Сабақ: 37 Мектеп: 30 бастауыш мектеп Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем 31-36 жаттығу



Дата20.06.2018
өлшемі20,9 Kb.
#43474
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ: 37

Мектеп: 30 бастауыш мектеп

Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем 31-36 жаттығу

Мұғалімнің аты-жөні: Ә.Е.Ералиева

Күні: 14 қараша




Сынып: 4 «Г»

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:




Оқу мақсаты:



Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы мен ерекшеліктерін тапсырмалар орындату арқылы меңгерту.

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар білуге тиіс: жай және құрмалас сөйлемді ажыратуы

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын, ерекшеліктерін

Кейбір оқушылар білуге тиіс: жүйелі талдай, дәлелдей білуі

Алдыңғы білімдер


Сөз тіркесінің жасалу жолы


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы
2мин

1мин


5мин


І Психологиялық дайындық:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес алуыңа тілектеспін, сабаққа жақсы жауап бер, т.б.».

Топқа күз жапырақтары арқылы бөлемін. Сары, қызыл, қызғылт 3 түспен 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткенді еске түсіру. Әр топтан 2 оқушыдан шығып берілген сұраққа жауап береді.

1.Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен болған 2 сөз тіркестерін айт.

3. Бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары етістіктен болған сөз тіркесін айт.

4.Суретке қарап, сөз тіркесін құрап айт.

5.Сөз тіркесінің екінші сыңары негізгі мағынаны білдіретін, сол арқылы бірінші сыңарына сұрақ қоюға болатын сөз тіркесін құра.

6.Қазақша сөйлеу сөз тіркесінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықта.

3түсті жапырақ суреттері


Сұрақ қағаздары



Сабақтың ортасы

6мин

3мин


5мин

1мин

7мин

Топтық (талқылау)жұмыс


5мин

Жұптық жұмыс

«Мен мұғалім рөлінде» әдісін қолданамын. Алдын-ала оқушыға тапсырма берілген.

Оқушы шығып 31-жаттығудағы бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқытады. Өзара салыстырады.

Қоңырау соғылды. Қоңырау соғылды да, сабақ

басталды.

Ауылдан атам келді. Ауылдан атам келді де,

мені циркке апарды.

Әжем жір иірді. Әжем жіп иіріп, одан

кеудеше тоқыды.

Ұқсастығы сөйлемдер. Аяқталған ойды білдіріп тұр. Хабарлы сөйлем. Өзгешелігі бағанның сол жағындағы сөйлемдер бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр. Ал оң жағындағы сөйлем екі ойды білдіріп тұр, әрі үтір тыныс белгісі арқылы ажыратылып тұр.

32-жаттығу Негеш пен Білгішбектің диалогін оқиды. Оқып болған соң бір қорытындыға келу үшін ереже шығарады.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз: Қамажай келіп, мені театрға ертіп кетті.

Оқушы түсіндіріп болған соң «Басбармақ» арқылы (формативті бағалау) балалар бағалайды.



Кестемен жұмыс:

Міне, балалар, сөйлем құрылысына қарай жай және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Құрмалас сөйлем бірнеше жай сөйлемнен құралады.



Дәптермен жұмыс:

33-жаттығу

Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға жазады.

Мәтіндегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелдей түсіндіреді.



«Жалқау 8» ширату жаттығуын орындатамын.

34-жаттығу Негізделген тәсіл арқылы бірлесіп жұмыс жасайды.



  1. Құрмалас сөйлемді тап.

  2. Құрмалас сөйлем екенін дәлелде.

  3. Жатқа жаз.

Постер қорғайды.

  • Несіпбек Айтов кім?

  • Оның қандай шығармаларымен таныссыңдар?

«Екі тілек, бір жұлдыз» әдісі қолданылады.

36-жаттығу «Жалғасын тап» ойыны. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Оқушылар келесі бөлігін табады.



«3 мағыналы сөйлем» әдісі бойынша 3 сөйлем таңдалып, тақтаға жазылады.

Ол бүгін ерте келіп, барлық істі аяқтады. Лезде аспанды бұлт торлап, жаңбыр нөсерлетіп құя берді. Жаз ыстық болса, қыс суық болады.


Слайд парақшалары

Жай және құрмалас сөйлем кестесі

Постер
Несіпбек Айтов суреті



Қорытынды бөлім

5мин

2мин


Бағалау

3мин



«Екі жақты күнделік» әдісі.


Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем






... Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан жұмыртқаны алмақшы болды.

Кері байланыс парағын толтыру

Мен нені үйрендім?

Маған не қиын болып көрінді?

Мен енді нені үйренгім келеді?

Топтардың жинаған күлшелерін топ басшылары санап, қай топ белсенділік көрсеткені анықталады.

Әр бала өз-өздерін бағалайды.


Парақшалар таратылады

Слайд парақтары көрсетіледі.

Кері байланыс парағы


Күлшелер саналады



Қосымша ақпарат

Дифференциация:

Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау: оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:

денсаулық пен қауіпсіздік, АКТ, құндылықтар

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?







Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері

1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт



1.

2.

Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



1.

2.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет