Фабрика-зауыт атаулары: Ақмола облысында Спаск, Успенский, Сарысуйский деген фабрик-зауыттар бар («Ақ жол» 2-кітап 51-бет).
Теонимдер –құдай (божеств), әулие атаулары. Бұл идеонимдердің аз зерттелген түрі дейді Маслова. В.А.Лингвокультрология.Москва:«Академия», 2001.
Газетте «Жаратушы» ұғымын білдіру үшін Алла, Құдай, Тәңір, Хақ теонимдері қолданылған. Діни ұғымға байланысты Пайғамбар, Құран, Құдай деген өте аз теонимдер қолданылған. Діни ұғымдағы сөздердің өте аз қолданылуы, газеттің коммунистік идеологияны насихаттаумен де байланысты болуы мүмкін. «Елге шыққан кейбір коммунист жігіттер: «Құдай әлде қашан өлген, Пайғамбар деген кім өзі!» деп айтады» («Ақ жол» 2-кітап 159-бет).
№2-диаграмма
Этноним- 561 Қазақ-қырғыз - 149
Теоним-4 Құдай-2
Библионим-406
Антропоним-590
Топоним-2145 Түркістан-623
Этнонимдердің ішіндегі ең көп кездестіргеніміз - қазақ-қырғыз ал, топоним ішіндегі ең көп кездескен атау-Түркістан.
Күрделі заттардың жалқы аттарды саяси терминдерге байланысты атауларда көп көруге болады. Өйткені газетте ресмилік басым.
Бұл атаулар қатып қалған әлем бейнесi немесе қазақ даласы емес, өз бастауы бар, ұзақ ғасырлар бойы адам өмір сүріп жатқан елді мекеннің «Ақ жол» газетіндегі көрінісі ғана. Бұл тарихи дами беретін, жалғасын табатын, тоқтаусыз үдеріс. Жер-су атауларының қалыптасуы – адамзат тарихындағы маңызды қадам, себебі жер-су атаулары өмір бойы адамзаттың қоғаммен тығыз байланысты елді мекенге ие болу құқын бекітті. Жер-су атаулары – нағыз өркениеттің алғашқы нышаны, Жердің тарихы- елдің тарихы, елдің тарихы, мемлекеттің тарихы.
2.2 «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНДЕГІ ОНИМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жалқы есімдердің құрылымы кеңінен зерттелген. Т. Жанұзақов өзінің кандидаттық диссертациясында жалқы есімдерді грамматикалық құрылысына қарай түбір және туынды тұлғалы деп екіге бөліп қараса [26; 14]. Кейінгі еңбектерінде дара, туында және біріккен тұлғалы жалқы есімдер- деп үшке бөліп қарайды [13; 129-133]. Жалпы негізгі, туынды, екі компоненті, көп компонентті деп бөледі. Э. Бегматов өзбек тіліндегі жалқы есімдерді марфологиялық құрылысына қарай дара, күрделі және қысқарған жалқы есімдер [25; 120-125], татар ғалымы Г. Саттаров татар тіліндегі жалқы есімдерді құрылысына қарай етістіктерден және зат есімдерден жасалғандар деп екі топқа бөліп қарайды, Азербайжан тіліндегі антропонимдерді зерттеген ғалым З. Садықов азербайжан жалқы есімдерін түбір, туынды және күрделі деп үшке бөледі, Түркі тілдеріндегі кісі есімдерінің құрылысы бойынша осындай пікірлер Т. Кусимова, А. Шайхулова, В.У. Махпиров, О. Сайымбетов еңбектерінде ұшырасады.
«Ақ жол»газетіндегі жалқы есімдер құрылысы жағынан жай және күрделі болып келеді. Үнді- европа тілдеріндегі есімдерді А.В. Суперанская құрылысы жағынан күрделі және апелятивтік деп бөледі[11; 63].
К.Мусабаев түркі тілдеріндегі антропонимдер құрамы жағынан дара және күрделі болып келетінін қарастырады [29]. Дүние жүзіндегі тілдерде есімдер грамматикалық құрылысы жағынан осындай бірдей классификацияға ие болғанымен,әрбір тілдегі кісі аттары сол тілдің ішкі заңдылықтарына бағынады. Орта Азия халықтарымен қазақ халқы ортақ қолданылатын есімдердің өзіндік тарихы мен алуан түрлі сыры бар.
Қазақ тіліндегі есімдер тарихының құрылысы мен құрамына тарихи тұрғыдан кең түрде толық пікір келтірген ғалым .проф.Т.Жанұзақов [22].
Проф.Т.Жанұзақов ,С.Е Малов ,И.А Батманов А.Н Кононов ,В.В Радлов айтқан пікірлерге сүйене отырып, қазақ есімдерінің шығу тегін Ү-Х ғасырлардан бастап пайда болғанын дәлелдейтін фактілерді келтіреді. Ғалым біріккен тұлғалы есімдерге түрколог Е.В. Севортян, профессор Т. Жанұзақов т.б. тәрізді ғалымдардың "Қазақ тілінде сөз тудырудың, жаңа сөз жасаудың бір амалы екі түбірді біріктіріп айту. Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп жаңа сөз тудыру тек кейінгі кезде ғана шыққан тәсіл емес, арғы заманнан келе жатқан, әбден орнығып қалыптасқан, үйреншікті тәсіл» деген пікірлеріне сүйене отырып «Ақ жол» газетіндегі жалқы есімдердің жасалуы туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады.
«Ақ жол» газетіндегі кісі аттарының басым көпшілігі екі сөзден біріккен, яғни біріккен тұлғалы болып келеді. Көбінесе, сын есім мен зат есім, етістік пен зат есімдердің бірігуі арқылы кісі аттарына жасалған.
Біріккен тұлғалы кісі аттарына үш түрлі қасиет тән.
Олар:
Аффикстік тәсіл. Бұл тәсіл бойынша, түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Қойшыбай, Қойлыбай, Малдыбай, Аналық, Аталық, Жақсылық, Игілік, Сағындық т.б.
2) Дербес мағыналы сөздердің бірігуі арқылы жасалатын есімдер. Мысалы: Бекайдар, Базарбай, Нұрсұлу, Айсұлу, Күлімхан, Сағынғали, Қозыбай, Асанхан, Ақжолтай, Қаракөзайым, Бәдігүлжамал т.б.
3) Эпитеті алды-артында келіп бірге айтылатын кісі аттары. Бұлардың екі сыңары да бірдей айтылып, бір адамның есімін білдіреді. Бірақ бөлек жазылады. Мысалы: Қозы Көрпеш, Баян сұлу, Қыз Жібек, Ер Төлеген, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Қобыланды батыр, Ақан сері, Біржан сал, Алдар көсе, Жиренше шешен, Асан қайғы т.б..
Кейбір кісі аттарының екі сыңары немесе бір сыңары басқа тілдерден енген болып келеді. Мысалы: Ахметқали, Мұхаметқали, Сейтқазы, Сұлтанәлі, Аббас, Жамалхан, Қожабек, Гүлзира, Қожабек, Әбдірахман, Әбдіқадыр, Әбдікерім, Абдолла, Хабиболла, Әзизолла, Рахметолла, Құдыретолла, Лутфолла, Нұролла т.б.
Бұл есімдердің әрбір компонентінің шығу тарихы, түпкі мағынасы бар. Абд (ар. құл- раб) сөзімен тіркес келеді де: Абд-оль-керим, Абд-оль-рахман, Обдоль-рахим, Абд-оль-кадер, Абдолла формасында айтылады.
«Ақ жол» газетінде аты мен тегі қатар қолданыдады. Кейде Ахмет Байтұрсынұғлы болса, бір жерде Ахмет Байтұрсынов. Біздің зерттеуімізше-ов/-ев оқулық авторы ретінде қолданылған. Мәжіліс төрағасы ретінде, хаттамаларда Ахмет Байтұрсынұғлы қолданылған. Тура осындай жағдай Жүсіпбек Аймауытұғлы/ Жүсіпбек Аймаутов, Мағжан Жұмабайұғлы/Мағжан Жұмабаев.
Қазақ тілінде сөзжасам грамматика аясында қаралып, оның лексика-семантикалық қызметіне мән берілмей келгенін көрнекті тіл маманы С.Шаев атап көрсеткен еді. Сөзжасамның басты міндеті сөз таптарын жасау емес, аналитикалық және синтетикалық тәсілдер арқылы «жаңа мағыналы сөз түзету» екенін дәлелдеп береді.
Сөзжасамның өкілдік қызметі тіл білімінің лексика тарауында, оның ішінде ономастика саласында да анық байқалады. Сондықтан жер-су аттарын зерттеушілер өз ғылыми еңбектерінде сөзжасам бойынша топтастыру тәсілін бұрыннан қолданылып келеді. Мәселен, ағылшын жер-су аттарын зерттеген К.Камерон атаулардың көбі әр түрлі элементтерге бөліне алмайтынын ескеріп, оларды «қарапайым», яғни бір сөзден тұратын атаулар деп атаған. Атаулардың тағы бір бөлігі «күрделі», яғни екі немесе одан да көп сөздерден біріккен деп тапқан.
Славян тілді атауларды қарастырған В.Н.Подальская өз материалын үш топқа бөлген: 1. Бір негізді, түбір, болмаса алғашқы; 2. Күрделі, екі негізді атаулар; 3. Екінші, яғни туынды атаулар.
Топонимикалық құрылымдардың компоненттерін біріктіру тәсілдеріне қабысу мен изафет жиі қолданылады. Көптеген топономист ғалымдар бір негізді атаулар алғаш пайда болып, екі-үш және төрт негізді атаулар кейін құрылған деп қарайды.
Топоним жасаудағы тағы бір көз – атаулардың басқа нысандарға ауысуы. Топонимикада бұл құбылысты омоним ретінде қарау қалыптасқан болатын (Н.В.Подольская, В.Д.Беленьная,т.б.). Алайда А.П.Ваналас, О.Т.Молчанова сияқты ғалымдар мұның ешқандай да омонимге айналуы емес, кәдімгі атаулардың ауысуы екенін дәлелдейді.
О.Т.Молчанова омоним атаулардың шығу тегі әртүрлі болуы керек дегенде кірме атауларды мегзеп айтпаған. Алайда лексикамызда омоним жасаудың бір жолы борлып табылатын кірме сөздер топоним—омоним жасауда белсенді болады. Мысалы, Құстыкөл мен Құсты Қамыр атауларының бағыныңқы сыңарлары бір-біріне омоним болып тұр. Бірінші атау «құсы мол көл» түрінде ашық семантикада тұр, екіншісі монғолша хус «қайың» + ты (туынды сын есім жұрнағы) –хуст-құсты-қайыңды болып шығады. Омонимдік қатарға қойса, Құстыкөл – Құсты Қамыр болады.
Қорыта келгенде «Ақ жол» газетінде омоним атаулар, қайталанған атаулар және ауысқан атаулар арқылы да байып отырады.
Топонимдердің жалпы ономастикалық категориялардың құрылысы, оның лексикалық қоры, морфологиялық құрылымы тіл тілде алуан түрде болып келеді. Зерттеу обьектісі болып отырған «Ақ жол» газетінде оронимдеріндегі қазақтың төл атауларына грамматикалық талдау жасау барысында олардың басым көпшілігінің қазақ тілінің лексика-грамматикалық тәсілдері арқылы жасалғандығы анық байқалады. Оронимдерді құрылымдық сипатына қарай бір туынды, екі туынды және көп түбірден болып келеді.
2.2.1 Бір түбірден жасалатын атау
Бір негізді атау түркі тілінде аз кездесетіні белгілі. Оның көбі дәстүр бойынша бір негізді болып саналатын антротопонимдер мен этнотопонимдер. Бірнегізді атауларды таза түбірден және туынды түбірден тұлғада келетіндері тым сирек кездеседі. Бұрыннан түбір тұлғада келетін атаулар негізінен, топонимизацияланған номендер болып келетінін, алғашқы атаулардың жалпы есім түрінде болғанын ғалымдар мойындайды. Сонау Қайта өрлеу дәуірінің өкілі Г.В.Лейбниц (1646-1716) «Барлық жалқы есімдер немесе жекелер алғашында жалпы есімдер немесе жалпылар болған» деп ескерткен еді.
А.В.Суперанская «Жалқы есімдердің барлығы дерлік, соңын қуып келгенде, жалпы есімдерден шыққандықтан, олардың семантикасы екінші мәнді және күрделірек» деп тұжырым жасайды.
Өр Алтайда топонимизация тәсілі арқылы ешбір өзгеріссіз оронимге айналған аппелятивтер көп емес: аша, ашы, бөктер, бүйрек, дара, жал, жүрек, қамыр, қия, қаптал, қуыс, өзек, сырт, шат.
Белгілі ғалымдар А.Гулебольд пен Е.М.Мурзаев көне дәуірде сөз қорының аздығынан жер-суға толық сипаттама бере алмаған адамдар тек жалпы есімдерді (тау,су) қолданған деген пікір айтады. Бұған сүйенсек жоғарыдағы аппелятивтен пайда болған атаулар Оңтүстік Алтайдағы ең көне атаулар болуға тиісті. Алайда жер-су аттарының жас мөлшерін дәл анықтау тіліміздегі тұрақты тіркестердің пайда болу мерзімін анықтау сияқты үмітсіз нәрсе. Сондықтан жалпы есімдердің жеке обьектіге берілуі олардың орналасуына тікелей байланысты. Мәселен, жазықтағы жалғыз төбені Төбе деп атай беруге болмайды.
Екінші жағынан алғанда, таулы жердің өзінде Төбе,Төл,Ұра. Шат сияқты жалпыдан жекеге өтіп топонимизацияға ұшыраған атаулардың кездесуі эллипсистің әсері болуы мүмкін. Елді мекенге жазып орналасқан микрооронимдер жиі қолданылатындықтан, тілдік жағынан ықшамдалып, белгісін білдіретін сыңары түсіп қалады. Сол Төбе, мүмкін, Жалғызтөбе, Аласатөбе т.б түрінде болған шығар? Басқа төбелер алыста болғандықтан, ауылға жақын төбені бөліп көрсетудің қажеті болмай қалады. Мысалы, ауызекі тілді былай айтылады: «Атты төбенің артынан әкелдім» немесе « Төбеге шығып, қойларды қарай салшы» т.б.
Бірнегізді атаулардың қайсысы бұрынан келе жатқанын, қайсысы элмепсіз арқылы пайда болғанын анықтап беретін критерші жоқ. Суваш тіліндегі топонимдерді зерттеуші Ғ.Е. Корнилов элменсис арқылы пайда болған атауларға бұрынан келе жатқан бірнегізді («бұлар таза апеллятивтер») атауларды қарсы қояды да, соңғылары «шығуы жағынан неғұрлым көне, неғұрлым тұрақты және өнімсіз» деп табады.
Эллипсиске даусыз жатқызылып жүргендері антротопонимдер мен этнотопонимдер. Әсіресе түркі тілінде бұлар міндетті түрде изафеттік қатынаста келетіні белгіл: Байбөрді асуы, Алтыбай тоғайы, Бәйгісі жұрты.
Достарыңызбен бөлісу: |