Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары үшінші мың жылдықта (б.д.д.) қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Қазақстан тəуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң шектеуде болды. Туристтік қызметтегі Кеңестер одағының негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Егемендік алғаннан бері Қазақстанда туристтік қызметті реттеудің жəне халықтың табиғи, тарихи жəне мəдени болмысын қайта жаңғыртудың негізі қаланды. Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы дүние жүзі туристтік ұйымына (ДТҰ) толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімді жасауы болды. Бірқатар келісімдер бойынша шет мемлекеттердің Қазақстанды туристтік əлеуметі мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасының болғандығын атап өту керек. ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристтік ұйымдар болды, солардың қатарында 6 мемлекеттік кəсіпорын, 405 жекеменшік нысаны жəне 14 шетелдік туристтік агенттік жұмыс істеді. Қазақстандық кəсіпорындар 80 елдің туристтік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан. Алматылық – 4, жəне облыстық – 13 турфирма 8 мемлекетке чартерлік əуе рейстерін жүзеге асырды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан обылыстарындағы, сондай-ақ Алматы жəне Астана қалаларындағы туристтік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың жəне қалалардың туристтік ұйымдары жыл сайын туристтердің жəне экскурсанттардың 88 пайызына дейін қызмет көрсетеді. Тұтастай алғанда, 1999 жылы барлық меншік нысандарындағы кəсіпорындар 2410,5 млн. теңге сомасында, оның ішінде мемлекеттік туристтік кəсіпорындар 57,3 млн. теңге, жеке меншіктегілері 2298,5 млн. теңге, шетелдік фирмалар 54,7 млн. теңге сомасында өнім сатты, жұмыстар орындады жəне қызметтер көрсетті. Республика бюджетінен түсетін жалпы түсімдердегі туристтік қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесі 1998 жылы 0,1 %-ды құрады. 1999 жылы статистикалық есеп беру үлгісі бұл мəліметтердің жинауды көздемеген. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда елдегі жалпы ішкі өнімінінің туризмдегі үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, ол 1,1 %-ды құрады. 16 Қазіргі кезде мемлекеттік, жеке жəне ресейлік оқу филиалдарын қосып есептегенде Қазақстанда барлығы 28 жоғары оқу орны (ЖОО) туризм менеджерлерін оқытып дайындайды. Қазақстанда осындай мамандарды дайындау 1992 жылдан бастау алса да, туристтік саланың мамандармен қамтамасыз етілуі əлі де қанағаттанарлықсыз деп есептеліп отыр. Көптеген ЖОО-ғы оқытушылар құрамының Қазақстанның туристтік потенциалы жəне туристтік саладағы жұмыстар тəжірибелері туралы білім деңгейінің жеткіліксіздігі негізгі себепкер болып есептеледі. Соның нəтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристтік-рекреациялық ресурстарды ұстап тұру, туристтерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристтік қызмет көрсетулерді тікелей жарнамалау əдістемесі жеткіліксіз есепке алу түрінде жүргізілуде. Сондықтан, ЖОО түлектерінің едəуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді. Қазақстандық туристтік өнім жəне оның əлеуметі. Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұстаныстың нарықтық санаттарына сəйкес өнім шығаруы тиіс. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағытталған халықаралық нарықпен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі нарықтың ара жігін ажырата білу қажет. Бүгінгі күні халықаралық туристтік нарық миллиардтаған ақша айналымы жəне қатаң бəсекелестікке күресуге бейімділігі бар орасан зор механизм ретінде танылып отыр, сондықтан, бірінші кезектегі міндет Қазақстанға ғана тəн ерекшелігі бар жəне сұранысқа ие болатын туристтік өнімді анықтау болып отыр. Осы жағдайлардан рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені байланысты екені анықталады. ДТҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып, жүргізілген талдау мен қолда бар тəжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрама бөлігін көрсетуге болады: Ұлы Жібек жолы бойындағы мəдени туризм (зиярат ету жəне дəстүрлі) жəне онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, тренинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Ұлы Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды. Көрсетілген басымдықтарға сəйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:
1. Іле сырты – Алматы қ., Түрген с., Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.
2. Солтүстік Тянь-Шань – Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.