Машиналар - деп энергияны өзгерту немесе жұмыс жасау үшін белгілі мақсатта қозғалыстар орындайтын механизмдер үйлесімі аталады. Кез келген машинаның негізгі бөлімдері болып қозгалтқыш, берілісті және орындағыш механизмдер табылады. Олардың жүмыстары тыгыз байланыста жүріп отырады. Қозғаушы механизмдер ретінде двигательдер қолданылады.
Аппараттар- әртүрлі технологиялық процестерді жүргізуге арналган механикалық кондырғылар. Аппараттарда өнімге немесе бастапқы материалдарга олардың физико-химиялық касиеттерін немесе агрегаттық күйін өзгертетін әрекеттер жүргізіледі. Аппараттарда диффузиялық, жылу, химиялық жэне т.б. процестер жүреді. Кез келген аппараттың негізгі бөлімі болып жүмыс камерасы табылады. Оларда бастапқы материалдар немесе өнімдер физико-химиялық жэне биологиялық факторлардың әсерінен өңделеді. Аппараттардың мысалы ретінде фильтрлер, экстракторлар, тұндыргыштар жэне т.б. болады.
Аппараттар мен машиналардың негізгі сипаттамаларының бірі олардың өнімділігі болып табылады. Оны екі жақты аныктауга болады:
1) уақыт бірлігі арасында түсетін бастапқы материалдың мөлшерімен;
2) уақыт бірлігі арасында алынатын өнім мөлшерімен. Материалдардың (немесе өнімнің) мөлшері салмактык немесе көлемдік бірлікте алынады, ап бөлшекті бұйымдар — дана деп
есептеледі. Мысалы, таблеткалық машиналардың өнімділігі минутына шығарылатын таблеткалардың данасымен анықталады (табл
3)./мин.), экстракторлардың өнімділігі - л/тәул., шарлы диірменнің өнімділі — кг/сағ.
Машиналар мен аппараттардың өнімділігі осы машиналар мен аппараттарда жүретін процестердің көлемдері мен жылдамдығына тікелей тэуелді. Перколятордың көлемі неғұрлым үлкен болса, ондагы алынатын тұндырмалардың да көлемі көп болатыны белгілі.
Ротациондық таблеткалық машиналардың эксцентрикті машиналарға қараганда өнімділігі жоғары, себебі, сыртқы өлшемдеріне қарамастан, олардың конструкциясы жетілдірілген жэне таблеттеу процессі едәуір жылдам жүреді. Өнімділігінен басқа, машиналар мен аппараттар қуаттылыгымен сипатталады, яғни, уақыт бірлігі арасында жүмсалатын немесе алынатын жүмыс көлемімен. Қуаттылык джоуль/секунд бірлігімен аныкдалады.