Туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары.
Туризмді дамытудың мақсаты:
1. Халықаралық туристтік рынок жағдайында бəсекелестікке төтеп беретін мүмкіндігі бар, əрі сапалы туристтік өнімді өндіруге жəне сатуға қабілетті рентабельділігі жоғары туризм индустриясын құру жолы арқылы туризмді экономиканың табысы жоғары саласына айналдыру;
2. Республиканың туристтік əлеуетін арттыру;
3. Тарихи-мəдени жəне табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау жəне ұтымды пайдалану;
4. Халықтың барлық жіктерінің туристтік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристтік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
5. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
6. Мемлекеттік жəне жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылдарының тиімділігін арттыру;
7. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |