42 Таблеткалау машиналары. Таблеттеу машиналардың түрлері, олардың салыстырмалы сипаттамалары.
ротациондық (револьвераі) таблеткалық машиналардың 80-нен астам түрі бар. Олар аса өнімді, 1-3 және одан көп тесіктері бар 65- ке жуық матрицасы және осыған сәйкес пуансон жұптары болады. Ротациондық машиналарда тиеуші воронка қозғалмайды, оның астында матрицалык үстел айналып тұрады. Матрицалық үстелде матрицалар орналастырылған. Үлкен машиналар екі немесе үш тиеуші воронкалармен жабдыкталған, олардың ішінде араластыр- ғыштар қойылған. Бұл машиналарда қолданылатын қысым екі жақты, бірте-бірте үдей түсуші болады. Сондықтан, престеу бір қалыпты, соққысыз жүреді.
Эксцентрикті немесе соқпалы жүрісті машиналар өзінің конструкциясы бойынша кысымдауга арналган бір немесе екі эксцснтриктен, екі матрицадан жэне екі тиеуші воронкадан түрады. Іс жүзінде бір эксцентрикті машиналар қолданылады, олардың бір матрицасы, 7 матрицалық тесігі жэне осыған сәйкес пуансондар жүбы бар. Тиеуші воронканың құрылысы бойынша эксцентрикті машиналар жылжымалы - оларда тиеуші воронка шананың үстімен жылжиды жэне кебісті - оларда тиеуші воронка орнынан қозгалмайды да, таблеттелетін қоспа жылжымалы «кебістің» немесе «түмсықгың» көмегімен салынады.
Таблеткалық машинаның негізгі детальдері матрица, 2 пуансон жэне тиеуші воронка болып табылады
Матрица —бүл болаттан жасалынған дискі, мүнда таблетка диаметріне сәйкес диаметрі 3 мм-ден 25 мм-ге дейін цилиндрлі тесік тесілген. Машинаның өнімділігіне байланысты матрицаларда 7 үяга дейін болады.
Пуансовдар — бұл хромдалган болаттан жасалынган стерженьдер. Олардың диаметрлері матрицалық канал диаметрінен аздап кіші болуы керек, өйткені, (сурет 75) пуансондар матрица
Сурет 74. Таблеткалык машинанын негізгі детальдері
1- пуансондар жұбы,
2 - матрица,
3 —тиеуші воронка.
305
ішінде еркін қозғалып жүруі керек. Пуансоқдардың престеуші беттері жайпақ немесе дөңес, жылтыр немесе кесе-көлденең сызығы (кертік) немесе жазу түсірілген болып келеді. Пуансондар итергіш қондыргымен қосылуы бойынша ажыратылады: олар бүтін немесе қүрастырылған болады (сурет 76). Бүтін дайындалатын вариантта пуансондар итергіш қондырғымен бірге бекітіліп жасалады. Бүтін пуансондардың дайындалуы жеңіл, бірак олар қолдануда кымбатқа түседі, себебі, пуансондардың қолданылу үзақтыгы, итергішке Караганда аз, ал пуансондар тозғанда немесе сынганда итергіштер де тасталады. Пресс-инструменттердің қымбаттыгы - олар ротациондық таблеткалык машиналардың құнының 20%-ын
құрайтынын айтса жеткілікті.
Кривошипті таблетка машинаның артықшылығы :
●пайдалану оңай;
●шағын өндірістің қажеттілігін қамтамасыз етеді;
●таблеткалар массасының ауытқуы төмен.
Кемшіліктері:
●Өнімділігі төмен (минутына 30 - 100 таблетка);
●ірі кәсіпорындарда қолдануға тиімсіз;
●жұмыс кезінде шу шығарады және таблеткалар біркелкі емес престеледі.
Роторлы таблетеу машинасының артықшылықтары:
1.пресс құралдарының жиынтығына байланысты өнімділігі жоғары машиналар (12 - 55) 209000 - сағатына 448000 дана;
2.таблеткалар екі жақты престелуіне байланысты жоғары сапалы болады;
3.біркелкі жұмыс жасайды, шаңдатпайды;
4.Заманауи машина жарылғыш;
5.механикалық қосылыстарға бақылау автоматты түрде жүзеге асырылады; таблетка массасын автоматты түрде басқарады.
РTM кемшіліктері:
1.техникалық жағынан КТМ-ден жоғары, бірақ қолдану тек ірі кәсіпорындарда ғана мүмкін;
2.конструкциясы күрделі, көптеген қосалқы бөлшектерді қажет етеді;
3.жұмысқа дайындау және тазарту қиын;
4.Көп мөлшерде жаппай таблеткаларды өндіруде ғана тиімді
5.жеке таблеткалардың массасындағы ауытқуы KTM гөрі жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |