Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісінде қолданылатын әдістерді талдау Зертханалық жұмыстың мақсаты: Информатиканы оқыту үрдісінде қолданылатын тиімді әдістерді және сабақтың түрлерін талдау
«Әдіс» ұғымын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ғалымдардың зерттеулері бойынша негізгі анықтамасын беру
Информатиканы оқыту әдістемесі деп аталатын педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болуын талдау
Информатиканы оқыту үрдісінде қолданылатын әдістердің мақсаты мен міндеттерін қарастыру
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар:
жеке,
жалпы ғылыми және
жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.
Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағываленттілікті табу, социологиядағыанкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.