1. 2 Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде


Арттерапияның төмендегідей функциялары келесі нәтижелерге



бет3/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,6 Mb.
#36400
1   2   3   4   5   6   7   8

Арттерапияның төмендегідей функциялары келесі нәтижелерге

қол жеткiзедi:

  1. Арттерапияның катарсистi функциясы (негативтi әсер етуші хал-жағдайлардан босату және тазартушы ).

  2. Арттерапияның реттеуші функциясы (жүйке жүйесін босаңсыту және жеңілдету, психикалық қысымдарды төмендету, психосоматикалық процестердi реттеу, позитивтi хал-ахуалдарды модельдеуге көмек көрсетедi).

  3. Арттерапияның коммуникативтi - рефлекстi функциясы (қарым-қатынасқа түсудiң бұзылысын коррекциялау, өзiн-өзi бағалауын қалыпқа келтiру ).


1.3 “ Өзін-өзі тану ” арқылы адамның жеке басының өсуін, жетілуін дамытудың психологиялық аспектілері

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жас суверенді мемлекет ретінде өзін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру үстінде. КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстан халықтың ұлттық-мәдени сұраныстарын, даму қажеттіліктерін есепке ала отырып, білім беру саласына қатысты талаптар мен сұрақтарды өздігінен шешуге мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы “Білім туралы” Заңының 8-статьясында көрсетілген білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологиясын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық глобальды жүйеге шығу болып табылады. Нәтижесінде, уақыт пен қоғам талабын жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған жаңа оқыту технологиясын іздестіру мен тәжірибеге ендіру кеңінен өріс алды.

Жаңа оқыту технологиясы, яғни, инновациялық оқыту, бұл-саналы түрде ұйымдастырылатын оқыту процесінің проекцияланған түрі. Инновациялық оқытуға өту инновациялық технологияны, атап айтсақ, альтернативті әдістемелерге, бағдарламаларға, бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануды түсіндіреді.

Отандық өнегелік-рухани білім беру әдістемесін құру және оқыту процесіне ендіруді идеолог, осы жобаның авторы және жетекшісі Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің шығармашылық тобының алдына мақсат етіп қойды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – білім беру саласына жаңа көзқарас, адамгершілік-рухани, өнегелі ағарту әдістемесін кеңінен қолдану болып табылады.

Білім берудің әдістері мен оқытудың едәуір тиімді негізгі жолдарын іздестіру қажет. Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Өзін-өзі тану“ бағдарламасын құру мен білім беру процесіне жаңа “Өзін-өзі тану” сабағы арқылы ендірудегі негізгі инициативасы төмендегідей болып табылады, яғни, өзінің жекелік қасиеттерін, өзіндік құндылықтарын және қоршаған ортаны тани білуге қабілетті жан-жақты және жарасымды дамыған жалпы жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, өзін-өзі тани білуге, өзін-өзі басқара білуге үйрету және творчестволық саналы білім дағдыларын дамыту мен қалыптастыруды көздейді.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның өзінің алдына қойған мақсат-міндеттеріне теңдессіз мақсаттарының бірі, ол – балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің негізгі этаптарында негізінен ата-аналарды, балалар педагогтарын өнегелі-рухани біліммен қамтамасыз ету және жалпы қоғамды адамгершілік-рухани біліммен ағарту болып табылады. Жоғарғы оқу орны бұл шынжырлы қатарда ең негізгі қатарды тұйықтаушы звено болып табылады және алғашқы этаптардың кем жақтары мен жағымды, жеткен жетістіктерін ашып көрсетіп отырады. Себебі, жоғарғы оқу орнына түскенде жасөспірімдер ересектер өміріне енеді. Мамандық таңдауға байланысты шешім қабылдап, отбасы құру мен өмірге сәби әкелу және сол сияқты т.б. мәселелерді шеше бастайды.

Көптеген діни-наным сенімдерде, философиялық, психология-педагогикалық концепцияларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың құнды жақтары туралы бекітулер байқалады.

Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап, өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады.

Ғылым мен практикада гуманистік бағыт шеңберіндегі арнайы технологиялар өңделіп, дайындалады. Онда өзін-өзі дамыту идеясы басты мәселеге айналып, “Жеке тұлғаға бағытталушы қатынас”, “Жеке, бағытталған білім беру” түсініктері қалыптасқан.

Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын таба біліп, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап, қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.

Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.

Өзін - өзі тану дегеніміз не?

Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін–өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:


  • өзін-өзі тану – жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;

  • өзін-өзі тану – ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

  • өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.

Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К.Роджерс).

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.



Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:

  • Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.

  • Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін--өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.

  • Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.

“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып студент:


  1. өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.

  2. өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы – бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі студенттердің жеке басының өсуіне байланысты.көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген. Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.

Отандық психологиялық сөздіктер мен оқулықтарда ”Жекелік өсу“ терминінің түсінігі көрсетілмеген. Әдебиеттерде ”Жекелік өсу“ терминін алғаш ендірген автор көрсетілмеген. Дәстүрлі түрде ол К.Роджерс, Джеймс, Фрейд, Юнг, Адлер, Райха, Александер, Перлз, Маслоу Ассаджоли есімдерімен және шығыстық іліммен байланыстырады.

К.Роджерстің көзқарасына сүйене отырып жекелік өсу туралы түсінік аламыз. Біздің түсінігімізше К.Роджерс жекелік өсуді құрайтын үш негізгі басты компоненттерді бөліп көрсетті: актуализация механизмі, жеке тұлғаны бағалау процесі және адамның өзін-өзі құрудағы позитивті бағытталуы.

Сонымен ”Жеке тұлғаның жекелік өсуі“ түсінігіне нелер кіреді екен?

О.В.Неширинский: “Адам өзінің өсіп жетілуі барысында көптеген параметрлер бойынша өзгереді, ол кейбір қасиеттерден арылып, ал кейбір қасиеттерді өзіне алады. Оның бойындағы әрбір іс-әрекеттер әсер ететін мотивтер бірде көбейіп, бірде азайып отырады”.

Н.Л.Иванова жекелік өсу туралы қазіргі кезде зерттеушілердің пікірлерін жалпылай келе мынадай тұжырым жасайды: бұл процесті сипаттайтын жалпы келісілген феномен – “Өзін-өзі дамытуда жеке адам бойындағы өзгерістің позитивті жақтарының көп болуы”.

Адам индивид болып туылады, ал жеке тұлға болып қалыптасады.

А.Н.Леонтьев “Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады”- деп жазды өзінің еңбектерінде.



Жалпы әрбір адамның жекелік тұрғыдан өсуі төмендегідей құрамды бөліктерден тұрады.

1. Өзін-өзі тану. Өзінің жекелік тұрғыдан өсуін табысты ұйымдастыру үшін әрбір адам өзінің мүмкіндіктерін, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап алу қажет, яғни, өзін-өзі тану, оған: өзін-өзі бақылау, өзіндік сана, өзіндік қатынас, өз-өзіне анализ жасау және өз-өзін бағалай білу жатады. Толығырақ тоқталып кетер болсақ: өзін-өзі бақылау – адамның өзін бақылауы. Өзіндік сана – адамның өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, жеке тұлға (яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын және мінез-құлығын) ретінде ұғынуы және бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теориялық ойлау деңгейіне көтеріледі. Өзіндік қатынас – өзін-өзі анықтау. Өзіндік анықтау – өзін бағалау. Бұл термин, әдетте, индивид өзі туралы ақпарат алатын жеке адамның бағалау тәсілдеріне қатысты қолданылады. Өзін-өзі аңғару – адамның өзін аңғару күйі. Өзін-өзі байқау – 1) адамның өзінің мінез-құлқын, өзін бақылауы; 2) интроспекцияның синонимі. Өзін-өзі жетілдіру – өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын, сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективтік процесс. Өзін-өзі ұстау – адамның өз іс-әрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға қабілеттілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық процестерді саналыеріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу – тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші. Өзіндік бағалау – адамның өзінің сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау адамның іс-әрекетіне тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Өзін-өзі бағалау, ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді.

2. Өзіниеттену. Өзі ниеттену адамға кәсіби мамандандырылған және жекелей өзін-өзі дамытуға іштей ниеттенуіне әсер етуші әдістерді қолдана білуді жобалау. Бұл жерде Н.Р.Битянова мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетеді: өзін-өзі сынай білу, өзін-өзі стимулдау, ерік түрлері (өзіне бұйрық беру, өзіне міндет жүктеу, өзін мәжбүрлеу) .

3. Кәсіби және жекелік тұрғыдан өсуді программалау. Өзін-өзі жетілдіруде қажеттіліктен нақты іс-әрекетке өту мақсат пен міндеттерді айқындау және осы іс-әрекеттің әдістері мен жолдарын анықтауды жорамалдайды.

4. Өзін-өзі ұсыну (көрсете білу). Н.Р.Битянова өзін-өзі көрсете білу техникасының негізгі үш элементін бөліп көрсетеді: біріншіден, ұйымдастыру-басқарушы түріндегі тәсіл, екінші ақыл-ойдың дамуына бағытталу, үшінші –психикалық жағдайын өзі реттей алу.


Сызба 1


Өзін-өзі тану” курсының психологиялық ерекшеліктері


Амансың ба, алтын Күн? Амансың ба, Жер Ана ?! Аман болсаң қуанам!

“Өзін-өзі тану” курсының әр сабағы осындай қызықты амандасу рәсімдерімен басталады. Бұл курстың негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортамен ізгілік қатынасын орнату және өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Курс бойынша сабақтардың құрылысында өзіндік ерекшеліктері мен психологиялық ғылым негізімен тығыз байланысты. Ұсынылған материалды қабылдау барысында студенттердің: қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, алған білімнің тәжірибеде қолдануға үйренеді, өзіне-өзі бақылау жасай, өз ісін бағалай біледі: өзінің көңіл-күйін сезінеді, айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.

Осының барлығы қазіргі білімге қойылатын талабына сай. Өтетін сабақтар мазмұнды, жан-жақты танымды болғандықтан студенттер қызығушылықпен қатысады. Жүргізуші өзінің шығармашылығымен, шеберлігімен, мейірімділігімен әрбір студенттің ішкі жан дүниесін ашып, өзіне деген сенімділігін нығайтып, бойларына, ізгілік, әдептілік жайлы психологиялық жағдай туғызу үшін “Тыныштық сәті”, “Көңілашар” деген кезеңдері болады. Сабақтың бұл кезеңінде студеттің көңіл-күйіне әсер ету, қиялдауы, әуенді сезінуі, түсінуіне әрекет жасап ерекше мағына береді.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Қазіргі заманда топтағы әрекет ету қабілеті, сенімділік, көмектесуге дайын болу, сезімталдық, көзқарастың кеңдігі, шыдамдылық және өзін-өзі құрметтеумен қатар, ізделінді жеке қасиеттердің бірі болып табылады.

Басқалармен өзара құрметке, коммуникацияға, ынтымаққа негізделген қарым-қатынас құрғысы келетіндердің бәріне осы қасиеттер қажет. Бұған қалай жетуге болады? Біздің өміріміздің бәсекелестік рухта өтуі де қиындық келтіреді.

Бәсекелестікте ұтылғандарға қарағанда жеңімпаздар аз болады. Қалай болғанда да жеңілудің болатынын түсіну өзіңе деген сенімсіздік пен әр түрлі үрей туғызады. Нәтижесінде жеңімпаздар, жеңілгендер озбыр бола бастайды, сөзсіз олардың басқа адамдармен қарым-қатынасы қиындай бастайды. Бәсекелестік бізді психологиялық жағынан тұйық етеді. Ерте ме, кеш пе өз күшімізге деген сенімділігіміз жойылады.

Ынтымақтастық адамдарды байланыстырады, ал бәсекелестік адамдарды оқшаулайды. Дегенмен соңғы жылдары ынтымақтасу идеялары танылуда. Жаттығулар мен ойындар жарысу принциптерін ынтымақтасу принциптерімен мүмкіндігінше орын ауыстыруға көмектеседі. Ойындар мен жаттығулар топта жұмыс істеуге үйренуге, өзіндік сананы дамытуға, өзінің және басқаның даралығын бағалауды үйренуге мүмкіндік береді – яғни, күрделі көпбаспалдақты міндеттерді бірігіп шешетін сапаларды қалыптастырады. Жаттығулар тек топ мүшелерінің бір-біріне деген қызығушылығын ғана туғызбай, сонымен бірге әркімнің өзін-өзі тануы, өзін-өзі дұрыс бағалауын қалыптастырады, басқа адамдармен өзара әрекет дағдысына машықтандырады.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің топтың дамуына, сонымен қатар жеке адамның дамуына психологиялық әсерінің алғышарты – топты құрудың нәтижесінде топтағы қарым-қатынас процесінің сапалық өзгерісі және әрбір жеке адамның өзін-өзі тануға белсенділігін арттыру. Тренингке қатысушылардың маңызды кезеңінің бірі олардың белсенді позициясы. Тренингтің негізгі мазмұны оған қатысушының өзі қатысып отырған топ арасында өзін нақты көре алуы. Сондықтан маңызды ереже ретінде тренингтің өту шеңберінде ғана жағдайды талқылау шектеледі және пікірін жеке өзі айтады. Тренингтің ерекше атап өтетін тұсы топтың эмоциялық әулетіне назар аударуы. Топтағы қарым-қатынас шектеулі уақыт аралығында, топ дамудың нақты кезеңдерінен өтетіндей ұйымдастырылады. Ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа кәсіби проблемаларды шешу іскерлігін жаттықтырады. Негізгі рольдік ойындар жан-жақты психологиялық мәнге ие және мазмұнына қарамастан кез-келген психологиялық проблемаға қолданылды. Қазіргі экономикалық жағдайда бізге құнды болып табылатын мынадай адамгершілік қасиеттер қажет: шығармашылық энергия, беріктік, қайсарлық, сонымен бірге командалық рух, әлеуметтік-жауапкершілік сезімі және азаматтық батылдық. Экспериментальдық бөлімде қарастырылып отырған тапсырмалар осы сапаларды дамытуға көмектеседі.

Қарым-қатынастың барлық тәсілін толық қолдану ойдағыдай жақындасудың қосымша көзі болып табылады. Сөйлеумен бірге қарым-қатынастың сөзсіз (вербальды емес) “тілін” бөліп көрсетуге болады. Сөзсіз қарым-қатынасқа сипау, көру (көздің түйісуі) , ымдау, біреудің ішкі дүниесін сезіну (үндемеу) жатады. Қарым-қатынас мәдениеті осы тілдерді білуге, жағдайға қарай оларды қолдану іскерлігіне, өзара әрекет бағытында оларды қолданудың психологиялық заңдылықтарын түсінуге ниеттенеді. Мысалы, сипап жанасу өзара жақындасудың дамуына ықпалын тигізеді, әріптесінің бағалауына әсер етеді.

Сөзсіз қарым-қатынас тілін дамыту (сипау, көру, ыммен) жаттығулары қатысушылардың коммуникациялық мәнерлілігін күшейту тәсілдерін арттырады, сөзсіз қарым-қатынас тілін жағдайға байланысты қолдануға және бір түрінен екіншісіне өту мүмкіндігіне жаттықтырады. Бұдан басқа, психогимнастикалық жаттығулар жағдайлардың дамуына мүмкіндік жасайды, осылайша үйреншікті тілді қарым-қатынастан қол үзіп, психолог қатысушыларды бір-бірімен өздері үшін жаңа тәсілдермен қатынасты табуға мәжбүр етеді. Әсіресе, сипау қатынасының элементтерімен сөзсіз қарым-қатынас тапсырмаларын қолданудың жанама тиімділігі, қатысушылардың өз арасында психологиялық қашықтықтықтың тез қысқаруына ықпал етеді. Үнсіз қарым-қатынаста топ мүшелері өздерін көрсетеді және үнсіз қарым-қатынасқа түседі.

Сөзсіз қарым-қатынастың өзгешелігі оның коммуникациялық негізгі құралы эмоцияны ыммен немесе пантомимамен жеткізу, сонымен бірге қандай бір берілген тақырып бойынша нәрселелермен айлалы әрекет жасау. Қатысушылар жағдайды және басқа адамдарға қатынастарын тек ыммен және үнсіз жұғысумен жеткізеді. Үнсіз мінез-құлықты бақылау қиын болғандықтан бұл жаттығулар құнды болып есептеледі. Жаттығулар тұтастай топ жағдайын немесе әр қатысушыны жеке алғанда өзгертуге бағытталған. Бұл жерде біреудің ішкі дүниесін эмоциялық жағынан түсіну (эмпатия) іскерлігін дамытуға, жүрек жылуын беруге арналған жаттығулар қарастырылады.

Психогимнастикалық жаттығуларды өткізгенде төмендегі кезеңдерді есепке алу маңызды:


  • топ жағдайын немесе әр қатысушыны өзгерту ниетін есепке алатын жаттығуды дұрыс таңдау;

  • топтың даму кезеңі, оның құрамы, мезгілі, одан әрі жұмыс жүргізудің мазмұны;

  • жаттығуды орындау алдында топқа нұсқау беру, қалай орындалу керектігін көрсетуге немесе мысалмен дәйектеп суреттеуге болады;

  • жаттығуды орындауға қызығушылық ең жоғарғы шегіне жетіп, төмендемей тұрған кезде жаттығуды аяқтауға болады;

  • жаттығуды талдау.

Өзін-өзі тану курсы бойынша жүргізілетін жаттығулардың негізгі мақсаттары – адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әуелетін барынша көп қолдануына бағытталған. Бұл сабақтар адамның өзін-өзі тануына, әлеуметтік ортаға жылдам, қиындықтарды жеңе отырып бейімделуге көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін танып білуге жағдай жасайды.

“Бірлесіп көтерген жүк жеңіл” дегендей осылайша бірлесе қызмет жасаған кезде әрбір адамның жеке тұлға болып қалыптасуы дұрыс деңгейде жүреді және ұлттық рухани мәдениетін танып, өмірден нақты орнын табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет