1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы



бет4/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысын тіл білімі ғылымында, оның ішінде когнитивті лингвистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау курстарында көмекші құрал ретінде пайдаланыла алады. Кіріктірілген әдіс арқылы тарих, география т.б. ғылыми пәндердің нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дәйектеуге қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдықтары мен нәтижелері:

  • «Ақ жол» газеті алғаш рет ономастикалық тұрғыдан зерттелді;

  • онамастикалық атаулар лингвистикалық аспектіде талданды;

  • «Ақ жол» газеті алғаш рет ономастикалық кеңістігі айқындалды;

  • «Ақ жол» газетіндегі онимдерді когнитивтік мәні семасиологиялық әдістермен ұштастырыла зерттелді;

  • «Ақ жол» газетіндегі онимдерді онимдік разрядтарға жіктеліп қарастырылды;

  • ономастикалық атаулар ұғым-термин-дефиниция-уәжділік қатарларының ерекшеліктері лингвистикалық, танымдық, когниция тұрғысынан нақтыланды.

Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:

  • «Ақ жол» газетінің ономастикалық кеңістігін антропоним, топоним, библионимдер, идеоним, гиперонимдер құрайды.

  • 1920 жылы 7 желтоқсан мен 1925 жылы 15 наурыз аралығындағы тарихи деректердің нақты қайнар көзі бола алады.

  • Теонимдер өте аз кездеседі. Діни ұғымдағы сөздердің өте аз қолданылуы, газеттің коммунистік идеологияны насихаттаумен де байланысты болуы мүмкін.

  • Газеттің «Сыртқы хабарлар» бөлімі шетелдік онимдермен байланысты.

  • Газеттің «Ішкі хабарлар», «Әйел теңсіздігі», «Жастар арасында» бөлімдерінде Ресейлік және қазақстандық онимдермен байланысты.

  •  Тұрақты авторлар: Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Ғазымбек Бірімжанов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгерұлы, Мұхтар Әуезов, Қалжан және Әуелбек Қоңыратбаевтар, Бейсенбай Кенжебаев, Телжан Шонанұлы, Әлжан Байғұрин, Абдолла Байтасов, Қажым Басымов, Шамғали Сарыбаев, Біләл Сүлеев, Есім Байғасқин, Сәдуақас Баймаханов, Мәшһүр Жүсіптің баласы Әмин Жүсіпов, Жүсіпбек Арыстанов. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет