1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


Абай қара сөздеріндегі дидактикалық дискурс



бет31/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Абай қара сөздеріндегі дидактикалық дискурс
Дискрус француз тілінен аударғанда «сөйлеу» мағынасын білдіреді. «Дискурс – экстралингвистикалық, яғни парадигмалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланысты болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін» [41, 7-б.]. Дискурс көбінесе ауызша қатынас деп түсіндіріледі. Мәселен, Т.Ван Дейктің пікірінше, дискурс сөз арқылы ойлау қызметінің вербалды түрі, ол лингвистикалық компоненттермен қатар экстралингвистикалық факторларды (когнитивтік құрылымдар, адресанттардың мақсаты мен ұстанымдары, вербалды хабарламаға қоса берілетін бейвербалды элементтер) [42, 25-б.] дей келе, автор өз еңбегінде айтушы, тыңдаушы, әңгімелесу деген түсініктерді қолданады [42, 155-б.]. «Дискурс – сөйлеушінің кез келген сөзі, бірнеше сұрақ, жауап, талқылау тудыратын динамикалық сөз. Ал мәтінде тек автор ойының дамуы ғана болады да, ал оқырман қарым-қатынасқа түсе алмайды» [3, 10-б.]. Мысалы, Абай қара сөздерінде Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Абайдың қай қара сөзін алсаңыз да, өз оқырманы, өз тыңдаушысы бар. Бұл туралы ақын өзінің «Бірінші қара сөзінде» айтып кетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» [22, 6-б.].
Зерттеуші Қ.Өмірәлиев: «Әрине, Абай зор ақындық шабыт иесі болғандықтан да мұндай өлеңдеріндегі ақыл сөздеріне көркемдік бояу оның өз ойлағанынан гөрі көбірек еніп, ақылдықты ақындық басып кетіп отырады. Осындай жағдайда Абай «бұл өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы анығында солай да еді» (М.Әуезов). Осы жайды ескеріп, Абай дидактикалық поэзияға туыс нақыл сөз үлгісіндегі қарасөзге көшеді. Оны қатар алып отырады. Мұнда Абай өз оқушы, тыңдаушыларымен әңгімелесе отырып, «сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады» (М.Әуезов). Сайып келгенде, ақынның қара сөздері де осылайша, өз дәуіріндегі оқушы, тыңдаушы жұрттың ой-өрісі талабынан келіп туған, өз дәуірі жағдайлары қажетінен келіп туған дидактикалық-философиялық шығармалар. Мораль философиясы», - деп ақын шығармаларындағы дидактикалық дискурстың рөлін анықтай түседі [6, 35-б.]. Ғалымдардың дискурс терминіне берген анықтамалары түрлішеболғанымен, олардың барлығының да дискурсқа тән деп көрсеткен белгілерібар: бұл – дискурстың диалогтік сипаты, сөз жағдаятына сай орындалатынсөйлеу әрекеті екендігі. Дискурстың диалогтік сипатына коммуникацияға қатысушылар санының кем дегенде екеу болуы жатпайды, сөйлеуші түзіп,қолданысқа түсірген мәтіннің қандайда бір тыңдаушыға бағытталуыжатқызылады. Мысалы, «Он жетінші қара сөздегі» қайрат, ақыл, жүректің айтысуы, олардың арасындағы диалог – дискурсқа тән белгілер. Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке-жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішін де жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым.
Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол - толық сапалы адам болудың шарты жайындағы ойлар. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды. Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке-жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішін де жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Осы қарасөзінде Абай жүректі, яғни адам - адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе - осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді. «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуісіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек...» -деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сезім және қайрат секілді қуаттарын біртұтас етіп алады. «Он жетінші сөзінде» (қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын адамның үш түрлі жан құбылысын әдеби публицисттік тұрғыда көрсетпек болады. Ойшыл-ақын негізгі үшбастау - ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қулықты.б.) қайран қалдырады.
Абай қара сөзінің дидактикалық мәнісі мынада: ойы асқақ, рухы биік, жігерлі болып өсуі үшін әрбір жас буын «өз жүрек түбіне терең бойлап» қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білуі керек. Рухтың ұясы – жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, ізгіленеді. Ал жүрек жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да, болашаққа да теріс ықпал етеді. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп Абай атамыз атап көрсеткен үш асыл қасиетті бойына дарытып, ізгілікті мақсатқа пайдалана білген әрбір азамат – ел ертеңі, ұлт болашағы. Р.Сыздық айтысты дискурс тұрғысынан қарастыра келіп: «Шаршы топ алдында айтылатын сөздердің барлығында екі жақ: айтушы мен тыңдаушылар орын алатын болса, айтыста мұндай дискурсивтік қатынаста тыңдаушылар бір емес, екі типте келеді: алдымен, айтысқан екі ақын кезекпе-кезек бір-біріне айтушы↔тыңдаушы болып отырса, олардың тағы бір қабылдаушылар тобы бар болады, олар екі адам айтысын тыңдаушылар, яғни қалың топ (алқа топ – шаршы топ). Айтыста, тұтастай қарағанда әдеттегідей дискурсивтік қатынаста екі «тұғыр» – айтушы (айтысқан екі адам) және тыңдаушы жұрт болуы керек» дейді. «Он жетінші қарасөзде» де дискурсивтік қатынастағы тыңдаушылар бірнеше типтес болып келеді. Мұнда айтысқан қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бір-бірлеріне кезек-кезек айтушы↔тыңдаушы болса, үшеуінің айтысын тыңдаушы, оларды қабылдаушы-ғылым. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысы мен олардың ғылымға келіп төрелікке жүгінуін оқып отырған оқырман да қабылдаушы бола алады.
Абай түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сөзді түсіну қиын деп тұжырымдайды. Ақынның ес туралы пікірлері де қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастың себептері» деген психологиялық термин енгізген. Ол осыған орай «Отыз бірінші» сөзінде: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күлліақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер», -деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті, қуанышты көңіл күйлерін тану барысындағы естің маңызы жайлы айта келіп, адам «... сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» - деп түйіндейді.Абайдың бұл әңгімелерінің кім үшін болсада, тәрбиелік мәні зор. Әйтседе білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылымда, өнерде жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеруде жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет