114)Байланыстырғыш заттар және олардың ассортименті. Байланыстырғыш заттар. Дәрілік заттардың көбінің бөлшек-
тері арасындағы өзара ілінісу күші өте аз болады, сондықтан,
оларды таблеттеу үшін үлкен қысым тудыру керек. Бұл таблеткалық
машиналардың тез тозуына және сапасы нашар таблеткалар
алынуына себеп болады. Төмен қысымда қажетті ілінісу күшін
қамтамасыз ету үшін таблеттелетін затқа байланыстырғыш заттар
қосады. Олар бөлшектер арасындағы кеңістікті толтырып, бөлшек-
тердің жанасу бетін ұлғайтады. Байланыстырғыш заттардың мәні,
әсіресе, күрделі ұнтақтарды престегенде зор, өйткені, олар
машинаның жұмыс істеу нәтижесінде қатпарланып бөлініп кетуі
мүмкін және таблеткадағы ингредиенттердің мөлшері әртүрлі
болып кетуі мүмкін.
Байланыстырғыш заттар құрғақ және сұйық болып бөлінеді.
Құрғақ байланыстырғыш заттардың қолданылғанына онша көп
болған жоқ. Технологияда құрғақ байланыстырғыш заттар ретінде
полиэтиленоксид, амилаза, «таблетол» (крахмал + декстрин + ами-
лопектин), микрокристалды целлюлоза белгілі. Бірақ, олар өте аз.
Сондықтан, көбінесе сұйық байланыстырғыш заттарды қолданады.
Сұйық байланыстырғыш заттар ретінде су, этил спирті, қант
шырыны, крахмал клейстері (желімі), метил- және ацетилцеллю-
лоза, натрий карбоксиметилцеллюлоза, желатин ерітіндісі және т.б
ұсынылған.
Әдетте, байланыстырғыш заттардың тиімділігі таблеткалардың
беріктігінің, ыдырағыштығының және кеуектігінің өзгеруі бойынша
бағаланатын. Осы жерде байланыстырғыш заттардың әсерінің
механизмі теория жүзінде аз дәлелденген. Коллоидты емес
байланыстырғыш заттарды қолданғанда бөлшектердің ілінісуі осы
престелуші заттардың бөлшектері арасында кристалдық көпір пайда
болуы нәтижесіңде жүреді деп есептеледі.
115)Қопсытқыш заттарды тағайындау, олардың классификациясы және номенклатурасы. Ыдыратқыш заттар. Дәрілік заттарды престегенде олардың
кеуектігі өте төмендеп кетеді. Бұл таблетканың ыдырағыштығын
немесе ерігіштігін баяулатып жібереді. Осыған байланысты дәрілік
заттардың таблеткалар құрамынан қажетті жылдамдықпен бөлініп
шығуы камтамасыз етілмейді. Таблеткалардың ыдырағыштығын
жақсарту үшін ыдыратқыш заттар қосылады.
Әсер ету механизмі бойынша ыдыратқыш заттар мына
топтарға бөлінеді:
а) адсорбтеуші және ісінуші заттар. Бұл топқа сумен
Дымқылданғанда, сұйықтықтың біраз мөлшерін сіңіріп, кебініп
және көлемі үлкейіп кететін заттардың бәрі жатады. Осының
әсерінен престелген бөлшектердің арасы ашылып, сұйықтықтың
таблетка ішіне енуіне мүмкіндік туады. Осындай заттарға: амило-
пектин, бентониттер, альгин қышқылы және оның тұздары, метил-
целлюлоза, натрий-карбоксиметилцеллюлоза, крахмал, желатин
жатады.
б) газ түзуші заттар. Газ түзуші заттар ретінде лимон немесе
шарап қышқылының натрий гидрокорбанатымен, лимон қышқы-
лының кальций карбонатымен қоспалары қолданылады. Осы
топтағы ыдыратқыштардың әсері карбонаттардың асқазан сөлінің
қышқылымен немесе шарап қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде
газ бөлінуіне негізделген. Осының нәтижесінде таблетка механика-
лық ыдырауға ұшырайды. Бірақ іс жүзінде бұл ыдыратқыштарды
қолданудың біраз кемшіліктері бар:
-оларды түйіршіктеуге дейін енгізуге болмайды;
-қышқыл немесе сілтілік заттарды қосу ингредиенттермен
химиялық әрекеттесуді туғызуы мүмкін;
-оларды көп мөлшерде қосу керек, ал бұл таблетка салмағын
үлкейтіп жібереді.
Сондықтан осы топтағы ыдыратқыштар өте аз қолданылады,
вагинальды және көпіршікті таблеткалар алу үшін крахмалмен
қосып пайдаланылады.
в) ерігіштікті жақсартатын заттар. Бұл топқа
топқа қантты
жатқызуға болады. Оның бөлшектері сұйықтықпен жанасқанда,
оңай еріп кетеді де, артында негізгі қаңқасын қалдырып қояды, бұл
қаңқа соңынан не ыдырайды, не ериді. Натрий хлориді де әрі
толықтырғыш зат ретінде, әрі (ыдыратқыш) ерігіштікті жақсартатын
зат ретінде қолданылады.
г) гидрофильдеуші заттар. Бұл топқа әртүрлі беттік активті
заттар жатады. Беттік-активтік заттардың әсері таблеткамен сұйык-
шекарасында беттік тартылыстың төмендеуі арқасында
дымқылданғыштығының жақсаруына және сұйықтықтың таблет-
каға тереңірек енуіне байланысты. Бұл заттардың тиімділігі
(әсерлігі) заттар бөлшектерінің бетіндегі
бетіндегі және капиллярлы
системаның қабырғасындағы адсорбциялык (сіңіруші) қабаттарына
байланысты. Бірақ, беттік-белсенді заттардың жеке өзде
көп жағдайларда тиісті ыдырағыштықты қамтамасыз ете алмайды.
Сондықтан, белгілі капиллярлық пен кебінушілікті қамтамасыз
ететін толықтырғыштарды да қосу керек.
Әдетте, ыдыратқыш заттарды дайын түйіршіктерге қосады,
бірак. кейде оларды қоспаға ылғалдандырмай тұрып қосуға да
болады. Ыдыратқыштардың біркелкі таралуы үшін, оларды түйір-
шіктеуге дейін қосқан дұрыс болар еді, дегенмен, түйіршіктерді
ылғалдаған және кептірген кезде ыдыратқыштың әсері біршама
төмендеп кетеді.