Зерттеу нысаны – Абайдың «Қара сөздерінің» мәтіні, ал зерттеу пәні – синтаксис құрылыс заңдылықтары.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Абай «Қара сөздері» мұнан бұрын синтаксистік зерттеудің нысаны болған жоқ. Сондықтан синтаксистік тұлғалардың құрылысының Абай прозасындағы көрінісі маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері – Абайдың прозалық мәтінінің синтаксистік құрылысына талдау жасау арқылы парықтама жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды:
- «Қара сөздердегі» сөздердің тіркесу ерекшеліктері;
- «Қара сөздердегі» сөйлем ерекшеліктерін талдау;
- «Қара сөздердегі» мәтін синтаксисіне тән ерекшеліктерін анықтау.