116)Антифрикциялық заттар, олардың мөлшері және тағайындалуы. Антифрикциондық заттар. Олардың әсерлері әртүрлі болады
да, ішкі және сыртқы кедергілерді басу үшін қолданылады.
Ішкі кедергіні (бөлшектер арасындағы үйкеліс) азайту үшін
крахмал, тальк, майсызданған сүт ұнтағы, ликоподий, каолин,
бентонит, талькумин, бор қышқылы, аэросил және крахмалдын
бірнеше түрлері қолданылады, ал крахмал түрлерінің ішінде,
әсіресе картоп крахмалы аса әсерлі болады. Ішкі кедергіні басу үшін
жақсы әсер ете отырып, осы заттардың көбісі ұзақ уақыт қолдан-
ғанда организмге зиянды әсер етуі мүмкін. Мысалы, тальк, каолин,
бентонит және басқа да силикаттар асқазан-ішек жолдарының
шырышты қабығын тітіркендіріп, гранулемалар пайда болуына
себепкер болады, алкалоидтардың әсерін төмендетеді және т.б.
Таблеткалардың пресс-формадан итеріліп шығаруын жақсарту
және олардың жабысып қалуын болдырмау үшін, сондай-ақ прес-
теуші детальдардың ұзақ уақыт тозбауын қамтамасыз ету (сырткы
кедергі) үшін майлағыш заттар қолданылады. Оларға парафин,
стеарин, какао майы, кальций және магний, стеараттары және т.б.
жатады. Осылардан басқа силикон сұйықтығы, поливинилпирро-
лидон, полиэтиленоксидтер, синтетикалык балауыздар (воск)
қолданылуға ұсынылған болатын. Бұл заттар жанасу беттеріндегі
кедергіні (үйкелісті) төмендетіп қана қоймай, бөлшектердің
деформациясын да әжептәуір жеңілдетеді. Осындай әсердің
механизмін майлағыштардың бөлшектердің микротесіктеріне кіріп
кетуімен түсіндіруге болады, ал бұл престеу қысымының біркелкі
таралуын қамтамасыз ете отырып, деформация процессінің
дамуына жақсы әсер етеді. Тиімділігі бойынша бұл заттарды мына
қатарға орналастырады: кальций стеараты → стеарин қышқылы →
вазелин майы → тальк → твин-80 - ПЭГ-4000.
->
Антифрикциондық заттардың әсерінің тиімділігі олардың
дисперстігіне байланысты. Олардың дисперстігі неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым олардың таралуы және түйіршіктерді бүркеу
мүмкіндігі жоғары болады