1-2 Блок. Теориялық сұрақ. Сұраққа қысқаша жауап беріңіз. ДҰрыс жауап үшін жоғАРҒы балл 30%


Суппозитрий өндірісінде негізге дәрілік заттарды енгізу



бет35/71
Дата27.05.2024
өлшемі1,38 Mb.
#202947
түріРегламент
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
птл 1-11

68. Суппозитрий өндірісінде негізге дәрілік заттарды енгізу
Дәрілік заттарды енгізу. Суда, спиртте немесе майда еритін дәрілік заттарды ерігіштігіне сәйкес еріткіштерде ерітіп, ерітінді- концентрат дайындайды. Дәрілік заттарды ерітуді арнайы ыдыстарда жүргізеді, содан сон ерітінді концентратты арнайы ыдысқа без қапшықтан сүзеді, сонан соң оларды негізгі реакторга өткізеді. Суда немесе спиртте ерімейтін дәрілік заттарды суппозиториялық негізге суспензия ретінде енгізеді. Ірі кристалды дәрілік заттарды алдын-ала шарлы диірменде ұнтақтап, електен елейді. Дайын ұнтақты 40-50°С дейінгі жылытылған негіздің бірдей немесе бір жарым мөлшерімен қазанда араластырады. Алынған коспаны салқындатып, үш білікті гомогенизаторда ұнтақтайды. Керек болған кезде бұл операцияны бірнеше рет қайталайды. Қажетті дисперсті дәрежеде қоспа-концентрат алғаннан кейін, оны қабылдағыш арқылы негіздің қалған мөлшері бар реакторға жібереді. Қазіргі уақытта Нижний Новгород химиялық-фармацевтік зауытында суспензиялар үшін ротационды-тісті насостар (Р3-3a) қолданылады Р3-3а қондырғысының жұмыс істеу принципі мынада: сыйымдылығы 100 л бу «көйлегімен» және якорлы араластырғыш- пен жабдықталған кіші реактор бар. Реактордағы негіздің температурасы 45-48°С. Реактордың араластырғышын қосып, шамалы аз порциялармен ұнтақты қосады.
Бұл кезде әрдайым 45-48°С арасындағы бірқалыпты темпера- тураны үзбей ұстап тұру керек. Насостағы ұнтақтауды 40-60 мин. бойына концентраттың тиісті дисперстігі алынғанша жалғастырады. Содан соң күшті турбоараластырғыш және бу көйлегі бар сыйымдылығы 1000 л басқа реакторға концентратты жібереді. Негіздің калған мөлшері бар үшінші реактордан друк-сүзгіш арқылы температурасы 45-48°С-тағы балқытылған негізді де осы реакторға жібереді. Концентрат дайындалған реакторды және насосты негізбен «жуады», бұл қоспалар негізгі реакторға жіберіліп,
реакторда 45 минут араластыру операциясы жүреді, содан кейін талдауға өткізіп, қалыптауға кіріседі Суппозиторийлерді калыптау немесе құю «Франко-Креспи» (Италия) автоматында жүргізіледі. Автомат үйлестірілген айнала тын үш дискілерден тұрады. Екі шеткі дискіде 36 қалып, әр қалыпта 12 ұялары бар. Қалыптарды салқындату арнайы тоңазытқыш қондырғының көмегімен жүргізіледі. Ортанғы диск свечалар бар салқындаған қалыптарды қабылдап, қабылдағыш ванналарға ванн итеріп шығарады. Суппозиториялык масса реактордан кішкентай бакқа келіп,сонан соң насостың көмегімен қабылдағыш-дозаторға түседі, онынсаны қалыптағы ұялардың мөлшеріне тен. Жоғары жүріспен насостар массаны қабылдағыш дозаторға сорады, төменгі жүріспен оны қалыптың ұяларына итеріп шығарады, сонда ұялар дәл толтырылады. Айналмалы дискілер салқындап, масса салқындайды. Форма белгілі айналым жасап, арнайы тасымалдағыштың көмегімен шеткі дискіден ортадағы дискіге беріледі. Ортадағы дискіде қалыптар ашылып, суппозиторийлер итеріліп шығарылады да, тартпаға беріледі. Осы жерден суппозиторийлер 2 сағатқа 10-15°C температурада ауамен үрлеуге кептіргіш шкафқа жіберіледі. Суппозиторийлер қолмен айналмалы дискінің ұяшықтарына салынады. Осыдан олар горизонтальды итергішпен целлофан ленталар түзген кіретін тесік арқылы итеріліп шығарылады. Свечаларды ұстағыш қабылдап алады, престеуші штамптар оларды жауып, целлофанға орамдайды. Кескіш құрал көмегімен лентага оралған суппозиторийлер 5 данадан кесіледі. Орамдалған суппозиторийлер автоматка беріліп, онда 10 данадан картон кораптарға салынады. Суппозиторийлер құрғақ, 20°С-тан жоғары емес температурада, жарықтан қорғалған жерде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет