Өндірісте РТМ машиналарының өнімділігі әртүрлі үлгілері шыгарылады. Мысалы:
РТМ -24 - өнімділігі 1 сагатта 50 мың таблеткага дейін;
РТМ -12 - өнімділігі 20 мың таблетка/ сағат;
РТМ -40-өнімділігі 100 мың таблетка/ сагат;
РТМ -41 -өнімділігі сағатына 209 мың таблеткага дейін;
РТМ -65 — өнімділігі сағатына 1 млн. -750 мың таблеткаға дейін;
РТМ -300 - салмагы 0,12 таблеткалар жасайтын машина.
85 Таза өндіріс бөлмелердің жіктелуі.
1- класты таза бөлмелерде ең маңызды операдиялар жүргізіледі: стерильді ампулаларды, флакондарды, тыгындарды, калпақшаларды түсіріп алу, стерильді ерітінділерді қүю, стерильді ұнтақтарды бөлшектеп салу, флакондарды алдын-ала тығындау жэне тыгындау, стерильдеуші фильтрлерді жинақтау, бақылауға үлгі алу.
2- класты таза бөлмелерде ерітінділерді дайындау, фильтрлеу, стерильді ампулаларды, флакондарды, тыгындарды, қалпақшаларды түсіріп any, ерітінділерді стерильді фильтрлеу, стерильді ерітінділерді құю, алдын-ала тығындау жэне тығындау (дәнекерлеу) жүргізіледі және таза коридор болады.
3- класты таза бөлмелерде ампулаларды, флакондарды, тығындарды және т.б. қосымша материалдарды жуу жэне стерильдеуге тиеу, ерітінділерді алдын-ала фильтрлеу, стерильдеуші фильтрлерді дайындау, үлгі алу операциялары жүргізіледі жэне лаборатория
болады.
4- класты таза бөлмелерде дроттарды жуу, кегггіру, ампулалар жасау жэне т.б. операциялар жүреді.Бөлмелердегі ауаның қажетті микробтық тазалығын камтамасыз ету үшін бактерицидтік лампалар қолданылады. Бөлмелерді тазарту - тазалықты қамтамасыз етудің ең маңызды шараларының бірі. Кейде тазалауды дезинфекция деп атап, бүл мәнісінде барлық микробтарды жоюды түсінеді.
86 Стерильдік және асептикалық дәрі дәрмек өндірісінде персоналдарға өандай талаптар қойылады?
Асептикалық жағдайда жұмыс істеуге тыныс жолдары және тері ауруларымен ауыратындар, терінің терлеуі мен құргауы жоғары адамдар жіберілмейді. Жұмысшылар қолдарын диоцид ерітіндісімен (1:3000 немесе 1:5000) жуады, стерильді қагаз салфеткалармен кептіреді. Персоналдың жұмысқа даярлану бөлмелерінің орналасуының да маңызы үлкен. Персоналдың осы өндіріс орнында қозгалуы төмендегі схема бойынша жүреді: Қызметкерлер сырт киімдерін шешіп, гардеробта А киімін (арнайы киімге) ауыстырып, ауа шлюзінде шаң-тозаңнан тазаланады, жуынатын бөлмеде қолын мұқият жуған соң, таза бөлме алдындагы боксқа енеді (гардероб Б). Мүнда арнайы киімді шешіп, қолын дезинфекциялайды, сонан соң екі кадам алға аттап, автоклав камерасынан стерильді киім апады. Ең алдымен стерильді қолгап киіп, сонан соң қалган киімдерді киеді. Персоналдың технологиялық киімі комбинезоннан, бас киімнен, аяк киім “бахилладан”, резеңке қалпақтантұрады. Осыдан кейін жұмысшы тағы да ауа шлюзінен өтіп, стерильді ауа ағымымен үрленеді. Тек сонан кейін гана ол таза бөлмеге кіреді.
87 Ампулалар мен флакондар жасау үшін шынының қандай маркалары және қандай композиция қолданылады? Ампулалық әйнектің химиялық және жылу төзімділігін қандай заттар қамтамасыз етеді?
НС-3 - гидролизге, тотығу жэне т. б. өзгерістерге үшырайтын ерітінділерді қүюға арналған ампулалар мен құтылар (сауыттар) жасауга арналған бейтарап шыны (мысалы, алкалоидтар ерітіндісі).НС-1 - сілтілерге төзімділігі төмен дэрілік заттардың ерітінділерін ампулдауға арналған бейтарап шыны (мысалы, натрий хлориді, магний сульфаты, кальций хлориді ерітінділері)СНС-1 - сәуле эсеріне сезімтал ерітінділерді қүюға арналған ампулалар жасау үшін қолданылатын сэуледен қорғайтын шыны.АБ-1 - негіздік (борсыз ампулалық) шыны, одан майлы ерітінділерді қүюға арналған ампулалар дайындайы.ХТ-1 - шприцгер, қан, инфузиялық, трансфузиялық препараттарды сақтауға арналған бөтелкелер жасауга қолданылатын шыны.МТО - банкалар, сауыттар, ауруларды күту бүйымдарын жасауга арналған медициналық түссіз таралық шыны.ОС, ОС-1 — банкалар мен кұтылар дайындалатын қызгылтсары түсті таралық шыны.НС-2, НС-2а - бейтарап шыны, қан, трансфузиялық жэне инфузиялық ерітінділер құюга арналған құтылар жэне аэрозольдік баллондар жасауға қолданылады.НС-1 маркалы шыны ең төзімді (тұракты) шыны болып табылады, себебі оның құрамына В2Оз (бор тотыгы) көп мөлшері жэне Na20 (натрий тотыгы) аз мөлшері кіреді.Шыны - силикаттар мен металдар тотықтарының балқытылган қоспасын салқындату арқылы алынган қатгы ерітінді және оған қатты денелердің барлық механикалық қасиеттері тэн. Шыны құрамына Si02, AI20 3, Na20 , К20, СаО, В2Оэ жэне т. б. тотыктар кіреді.Ең жоғаргы термиялық жэне химиялық тұрақтылык кварц құмынан алынатын кварцты шыныға тән. Кварц құмы 95-98% кремний диоксидінен тұрады. Мұндай шыньщан ампула жасау жэне оны дәнекерлеу өте қиын, себебі, оның балқу температурасы жоғары (1550-1800°С). Сондықтан оның құрамына балқу температурасын төмендету үшін эртүрлі модификаторлар: натрий жэне калий оксидтерін қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |