Макроэканомика СРСП
Тақырыбы: ''ҚР да тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру жолдары''
Орындаған:
Изтурган Абзал, Дүйсенбаев Берекет, Накыйпек Елдос
Тексерген:
Утебалиева Д.Б
Ақтау, 2023
ҚР да тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру жолдары
Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Өмір сүру деңгейі халықтың материалдық, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесімен сипатталады. Өмір сүру деңгейінің көрсеткіші халықтың игілікке деген қажеттілігінің деңгейіне де, қызметтердің саны мен сапасына да байланысты.
Негізінен «өмір сапасы» мен «өмір деңгейі» түсініктерінің нақты анықтамасы мен олардың көрсеткіштер жүйесі толық айқындалмаған. Көбіне олар өзара алмастырылып қолданылады, ал олардың көрсеткіштері өзара ұқсас болып келеді. Дегенмен, бұл түсініктерді бір-бірінен ажырату маңызды. Өмір сапасы өмір деңгейінен ауқымды категория болып табылады.
Өмір сүру деңгейі халықтың әртүрлі топтарының және жалпы халықтың нақты өмір сүру деңгейіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін әртүрлі сапалық және сандық көрсеткіштердің жиынтығымен айқындалады.
Ақшалай кірістерді арттыру
Өмір сүру деңгейінің сандық көрсеткіштеріне: жалақы деңгейі, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы, халықтың жан басына шаққандағы орташа тұтыну нормалары, халықтың жұмыспен қамтылуы және т.б. жатады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. Еңбек кодексі бойынша жұмыс берушілер ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде жалақымен қамтамасыз етуге міндетті екенін ескерсек, барлық салаларда әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы қызметкердің ақшалай кірісі өседі.
Жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын ұйымдар да разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа санаттағы қызметкерлердің жалақыларын ұлғайту жағына қарай қайта қарайтын болады.
Үкімет дәрігерлердің, мұғалімдердің, бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің және өндірістік персоналдың жалақысын кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.
Сондай-ақ 2023 жылы республика өңірлерінде шағын несиелеуге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту жөніндегі жоба белсенді іске асырыла бастайды. Бұл жеке үй шаруашылықтарын ауыл шаруашылығы кооперациясына тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бес жылда жобаға 1 трлн теңге бағытталмақ, бұл 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |