттағы психотерапияның процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда. Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциональды фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi көрiнiп отыр. “Арттерапия - бiздiң ғасырымыздың жемiсi”, – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған қорытынды./ 12 /.

Арттерапияны жүргізу барысында клиенттерге бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан әр түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, ойма, күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. Бұлар бiрiншi жағынан психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топта өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi нақты бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн творчестволық адам ретiнде бейнелейдi. Дәл қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, инсталяция, перформанс, компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуальды канал негiзгi роль атқарады.

Арттерапия фактiлi материалдардың жеткiлiктiлiгiне қарамастан, теориялық жағынан эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдiк қасиетi туралы жалпы қабылдаған теория әлi жоқ. Ол арттерапияға қатысты көпфакторлы қиындықтар мен оны салыстырмалы түрде ғылыми тұрғыда зерттеудiң аз уақыттылығына және алғышарттарына байланысты.

Кратохвил арттерапияны – сублимационды, проективтi және әрекетшiл деп бөледi.

Ал Дельфина – Бейли арттерапияны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi.


  1. Пассивтi (енжар) арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.

  2. Актив (белсендi) арттерапия. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту, мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып саналады.

  3. Бiрiншi және екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.

  4. Психотерапевттiң өзiндiк ролiн, оның пациентпен шығармашылық жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi./ 13 /.

Арттерапия әдiсi – адамның iшкi өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп отырады деп сенiмдi тұжырымдайды.

Әлемдiк әдебиеттерде арттерапияның емдiк әсерiне әртүрлi көзқарастар бар. Олар, креативтi, сублимативтi, проективтi және арттерапиямен босболмаушылық ретiнде (арттерапия как занятость).

Креативтi көрiнiс жағынан психикаға арттерапияның адаптациялық әсерiн шығармашылықпен байланыстырып, түсiнуге болады. Бiрiншi орында терапиялық әсерi бар адамның өнерге деген сенiмi қойылады және өзiндiк терапиялық әсердi иемденген латенттi творчестволық күштiң мобилизациясы. Бұл көрiнiстердiң теориялық негiзi – адамда алғаш кезден-ақ оның мiнез-құлқын анықтайтын рухани және альтруистiк қажеттiлiк болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде қарастырған гуманистiк бағыт болып саналады.

Арттерапияның мақсаты барлық адамды суретшi немесе мүсiншiге айналдыру емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн арттыру. Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне сай жеке творчестволық белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi.

Гольдштейннiң көзқарасы бойынша, творчество – адамның конфликтiлi жағдайларда туындаған қорқыныш сезiмдерiнен құтылудың бiрден-бiр жолы. Шығармашыл адамдар өз күш жiгерлерiн iшкi және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар конфликтiлердi жеңуге жүмсайды.

Маслоудың пiкiрiнше – адамның iс-әрекеттерiнiң қайнар көзi, денi сау адамдарға ғана тән өзiн-өзi бейнелеуге талпынушылық болып табылады. Неврозды адамдарда бұл қажеттiлiк бұзылады немесе мүлдем жойылады. Ал оны қалпына келтiрудiң бiрден-бiр жолы өнер болып табылады. өзiн - өзi актуализациялаудың жетекшi қабiлеттерiн айта келе, Маслоу, сұлулық пен экстазаны уайымдаудың ең жоғарғы сәтi болатынын көрсеттi. Психотерапевтiң мақсаты – адамдарға осы сәттi сезiнуге көмектесу, олардың пайда болуына жағдай жасау, сонымен қатар өзiндiк “Менiн” танытуға және шаршау, тұнжырауларынан босануға көмектесу. Адамның өзiндiк творчестволық қабiлеттерiн сыртқа шығармай ұстап қалуы, невроздың пайда болуына әкелiп соғады. Ал психотерапияның мәнi – одан босату болып табылады./ 14 /.

Жоғарыда айтылған көзқарастар бойынша шығармашылық тек әсер етушi процесс болып қаралмайды, олар оның эстетикалық жағын бөлiп көрсетедi. Өнердiң интегралдау ролiнiң қорытындысы творчестволық процесс неврозға әкелетiн қысымды төмендетедi және iшкi қайшылықтарды объективтендiретiнiнен көрiнедi.

Анастази, Фоли, Конова өнердiң интегративтi – креативтi мүмкiндiктерiн психологиялық бейберекеттiк дезинтеграцияға күрес жүргiзу мүмкiндiгi ретiнде қолданады.

Арттерапияның емдiк әсерiнiң басқа механизмi – сублимация және жауап берушiлiк болып табылады. Адамның инстинктi импульсi визуальды көркемөнер - образды бейнелеулерге ауысқанда, көркемөнер сублимациясы пайда болады. Бұл концепцияның өкiлдерiнiң пайымдауынша, шығармашылық сублимацияның бiр формасы ретiнде үғынуға, көрсетуге, шығармашылық арқылы айтып беруге және инстинктi импульстерi арқылы жауап беруге (сексуальды, агрессивтi) және эмоциялық жағдайын бейнелеуге (депрессия, уайым-қайғы, қорқыныш сезiмi, қанағаттанбаушылық, ашу-ыза, тұнжыраушылық, т.б.) көмек бередi. Әлеуметтiк ортадағы iс-әрекеттерде жоғарыда айтылған сезiмдердiң көрiнiп қалуы мүмкiн деген уайымдардың қауiптiлiгiн төмендетедi.

Творчество арқылы адамның өзiн – өзi максимальды түрде көрсетуi, әңгiме немесе хат жүзiндегi тексеруге қарағанда өзiн анық бейнелеуге және психотерапевтке өзiн санасыз түрде ашып беруге көп ықпалын тигiзедi.

Арттерапиямен бос болмаушылық (занятость арттерапией) творчествода сауықтырушы процесс ретiнде әсер етедi. Творчествоны қарапайым нұсқау түрiнде қарастырсақ, ол клиентті жанға батарлық уайым-қайғыларынан арылтады және алдандырады.

Арттерапиямен бос болмаушылықта топтық характерге маңызды мән берiледi. Мұнда клиенттер топтағы өз орнын бағалап, өзiнiң алатын ролiн мойындап, творчестволық қабiлетiн және өзiн айқын бейнелеудегi мiндеттiлiгiн түсiнедi. Сонымен қатар арттерапия - босболмаушылықтың эмоциональды әрi қызықты формасы болып табылады және ол клиенттердің бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне қосымша мүмкiндiк бередi. Бiрлесе жүргiзген творчестволық iс-әрекет клиентке өзге адамдардың жан – дүниесiн түсiне бiлуге көмектеседi, ал ол әлеуметке бейiмделушiлiктiң қиын жақтарын жеңiлдетедi./ 15 /.

Арттерапиямен кімдер айналысады?

Арттерапиямен психологиялық қиындықтарды (музыка, живопись, сурет салу, жабыстыру, театрлық драма) творчествоның көптеген түрлерімен жеңілдете, шеше білетін адамдар айналысады.



Арттерапевт қалай жұмыс жүргізеді?


  • Арттерапевт топпен болсын немесе жеке дара болсын жұмыс жүргізгенде өзін-өзі силау, өзін-өзі түсіну сезімдерінің даму деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай зиянсыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.

  • Білім-дағдылары мен танымдық процестерді дамыту мақсатында сабақтар, жаттығулар ұйымдастырады.

  • Өзіндік құндылықтарын сезіну үшін, қарым-қатынасқа түсіп әлеуметтендіру мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай жасайды.

  • Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу үшін, өзіне немесе өзге адамдарға деген қатынасын өзгерту мақсатында ішкі творчестволық қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.

  • Жеке творчестволық диапазонын кеңейтуге септігін тигізетін, өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі танып-білуге жағдай жасайды.


Арттерапевт зерттейді:

  • Эмоционалды хал-жағдайды.

  • Физикалық денсаулықты.

  • Әлеуметке бейімделушілікті.

  • Оқыту процесіндегі танымдық мүмкіндіктерді.

  • Бірлесе жүзеге асыратын творчестволық қабілеттілікті.

Көптеген зерттеушiлер арттерапияның эффекттивті әсеріне абайлап қарап, өте жоғары баға берудiң қажетi жоқ деп те санайды. Маджеска барлық творчество түрлерiмен емдеуге қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның пiкiрiнше ауру адам творчествомен айналысамын деп ол өз белсендiлiгiн жоғалтады. Куби да творчество арқылы ауруларға емдiк көмек беруге қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның айтуынша iрi танымал суретшiлердiң ең айтулы туындылары өте ауыр жолмен дүниеге келедi екен. Соның әсерiнен суретшiнiң жүйке жүйесiне ауыр әсер етiп, неврозға әкелуi мүмкiн. Сондықтан ол емдiк әсер бермейдi деп санайды. Федереннiң айтуы бойынша психоздарда арттерапия залал келтiредi.

Мұнда қарсы көрсетiлетiн жағдайлар клиенттердің белгiлi бiр уақыт бойы жұмыс столында отыра алмауы, клиенттердің өзгелерге кедергi көрсетуi. Психотерапевтке ең қиыны клиенттің әсер етушi объектiге өз зейiнiн аудара алмауы, яғни, клиентте психомоторлы және қозуында маникальдылығының көрiнуi. Қарсы көрсетiлетiн жағдайларға сананың бұзылысы мен клиенттің ұзақ уақыт бойына өз-өзiне кетiп қалуында көрiнетiн ауыр депрессиялық ренжулер де жатады.

Арттерапияның толық мәнiнде проективтi суреттер арттерапияға жатпайды, өйткенi мұнда эстетикалық нәтижеге қол жеткiзу мақсатталмаған.

Кратохвил проективтi арттерапияны клиенттердің хал-ахуалын толық көрсетуге жеңiлдiк көрсететiн қосымша әдіс деп түсiндiредi. Проективтi арттерапияның өтiлу барысында қарым-қатынас, сезiм демонстрациялары стимулдануы қажет және клиент сол сезiмдердi түсiнiп, оны өзінің басынан өткеруі қажет. Проективтi суретте психотерапевт клиентке проективтi характердегi сюжеттi ұсынады және содан кейiн суреттi талдап, интерпретация жүргiзедi. Арттерапия мен проективті суреттердің бір-бірімен байланысы мен өзгешеліктерінің салыстырмалы көрсетілімін 1-кестеден көре аласыздар.

Арттерапияны жүргiзу кең көлемдi, яғни ол “Белгiлi бiр мөлшерде” қолданылады. Оны индивидтiң жеке жасырын уайымдарына байланысты анықтап алады. өнер мен шығармашылықтың көп жоспарлы әсерi , оны жасы әртүрлi диагностикалық өлшемдерi кең көлемдi клиенттерге қолдануға мүмкiндiк бередi. Арттерапияға дайындар алдында клиенттің клиникалық көрiнiсi, уайым-қайғысы мен эмоциональдық сферасына қоса, оның ауырып отырған кездегi өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығы және көзқарасына, дайындығына, ақыл-ойына, сонымен қатар т.б. факторларға көңiл бөлу қажет.

Арттерапияны психомоторлы қозу мен агрессивтi тенденцияларды басу жолында қолданады: ол адамды алдандыру функциясымен босболмаушылық; контактiге түсудi жеңiлдету мен жасырын уайымдарын шығару; босаңсуға көмектеседі. Босаңсу творчестволық белсендiлiк кезiнде әртүрлi қысымдарды төмендетуге жүмсалған энергияны шығарғаннан кейiн көрiнедi.

Арттерапия мен проективті суреттердің салыстырмалы ерекшеліктері

Кесте 1


Салыстыру критерийлері

Проективті суреттер

Арттерапия

Мақсаты

Диагностикалық

Психотерапиялық

Диагностикалық

Коммуникативті


Диагностикалық құрал-жабдықтары

Суреттер

Суреттен кейін қойылатын сұрақтар тізімі



Суреттер

Шығармашылық туындылары

Вербальды қатынас

Вербальды емес қатынас



Тапсырма тақырыбы

Шектеулі

Тапсырманың тақырыбы мен мазмұны өтілетін тестке сәйкес келуі



Еркін

Арттерапия логикасына қатысты анықталады



Психологиялық механизмдер

Проекция

Проекция

Тасымал жасау



Нәтижені интерпритациялау

Стандартталған критерий-лерге сәйкес сандық және сапалық өңделуі

Қатаң түрде интерпретация жүргізу міндеттелмейді

Маманның қатысуы

Тест өту барысында маманның қатыспауы жіберіле береді

Арттерапевттің қатысуы міндетті

Кейбiр авторлар арттерапияны профилактикалық қажеттiлiк ретiнде, яғни өзiндiк эмоциональды дискомфортты әңгiмелеу үшiн қолданады. Клумбиес ұйқының бұзылуында еркiн сурет салумен айналысуға кеңес бередi, ал Порембески – Грау краскамен сурет салу және ойындарды психопрофилактикалық әдiс ретiнде қолданды. Мұндай ойындар стресстiк жағдайды азайтады және өзiндiк қабiлеттiктерiне күмәндануынан айырады, өзiнiң бағалы екенiн сезiндiредi.



Арттерапияны оқыту процесінде қолданудың мәні

Әртүрлi ұлт өкілдері мен әр жастағы адамдармен жұмыс жасау барысында, жеке адамның саналы әрi бейсаналы iс-әрекеттерiне творчествоның әмбебап түрдегi мiнезде әсер ететiнi анықталған.

Творчествоның формасы мен мiнездемесiнiң адамға әсерiн зерттеу жолы, өнердiң функциональды теориясы деп аталады. Болжам ретiнде шығармашылық функцияларының әлеуметтiлiгi, жалпы өнердiң байланыстылығын ашады. өнер функцияларының типологиясына жеке адамның жекелiк типологиясының сәйкестiлiгiн құруға болжам жасалады. Жалпы жекелiк қасиеттер өнердiң сәйкестiлiк көрiнiсiн анықтайтын, сурет шығармашылығына қарама-қарсылы функциональды полюс болып табылады.

Балалық шақта, әсiресе когнитивтi қабiлеттiң сензитивтi даму кезеңiнде, творчестволық процестер ересектiк кезеңдерге творчествоның әсерiнiң этаптарымен салыстырғанда жүзеге асуы кем болмайды.

Арттерапияның психотерапиялық сеансында адам қандай жаста болмасын, iшкi жан-дүниесiндегi жағдайларды проекциялайды және рольдiк ойындарда немесе творчестволық формада өзiнiң жеке өзiндiк тәжiрибесiнiң көрiнiсiн көрсетедi. Ол өз тәжiрибелерiн жүзеге асырып отыруға ауысады, сонымен қатар жасап шығарушы да бұзушы да өзi болатын ситуациялық проблемаларды, яғни өзiне еш зияны жоқ әрi қызықты iс-әрекеттердi елестетедi. Олардың қиялы аффектiнiң разрядты механизмi ретiнде көрiнiс бередi, соған сәйкес сезiмдерi қимыл-қозғалыстарынан көрiнiп отырады. “Жүйке жүйелiк энергияның разрядтарын көрсетуде шығармашылық өте күштi мүмкiндiктiң бiрi” (Л.С.Выготский, 1986).

Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны жүргізу барысында суреттiң берер көмегi өте зор. Суреттiң алдына қойған мақсаты –жеке тұлғаға өзiн тани бiлуiне көмектесу және бұл өмiрде өзiнiң бiр жеке тiршiлiк иесi екендiгiне көзiн жеткiзу. Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi әдiстерде, сонымен қатар әр жағдайдағы психотерапиялық коррекциялауда қолданады. Суреттiң өзiндiк актi –жеке тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның қорқыныш сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман – тiлектерiн санасыз бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады./ 16 /.



Суретпен терапия жүргiзу бiрнеше этаптардан түрады :

  1. Арттерапияға қатысушы клиенттің берiлген тапсырмаға деген қарым-қатынасы анықталады, оның терапияға деген қатынасының өзгеруiнiң анализiнен суретке деген мотивациясы көрiнедi.

  2. Жеке тұлғаның өзiн суретте сипаттап беру ұсынылады.

  3. Клиенттің кейiнгi өзiн-өзi толықтай ашып беруi, оның картинадағы әрбiр бөлiмiне сипаттама беруiне тiкелей байланысты болады.

  4. “Мен” деген сөздi қолдану арқылы, клиент картинаның атынан бастап, суреттiң шығу тарихын айтып беруi тапсырылады. Мысалы: “Мен – картина. Менде әртүрлi сызықтар бар. Олар менi қиып өтедi… ” .

  5. Терапевт суреттiң бiрнеше бөлiмдерiн бөлiп қарайды, себебi клиент соларға қарап олармен байланысуы керек. Мысалы: “Аппақ бұлт болып өзiңдi елестетшi және де өзiңдi сол ақ бұлт арқылы сипаттауға тырыс. Сен неге ұқсайсың? өзiңдi қазiр қалай сезiнiп тұрсың?”.

  6. Егер де қажет болып жатса, клиентке арнайы сұрақтар қойылады. Ол клиенттің ұқсастыру, теңестiру процесстерiне толығымен қосыла алуына көмек бередi.

  7. Клиентің зейiнiн фокустеу жолы келесi объектiлердiң белгiлi бiр жақтарын сызып көрсетумен жүзеге асады. Клиенттің қызығушылығының көрсетiлген жағдайларға жоғарылауы және мүлдем болмауы, психотерапевттiң сипатталған ситуацияларға деген субъективтi қатынасын дәлелдеген болып табылады.

  8. Картинада берiлген достық немесе бiр-бiрiне қарама-қайшылы қатынасты көрсетiп тұрған екi предметке клиенттің диалог құруы ұсынылады.

  9. Негiзгi зейiн түске бөлiнедi. Клиент сурет салуға кiрiсер алдын, ол көзiн жұмады және оған сұрақтар қойылады: “Сіз қандай түстердi қолданатындығың жөнiнде ойланыңыз. Сіз үшiн ашық және қара түстер ненi бiлдiредi ?” Терапевт клиент зейiнiн түстердiң түрлерiне аударып, сонымен қатар картинадағы түстердiң орын алысында қолдануларды сипаттайды.

  10. Терапияның жүру процесiнде клиенттің көңiл-күйiндегi өзгерiстер бақыланады. Оның денесiнiң қозғалысы, бетiнiң көрiнiсi, дем алысы, дауыс ырғағы, үнсiздiгi де бақыланып отырады. өйткенi үнсiздiк, ойланып отырғандықты бiлдiруi мүмкiн. Еске түсiрулерi, толқулары – олар жаңаны сезiнуiнiң бiр белгiсi болуы да мүмкiн.

  11. Картинадағы суреттермен клиенттің теңесуi, өзiн ұқсату арқылы, оның сол объектiлермен қатынасы арқылы ненi көрсетiп бiлдiргiсi келгенiн анықтауға болады. Одан кейiнгi мына анализ, оған өзiнiң суретте ненi ашып көрсеткендiгiн сезiнуiне жол бередi.Терапевт клиентке мынадай сұрақтар қою арқылы, интерпретация жасай алады: “Бүл сіздің өмiрiңізбен қандай да бiр байланысы бар ма? Сіз осы бөлiктiң атымен айтқандарыңыз ненi бiлдiредi? Сіз өзіңіз туралы осы суретті өз атыңызбен байланыстырып айтып бере аласыз ба?” Сұрақтар әртүрлi образда ауысып берiлуi мүмкiн, өйткенi әрқашанда клиенттің мiнезiн тез ашып көру мүмкiн емес.

  12. Келесі кезекте психотерапевт жеке суреттерді қоя салады да, картинада берiлген, көрiнген өмiрлiк ситуацияларды қарастырады. Кей кездерi клиентте бiрдестен картинадағы объектiлер бiрлестiгi көрiнедi, ол өз еркiмен өзiнiң өмiрiнiң фрагменттерiн айтып бере бастайды. Ол кейде суреттегi образдармен тiкелей немесе жанама түрде өз өмiрiн байланыстырып айтып отырады. Шындығында да клиенттің өмiрi сондай бейнеде болып келедi.

  13. Зейiн сурет композициясына көбiрек аударылады. Соның iшiнде бос жерлерiне.

  14. Терапевт бiрiншiден, клиенттің талқылауының алғашқы жоспарымен жұмыс жасайды. Алғашқы жоспардың көрiнiстерiмен ары қарай жұмысты жалғастыра беруге де болады, бiрақ кейбiр жағдайларда қарама-қарсылы планмен жұмыс жасағанда дұрыс болып отырады. Мысалы, ертегiлер әлемiн салған клиент, сол жердiң тартымдылығын ашқысы келедi, бiз оған оның өз өмiрiнде бұл ертегi әлемiндегi қызығушылықтардан алған қанағаттану сезiмi болмағандығын айтамыз. Бiрақта бiз алғашқыда клиентте жеңiлдiк сезiмiн және жайлылық сезiмiн туындататын жұмыстармен айналысамыз. Содан кейiн күрделiлеу тақырыптарға ауысамыз. Мысалы, бiз клиенттен бiр жағынан уайым-қайғы сезiмдерiн, ал екiншi жағынан қуаныш, бақыт сезiмдерiн суреттеп берулерiн сұраймыз. Көптеген клиенттер, әсiресе төменгi сынып оқушылары уайым-қайғыны көрсететiн бейнелердi жасауда әбден қиналады. Олар қуаныш сезiмiн бейнелегенде, өздерiн еркiн ұстайды. Бiрақ, бұл жағдай ылғи да осылай бола бермейдi. Кейбiр клиенттер бiрiншi жинақталып қалған негативтi әсерлерден пайда болған эмоцияларды, ашу-ызаларды бiрден ашып шығаруға деген қажеттiлiктерi көрiнiп тұрады. Кейiннен барып, олар өздерінің позитивтi әсерден алған сезiмдерiн бейнелей бастайды.

Суреттiң мәнi мен стилi көбiнесе дамудың деңгейi мен көру арқылы қабылдаудың адекваттылығымен қабылданады. Көру арқылы қабылдау, ол клиенттің әлемдi танып бiлуiне өз үлесiн қосатын ең бiр қажеттi каналдардың бiрi болып табылады. Бiз есейген кезiмiзде, өзiмiзге, сыртқы ортаға өзге адамдардың көздерiмен қарауға тырысамыз.

Осы себептен, ересек кейбiр адамдар өз балаларын да осындай қабылдауларға итермелеп отырады. өзiмiздi қоршаған ортаны көре және тани бiлу қабiлеттiлiгiмiз, өзгелермен контактiге түсуi қажеттiлiгiмiздi кеңейтедi екен. Қоршаған ортаны қабылдау арқылы бiз өзiмiз туралы бiлiмiмiздi кеңейтемiз және де сыртқы ортаның элементтерiнiң бiздiң iшкi жан-дүниемiзге ұқсастықтарын көре бiлетiн боламыз. Бiрақ, бiздiң қабылдауымыз бар заттарды көруiмiз бен олардың мәндерiн түсiнуiмiзден қалыптасып, дамып отырады. Осыған сәйкес бiз өз қабылдауларымызды алғаш қате алған сезiмдерiмiздiң нәтижесiнен бұзып отырады екенбiз.

Фредерик Фрэнк бiз әлемдi көрiп, танып бiлуiмiз үшiн өте көп қосымша мәлiметтерге иемiз деп жазады. Бiз көру арқылы қабылдауымыз күннен-күнге дами түсуде, бiрақ бiз сонда да күннен-күнге аз көрудемiз. Бiз көрген нәрселерiмiз үшiн – объектi ролiндемiз, бiрақ субъект ролiнде болып шыға келемiз. Бiз көрген нәрселерiмiздiң бәрiне де “Тез жарлық” құрып қоямыз. Осы жарлықтар бойынша бiз бәрiн бiлiп тұрамыз, бiрақ шындықты ашып көре алмаймыз. Фрэнктiң кiтабында жазылған мысалдар, заттарды сыртқы бағалаулар және ұстанымдар жүйесiмен байланыстырмай сурет салу қабiлетiнен алынған. Бiз балаларға үнаған заттарды таңдап ұсынамыз. Оларды белгiлi уақыт аралығында қарап, түстi, сызықтарды, формаларды пайдалана отырып, ойында сақтау арқылы бiраз уақыт өткеннен кейiн жұмысын жалғастыру ұсынылады. Экологиялық жағынан әсер етудiң келесi бiр варианты, ол объектiнi ұстап, сезiнiп көруi арқылы қабылдау болып табылады. Бұл жерде затты әртүрлi позицияда көрiп, оның әр жағдайдағы орын алысы да есепке алынады. Сонымен қатар өзге заттармен қатынастағы құрылымы да, клиенттің визуальды мүмкiншiлiктерi де қарастырылады.

Сезiм, интеллект және сенсорикалық дамудың тибиғилығы жеке тұлғаның өзiн-өзi дұрыс түсiне бiлуiнiң негiзi болады. Жеке тұлғаның өзiне деген позитивтi көзқарасы ғана қоршаған ортамен эффективті контактта болуын жүзеге асыруына мүмкiндiк бередi. Сенсорлық қабылдауында проблемалары бар клиенттер, өздерiнiң қоршаған ортамен қарым-қатынасын эффективті түрде бағдарлай алмайды және әлеуметпен өз қатынастарын дұрыс жүзеге асыра алмайды. Әрбiр осындай клиенттердің көбiсi өздерi туралы жалпы мүлде жақсы ойламайды, бiрақ бұл фактiлердi жасыруға тырысады.

Сонымен қатар мұндай клиенттер өз проблемаларында ата-аналарын немесе қоршаған ортаны кiнәлаудан бас тартады. Олар өз проблемаларында өздерiн кiнәлап, өздерiнiң бiр нәрсенi дұрыс iстей алмайтындықтарын айтады. Олар iштей өздерi жасап алған әлемге енiп кетедi, әрi өте аз сөйлеулерi де мүмкiн. Кейде мүлдем сөйлемейтiнде болып қалады. өзiн-өзi бағалауы өте төмен адамдар көбiне өздеріне сенімсіз болып қалады, белгiсiз бiр сәттердегi жағдайларда өзiнен өзi шошынып қала бередi. Мұндай адамдар астма, аллергия, бас ауруы, iшкi құрылыстарының ауруы, энурез ауруларының белгiлерi көрiне бастайды.

Кей уақыттары адамдар өз өмiрiнде өзiнiң ойына сай емес идеяларымен өмiр сүрiп те жатады. Ол әрқашанда өзi туралы не естiсе, соған бейiмделе салады. Терапевттiң мақсат-мiндетi клиентке шындық пен жабысқақ мiнездегi әсерлердiң айырмасын ашып көрсету болып саналады. Сондықтан клиентпен жұмыс жүргiзгенде олардың ересектену процесiнде бекерге жұмсаған ерік, күш-жігерлерін анықтап, оларды қайта қалпына келтiруге көмектесу.

Адам өз дене пiшiнiн жақсы сезiнсе әрi оның сенсорикасы акутальданған сайын, ол өз сезiмiн адекватты түрде түсiне бастайды. Ол өзiн-өзi қандай болса, сол күйiнде қабылдауды үйренсе, ол қоршаған ортаға деген қатынасын да адекватты түрде жүргiзедi.Терапиялық процесс сенсориканың дамуын коммуникативтi функцияларды, жекелiк интеграцияларды орнына келтiруiн мiндеттейдi.

Арттерапия жүргiзген кезде, терапевттiң әрқашандағы мiндетi –клиентке өздерiн сенiмдiрек сезiнуге, қоршаған ортаны шындықтағы өз тұрғысынан көруiне көмектесу. Адам бұл қоршаған ортада қалай өмiр сүру қажет жолдарын таңдап алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн көрсете бiлу және ол таңдауларына сай жауап беретiндiктерiн де түсiндiрiп отыруы қажет.

Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты бiреу ғана, ол –жеке тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке адаптациялануының кеңеюiне мүмкiндiктерiн жоғарылату. Яғни, бұның барлығын творчестволық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар микро және макроорталарда қоғамдық әрi мәдени iс-шараларға белсендi қатысуларын кеңейту. Арттерапияның әрбiр нұсқаулары жеке тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi “Менiн” айқын көруiне мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет