Дайын өніім - (finished product) ең соңгы орамдау жэне маркировкалауды қоса, технологиялық процестің барлық саталарынан өткен, қолдануға дайын өнім. Дайын өнім алу үшін шикізат қажет.
Бастапқы шикізат - (starting material) фармацевтік препарат дайындауга колданылатын
белгілі сапалы кез келген зат (орамдау материалдары есептелмейді). Егер технологиялық процесс бірнеше сатыда жүретін болса, онда осы аралық сатыларда алынатын заттар аралық өнім болып табылады.
Аралық өнім — (iptermediate product) технологиялык процестің кез келген сатысында (соңгы сатыдан басқа) алынган, жартылай өңделген, дайын өнім алганга дейін эрі қарай өңдеуге арналған өнім.
Бастапқы шикізатты өңдеу кезінде дайын өнім құрамына кірмейтін жекеленген фракциялар пайда болуы мүмкін, оларды өндіріс қалдыктары деп атайды. Егер олардың түтынушылық
қүны болатын болса, яғни, эрі карай өңдеуге мүмкіндік болса, онда олар қосалқы өнім болып табылады
Ал эрі қарай өцдеуге жарамсыз, түтынушылық қүны жоқ өндіріс қалдықтары қоқтықтар деп аталады. Мысалы, түндырмалар алу өндірісінде сығындыны бөліп алған соң қалған сыгындалган дәрі шөп өндіріс қалдығы деп аталады, өйткені, оның қүрамында қүнды экстрагенттің біршама мөлшері қалады, осы экстрагентті су буымен айдау арқылы немесе сумен ығыстыру арқылы өсімдіктен бөліп алып, өндірістің басқа мұқтаждарына қолдануға болады. Бүл алынған өнімді рекуперат немесе қосалкы өнім деп атайды. Сондыкдан, өнделген шөптерді тастауга болмайды. Қосалқы өнім немесе спирт-рекуперат бөлініп алынган соң, қалған шөпті тастауга болады, оның тұгынушылык кұны калган жоқ, ол әрі қарай керек емес және осы өнім өндіріс қоқтықтары болып есептеледі.
Технологиялық режимді бұзу немесе сапасыз бастапқы шикізат қолдану нэтижесінде сапасы қанагатсыз дайын өнім - технологиялық жарамсыз - алынуы мүмкін. Өндірістік процесс барысында булану, шашырау, аппараттардың қабырғасына жабысу және т.б. нәтижесінде материалдық шыгын орын алады.