88. Ампулаларды толтырудың қандай әдістері қолданылады?
Ампулаларды ерітіндімен толтыру 1 классты таза бөлмелерде асептика ережелерін сақтай отырып жүргізіледі. Ампулаларды толтыру колемі номинальды көлемнен көп болуы тиіс, себебі, шприңті ерітіндімен толтырган кезде, дәрінің қажетті дозасы алынуы керек. МФ XI басылымында ампулаларды толтырудың төменгі нормасы белгіленген
Ампулаларды ерітінділермен толтыру үш тэсілмен жүргізіледі. шприцтік, вакуумдық, бу-конденсациялық.
Шприцтік тәсіл.Кептірілгеннен соң ампулалар автоматтың сақтау бөліміне түседі, сонан соң автоматты түрде толтырылуга жіберіледі. Толтыру 3 немесе 6 шприц (поршеньдік дозатор) инелермен бір мезетте жүргізіледі. Шприц-инелер хромникельді болат, күміс, синтетикалық материалдардан жасалынады. Қуыс инелер конвейерде орналасқан ампулалардың ішіне кіргізіліп, керекті мөлшердегі ерітіндімен толтырады. Жеңіл тотыгатын заттар газбен қоргау принципі бойынша толтырылады. Ең алдымен ампулага салынган инеге инертті газ жіберіледі, сөйтіп, ампуладан ауа ығыстырылып шыгарылады, сонан соң ерітінді қүйылады, ең соңында тагы да инертті газ жіберіледі. Шприцгік тэсілмен толтырудың дәлдігі өте жогары - ± 2%, капиллярлары ластанбайды, бұл әсіресе, қою жэне түтқыр ерітінділер үшін өте маңызды. Кемшілігі - аз өнімділігі, сағатына 10.000 ампула гана толтырылады.
Вакуумдық тәсіл өте жогары өнімді. Мұнда ампулаларды вакуумдық тәсілмен жууға арналған аппаратты қолдануға болады. Аппаратқа кассетаға салынған ампулаларды капиллярларын төмен қаратып салады. Аппараттың кақпагын жауып, вакуум жасайды. Төменгі клапанды жауып, ыдыска құбыр бойымен ерітінді жібереді жэне толтыруга кажетті көлемге сэйкес есептеп, ауаны сиретеді. Сонан соң стерильденген, фильтрленген ауа жіберетін клапан ашылып, вакуум төмендейді. Қысымдар арасындагы айырмашылық әсерінен ері гінді ампула ішіне кіреді. Жеңіл тотыгатын заттар ерітінділерін қую инертті газдармен қорғау принципі бойынша жүргізіледі. Инертгі газбен ерітінді қаныктырылады жэне аппараттағы ауа сорылып алынған соң, ауаның орнына да осы инертті газ жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |