78. Экстракциялау процесстің теорялық негізі. Экстракциялау масса алмасу процестеріне жатады жэне масса берудің негізгі зандарымен анықталады: молекулалық диффузиямен, масса берумен, масса өткізгіштікпен. Экстракциялау кезінде масса беру процессі қатты дене — сұйықтық немесе сүйықтық - сүйықтық системаларында жүреді. Фармацевтік өндірісте қатты дене - сүйыктық системасында экстракциялау кең таралған. Сүйықтық - сүйықтық системасында экстракциялау дәрілік шикізаттан алынган сыгындыларды тазалау үшін немесе жеке заттарды бөлу үшін колданылады. Қатты материалдарды экстракциялау қатгы денені еритін жэне
ерімейтін бөліктерге бөлу процессі болып табылады. Ерітіндіге зат толық өтетін еру процессінен ерекшелігі - экстракция кезінде еру екі фаза түзе, жартылай жүреді: 1) шикізаттағы затгардың ерітіндісі және 2) экстрактивті заттардың экстрагенттегі ерітіндісі. Заттардың бір фазадан екінші фазага өтуі олардың концентрациялары айырмашылығы нәтижесінде жүреді. Осы айырмашылық сақталып тұрган кезде, заттардың бір ортадан екінші ортага өтуі тоқтамайды. Системада тепе - тендік қалыптасқанда, заттардың бір фазадан екінші фазага өту жылдамдыгы теңелгенде жэне осы жагдайда кері
жүргенде, масса алмасу шектеледі. Заттардың экстрагентке тасымалдануы молекулалық және конвективтік диффузия арқылы журеді. Молекулалық диффузия макроскоптык қимылсыз күйде жатқан молекулалардың өзара тәртіпсіз, ретсіз қозғалысымен сипатталады. Молекулалық диффузияның козгаушы күші болып тек концентрациялар айырмашылыгы табылады, диффузияның жүруіне сырттан ешқандай күш эсер етпейді. Конвектнвтік диффузия сырттан механикалық эсер ету, ягни, сілку, температураны өзгерту, араластыру нәтижесінде жүреді. Конвективті диффузияда заттардың тасымалдануы оны ерітіндінің аздаған көлемдері түрінде тасымалдау больш табылады. Конвективтік диффузия жылдамдыгы фазалардың жанасу беті,
концентрациялар айырмашылыгы, процестің ұзақтыгы жэне конвективтік диффузияның коэффициент! жогарыланған сайын үлгая түсетін заңдылыққа бағынады жэне Фиктің екінші заңының теңдеуімен анықталады