«Мұрагер»» бағдарламасы жайлы



Дата05.11.2016
өлшемі6,02 Kb.
#622
  • «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы. «Мұрагер» - халық ұлттық педагогикасының негізінде жасалған оқыту жүйесі. Мұрагер қазіргі таңда қазақ балаларына музыка пәнін оқытуға арналған, қазақ мектебі қандай болуы керек деген сұраққа жауап беретін бағдарлама.  Бірінші сынып оқушылары қазақтың халық аспаптарының шығуына арналған аңыз-күйлермен танысады, сол бойынша сурет салады, домбыра қағыстарын үйренеді. Екінші сыныпта домбыраның ұлы күйшілердің жан серігі екенін түсініп, Құрманғазы, Қорқыт, Қазанғап, Дина сияқты күйшілердің өмірбаянымен,  күйлерімен танысып, аспапта ойнауды жалғастырады. Үшінші сынып сабақтары «Ән – көңілдің ажары» айдарымен өтеді. Ақансері, Біржан сал әндері және тұрмыс-салт жырларымен танысады.
  • Бастауыш сатыны аяқтаған оқушы бірнеше күй тартып, ән айтатын жағдайға жетеді. Бесінші сыныпқа келген оқушы айтыс мақамдарын үйреніп, өзі өлең құрап, шығармашылыққа аяқ басады. Алтыншы сыныпта жыраулық дәстүрді игеріп, Бұхар, Нұртуған сияқты жыраулар термелерінің ізімен терме шығарып үйренеді. Жетінші сыныпта оқушылар туысқан түркі халықтарының аспаптарымен және классикалық шығармалар үлгілерімен танысады. Бір сөзбен айтқанда, оқушылар әуелі ұлттық өнерді бойына сіңіріп, әлемдік өнерді қабылдауға аяқ басады.
  • Қарағайдың түбінен
  • Қайрып алған қобызым
  • Үйеңкінің түбінен
  • Үйіріп алған қобызым
  • Желмаянын терісін
  • Шанақ қылған қобызым
  • Ортекенін мүйізін
  • Тиек қылған қобызым
  • Бесті айғырдың құйрығын
  • Ішек қылған қобызым
  • Жүсіпбек Елебеков кім?
  • ұстазы мен шәкірттерін ата
  • "Ақ сиса" әнінің авторы кім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет