128 Ампула шыны маркасының термиялық тұрақтылығы.
Термиялык төзімділікті анықтау. Ампулалар термиялық төзімді болуы керек, яғни, стерильдеу кезінде сынып кетпеуі керек. Термиялық төзімділікті төмендегідей аныктайды: тексерілетін ампулаларды дистилденген сумен толтырып, дәнекерлейді және 120°С температурада 30 минут бойына автоклавта қыздырады. Егер ампулалардың 98% бутін қалса, онда ампулалар партиясы термиялық төзімді деп саналады. Екінші тәсіл бойынша да анықтауга болады. 50 ампуланы 18°С температурада 30 минут ұстап тұрады, кептіргіш шкафта кассетага ГОСТ-та көрсетілген температурада 15 минуттан кем емес мерзімге салады. Кассеталарды тез 5 с арасында шкафтан шығарып алады да, температурасы 20 ± 1°С суға толық батырып, 1 минут осы күйде ұстап тұрады. Тексеруге алынған ампулалардың 98% бүтін қалуы керек. НС-3 шыны маркасынан дайындалган ампулалар бүтін қалуы керек және 160°С температура өзгерісіне, ал НС-1 - 130°С, СНС-1 - І50°С және АБ-1 - 110°С температура өзгерістеріне шыдамды болуы керек.Шынының жеңіл балқуы. Ол тәжірибелік жолмен анықталады. Ампулалық шыны ампуланы шілтер жалынында оңай дәнекерлеу үшін жеңіл балқитын болуы тиіс.Шынының түссіздігі және мөлдірлігі. Шыны түссіз және мөлдір болуы керек, себебі, оның ішіндегі механикалық қоспалар оңай анықталуы тиіс. Қоңыр-кызыл немесе басқа түсті ампулаларды әрдайым қолдануға болмайды, оның ішіндегі ерітіндіні бақылауға мүмкіндік болмайды және стерильдеу кезінде кейде темір қалдығы бөлінуі мүмкін.
129 Ампула шынысының қалдық кернеуі және оны жою тәсілдері.
Кернеу қалдыгы. Олар ампулалар дайындау кезінде дроттың эр бөлімдерінің бір қалыпты қыздырылмауы есебінен пайда болады. Ампуланың түбі мен капилляры шыны балқығанга дейін қызады, корпусы - шамалы қызады. Осы температуралар айырмашылыгы ерекше болатын жерлерде кернеулер пайда болады. Сонымен қатар, ампулалар қабыргапарының қатты қызатын бөлімдерінің сыртқы беттері айналадагы ауамен жанасу арқьшы тез салқындайды және тез қатады; ал шынының ішкі беттері баяу салқындайды жэне балқыган күйде ұзақ болады, бұл кезде де ішкі кернеу пайда болады. Кернеу қалдыгын поляризациялы-оптикалык тәсіл көмегімен үлгідегі сәулелердің өту айырмасы бойынша ПКС125, 250 полярископ-поляриметрінде және ПКС-500 полярископында анықтайды
Достарыңызбен бөлісу: |