69. Жақпа майлардың сапасын бағалау көрсеткіштері
Жағар майларды стандарттау. Жағар майлардың сапасы технологиялық процесстің әр сатысында тексеріліп отырылады. Жағар майларды дәрілік заттардың сандық мөлшері, олардын сулы сығындыларының рН мөлшері және суспензиялық майлардағы дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі бойынша стандарттайды.
Дәрілік заттардың сапалық және сандық мөлшері МФ, ГОСТ, ТУ және тағы басқа нормативті құжаттарға сәйкес анықталады. Кейде техникалық құжатқа сәйкес жағар майдың рН мәнін анықтау қажет болады. рН мәнін анықтау тәсілін Грецкий В.М. (1966 ж.) ұсынған. рН-ты анықтау дәрілік зат пен негіздің жағар майды сақтау кезіндегі өзгеруін бақылау үшін қажет. Оның өзгеруі негіздің физико-химиялық қасиеттерінің өзгергенін көрсетеді. Жағар майдың белгілі мөлшерін (1-3 г) температурасы 50-60°C дистилляцияланган суда ерітіп, вибраторда 30 минут бойына сілкілейді. Сығынды салқындаған соң, оны фильтрлеп, потенцио- метрдің көмегімен рН-ты анықтайды.
70. Жақпа майды алуда гомогенизациялау сатысы. Қолданылатын қондырғыларды атаңыз
Жагар майларды гомогенизациялау үшін роторлы-пульсация- лық аппараттар (РПА) кенінен колданылады (сурет 50). РΠΑ корпуска орнатылған ротор мен статордан тұрады. Ротор мен статордың тістері қатарларының арасындағы саңылаудың көлемі 0,15-0,2 мм. Ротордың ішінде жағар майды араластыратын және тасымал дайтын күрекшелер орнатылған. Осы тістердің қатарынан өткен жағар май баска патрубок арқылы шығарылады. РПА Борисов химиялык-фармацевтік зауыттында және Санкт-Петербург фарма- цевтік фабрикасында ихтиол, скипидар, цинк, бор, стрептоцид жағар майларын дайындауда қолданылады.
Осы аппаратта аморфты дәрілік заттардан жағар майлар дайындағанда, оларды ұнтақтау сатысын толық шығарып тастауға болады. Жағар майдың компоненттерін қазанда араластырып, мысалы, якорлы араластырғыштың көмегімен, сонан сон РПА арқылы өткізу жеткілікті
71. Суспензия және эмулсия өндірісінде ультрадыбысты диспергирлеудің артықшылықтырын атаңыз
Суспензиялар мен эмульсиялар өндірісінде ультрадыбыспен ұнтақтауға арналған қондырғылар кеңінен қолданылады. Гетерогенді сұйықтықтарды дыбыстау кезінде қысу және сұйылту зоналарында қысым пайда болады. Ультрадыбысты толкын тудыратын артык қысым калыпты гидростатикалық қысымның үстіне қосылады да, оның қосындысы бірнеше атмосфера болады.
Сұйылту фазасында сұйықтықтың бүкіл көлемі бойында, әсіресе, фазаларды бөліп тұрған газ көпіршіктері мен өте ұсақ катты бөлшектері бар шекарада қуыстар, кавитациялық көпіршіктер пайда болады. Қайта қысу кезінде кавитациялық көпіршіктер жабысып қалады және кысымды жүздеген атмосфераға дейін көтеріп жібереді. Осылай қатты бөлшектерді механикалық ыдырауға ұшырататын және фазаларды бөліп тұрған беттен сұйыктыктын аздаған мөлшерін жұлып алып, майда тамшыларға бөлетін жоғарғы карқынды сокпалы толқын пайда болады.
Ультрадыбыстың қарқыны мен алынатын эмульсия түрінің арасында белгілі тәуелділік бар. Ультрадыбыстың төмен каркынында судағы май типті эмульсия, ал оның жоғарылауында майдағы су типті эмульсия пайда болады.
Ультрадыбысты толқынды алу үшін әртүрлі аппараттар мен қондырғылар қолданылады. Ультрадыбыстың шығар көзі механи- калық жане электромеханикалық дыбыс тараткыштар болады. Электромеханикалық дыбыс таратқыштар электродинамикалық, магнитострикторлық және электрострикторлық болып бөлінеді.
Механикалық энергияны ультрадыбыстық энергияға өзгертуші сұйықтықтық ысқырық болып табылады. Ол үшін қысым әсерімен сұйықтық ағысы қуыс канал арқылы екі нүктеде бекітілген тілікшенің өткір ұшына беріледі. Сұйықтық ағысының соққысы әсерінен тілікше тербеледі де, оның бетіне перпендику- лярлы бағытталған екі шоқ ультрадыбыс таратады. Эмульсия дайындаған кезде сұйықтықтық ысқырықты дисперсиондық ортаға салады және ол арқылы бірнеше атмосфера қысым күшімен дис- персті фазаны жібереді. Дыбыс таратқыш шығаратын тербелістің жиілігі 30 кГц-ке жуық.
Достарыңызбен бөлісу: |