1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Кіріспе Дипломдық жұмыстың өзектілігі



бет2/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

Кіріспе


Дипломдық жұмыстың өзектілігі: «Әуелі – газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа сондай керек. Газетасы жоқ жұрт басқа газетасы бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүнияда не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ»[«Қазақ»,1913, №1].- деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай қазақ елінің "Түркістан уәләятының газеті" (1870-1883) мен "Дала уәләятының газеті" (1888-1902) деген алғашқы газеттері болды. Бұлар патша өкіметінің ықпалымен үкіметтің қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Ресей мен басқа мемлекет өміріндегі оқиғаларды, шаруашылық хабарлары жарияланып тұрды. Кейіннен басқа газет -журналдарда шыға бастады. Сол газет журналдардың , атап айтқанда «Қазақ» газетінің жалғасы ретінде «Ақ жол» газетін білеміз. «Ақ жол» газеті алғаш рет 1920 жылы 7 желтоқсанда жарық көрген. 1925 жылы 16 маусымда «Ақ жол» газеті Ташкенттен Шымкентке көшіріліп, 15 наурызда соңғы саны шыққан. «Ақ жол» газетінде де үкіметтің қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтары, сот орындарының үкімдері, заңдар, қаулылар, сауда хабарлары «Ресми бөлімде», басқа мемлекет өміріндегі оқиғалар «Сыртқы хабар» айдарымен, елдегі оқиғалар «Ішкі хабарлар» айдарымен беріліп тұрған. Жастар да назардан тыс қалмаған «Жастар арасында» бөлімінде жстардың үндеуі, ойын-сауығы да жазылған. Сондай-ақ «Әйел теңсіздігі» айдары қосылған. Бұл жерде қыз баланың малға сатылуы, әйелдердің теңсіздігі, қазақ әйелінің тұрмыс-тіршілігі кейіннен оқыған әйелдердің жасаған баяндамалары жарияланған. Барлық бөлімде онамастикалық атаулар молынан кездеседі. Кісі есімдері сол кезде белсенді болған тұлғалардан ақпарат берсе, жер-су атаулары тарихи деректердің таптырмас құнды дәлелі болмақ. Тарих пен тіл адамзаттың ең асыл құндылығы болғандықтан зерттеу жұмысының өзектілігі ....
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: «Ақ жол» газетіндегі ономастика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет