2.2.2 Екі түбірден жасалған атаулар
Түркі топонимдерінің дені екі құрамды болып келетіні анықталған нәрсе. «Ақ жол» газетінде жинақталған 2000 оронимнің 1500-і екі негізді болса, бір негіздісі 464, үш негіздісі 34,и төрт негіздісі 2 атау ғана болды. Екі негізді атаулардың мол кездесуі жалпы түркі топонимиясының басты ерекшелігі. Жер бедерін белгілеуде мұндай құрылым ең ыңғайлы деп есептеледі [18, 109].
Екі түбірден жасалған атаулардың мол кездесуі – жалпы түркі топонимиясының, оның ішінде Оңтүстік Алтай оронимдерінің де басты еркшелігі. Топоним жасауда мұндай құрылым ең өнімді және ең ыңғайлы деп есептеледі. Олар нысанды неғұрлым толық сипаттап, анықтауыш + термин тәсілі бойынша, шексіз атаулар жасауға қабілетті. Оны мынандай схемамен көрсетуге болады.
Айыр Асу
Алтын Аша
Бәйге тас бел Ащы
Бөкек Діқарағай
Жар Қарағай
Төбе
Атаулардың жасалу жолын жан-жақты қарастыру мақсатында бірінші сыңарда кездесетін орфографиялық терминдер, сын есімдер, сан есімдер мен бағыт-бағдар мәнді көмекші сөздер, т.б. Жеке жеке топтастырылып берілген. Олардың бірінші сыңардан неше рет қайталанып келетіні жиілік индексімен белгіленеді. Соған орай алфавит бойынша емес, жиілік индексінің кему бағытында орналастырылды: қара 10, ақ 10, көк 2,т.б.
Тізімнен біріккен тұлғалы топонимдердің бірінші сыңары көбінесе сын есімнен және адьективтенген басқа сөз таптарынан тұратындығы байқалады. Мұндай атрибутивті қатынаста тұрған атаулар белгімен белілеп тұрған зат арасындағы семантикалық байланыс арқылы біртұтас ұғым береді. Мәселен, зат есімді, «тас» сөзі басыңқы сыңардан келгенде, анықтауыштық қызматке көшеді: Тасдіңгек, Таскезең, Тасқора,т.б.
Екінші сыңарда кездесетін орфографиялық терминдер заттық мәнге көшкен басқа да сөздер обьектінің өзін атап көрсетіп, негізгі денотаттық мағына арқалайды. Бүкіл түркі тілді топонидердің құрамында кездесетін, жиі қайталанатын бұл географиалық терминдер арасында жергілікті жерге тән ерекшеліктер де жоқ емес: тас 34, тау35 т.б.
Түркі тілді жер-су аттарының көпшілігі екінегізді болып келетіні және жиі қайталынып келетін географиялық терминдер арқылы жасалатыны белгілі. Мәселен қазақ әдеби тіліне тән 150-дей орографиялық терминдер бар деп есептелсе, Оңтүстік Алтайда соның 140-қа жуығы кездеседі [14, 112].
Қазақстанның кейбір жерлері таулы аймақ болғандықтан, әрбір орографиалық терминге бірнеше анықтауыш мәнді сөз келіп тіркеседі. Ол, мәселен, көптеген адырды, кезеңді, жотаны бір-бірінен ажыратып көрсетудің бірден-бір жолы. В.А.Жучневич жалпы географиялық терминдердің жалқы есім жасаудағы міндеті туралы айта келіп, мынандай мысал келтіреді: «Көл көп кездесетін Карелияда көл сөзі ешқашан географиялық атау бола алмайды. Бір обътіні екінші объктіден ажырату үшін, бір көлді көлден ажырату үшін оларға жалқы есімдер қосу керек: Конг-озеро, Сег-озеро, Выг- озеро т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |