Тұрмыстық заттарды жасауда ғылымның атқаратын рөлі үлкен.
2.
Табиғи таза материалдар біздің айналамыздан табылады.
3.
Ағаштан жиһаз, тұрмыстық заттар жасап, үйлер мен көпірлер
салады.
4.
Ал тастар мен тау жыныстарының сан түрлері биік ғимараттарды
салғанда қолданылады.
17-жаттығу. Рөлге бөліп оқыңыздар. Осы тақырып бойынша өзара
сөйлесіңіздер.
Раушан: - Сымбат, ғылымның қандай жетістіктерін білесің?
Сымбат: - Ғылым жетістіктерінің арқасында теледидарлар, тұрмыстық
электр аспаптары жасалады.
Мөлдір: - Түрлі машиналар да жасалып жатыр ғой.
Сымбат: - Бұлардың барлығы жоғары технологиялық композитті
және арнайы таңдап алынған материалдардан жасалады.
Мөлдір: - Ағаш табиғи таза материалға жата ма?
Сымбат: - Әрине, ағаш - біздің айналамыздан табылатын табиғи
материалдардың бірі.
Еламан: - Материалдардың беріктігі қалай анықталады?
Сымбат: - Олардың беріктігін әртүрлі әдіспен өлшейді.
Еламан: - Сымбат, өзің ғылымның жетістіктері туралы көп білесің ғой.
Сымбат: - Мен химия пәнін ұнатамын. Сосын ғылымның жетістіктері
туралы