120)Суспензиялық қабықпен қаптау әдісі , оның артықшылықтары. Суспензияның құрамы (пайыз бойынша):
кант 58,0
cy 24,85
поливинилпирролидон 0,75
аэросил1,0
негіздік магний карбонаты 13,4
титанның қос тотығы 2,0/100,0
Суспензияны дайындау: ПВП суда ерітеді. Осы ерітіндіде қант
шырынын дайындайды. Сонан соң қант шырынына қалған компо-
ненттерді енгізеді. Қант пен судың ерітіндісі қант шырынын құра-
ды, ол суспензиялық негіз болып табылады. Поливинилпирролидон
винилпиролидонның жоғарғы молекулалық қосылысы. Ерітіндіде
ПВП молекулалары бір-біріне қосылып, кеңістіктік тор құрады.
Суда еріген қант молекулалары осы тордың ұяларының ішіне
алынады. Қабықшалармен қапталатын таблеткаларды кептіру
процессі кезінде тордың жекеленген ұяларындағы су ығыстырылып
шығарылады. Тордың ұяларында қалған қант кристалданған кезде
үлкен түйірлер (агломераттар) құра алмайды. Осы кезде сынғыш-
тығы төмен және созымдылығы жоғары майда дисперстік
кристалдар пайда болады.
Аэросил (кремнийдің аморфты қос тотығы) суспензияда
тұрақтандырғыш ретінде қолданылады. Тұрақтандырғыш меха-
низмінің мәні мынада: аэросил бөлшектерінің бетінде силанолды
топтар болады, олар сутекті көпірлердің көмегімен сумен гель
түзеді. Түзілген гель көтеріліп (қайнап) тұрған бөлшектердің
шөгуіне жол бермейді. Негіздік магний карбонаты-толықтырғыш
ролін атқарады, титанның қос тотығы-пигмент, бояғыш зат
Драждеудің суспензиялық әдісі келесі сатылардан тұрады:
1. Таблеткаларға боялмаган суспензиядан тұратын қабықшаны
қаптау.
2. Таблеткаларды боялған суспензиялардан немесе боялған
шырыннан тұратын қабықшамен қаптау.
3. Таблеткаларды жалтырату.
Суспензиялық драждеу қарапайым драждеу қазандарында
және Германия фирмасының «Штейнберг» типті
линияларында жүргізіледі.
Драждеудің технологиялық режимі мынада: драждеуші
қазанға (сурет 81) оның көлемінің 25-30% мөлшерінде таблетка-
ядроларды салады. Таблеткалар алдын-ала шаңынан тазартылады.
Қазанды іске қосып, айналып тұрған таблеткаларға 2-2,5%
мөлшерде суспензияны ағызып құяды немесе шашыратқыштың
көмегімен шашыратады. Таблеткаларды 4-5 минут айналдырады.
Қазанның еңкейтілу бұрышы 45°С, айналу жылдамдығы 20-25
айн/мин. Сонан соң таблеткаларды 3-4 минут 40-45°С температу-
радағы жылы ауамен кептіреді. Суспензияны беру, айналдыру,
кептіру операцияларын белгілі салмақтағы таблеткалар алғанға
дейін көп рет қайталайды.
Боялған суспензиядан немесе боялған шырыннан боялған
қабықшалар қаптау да дәл осылай жүргізіледі.
Жылтырату жоғарыда айтылғандай жүргізіледі.
Артықшылықтары:Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың суспензиялық әдісі
процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді, еңбек шығынын
азайтады, еңбек өнімділігін 3-5 есе көтерді.
Жана технология капталған таблеткалардың сапасын
жақсартты:
а) таблеткалардың орташа салмағы төмендеді;
б) тауарлық түрі жақсарды:
сапасын
в) қапталған таблеткалардың тұрақтылығы жоғарылады;
г) таблеткалардың сақталу мерзімі 1 жылдан 4 жылға дейін
ұзарды;
д) таблеткалар бетінің тіліктеніп, жарылып кетуіне себеп
болатын ұн қолданылмайтын болды.