Түсіндірме сөздік 1-жаттығу. Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Еңбек
Жалақы
Жұмыскер
Еңбек демалысы
Еңбек тәртібі
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі асты сызылған
сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен өздеріңіз сөйлем
құрыңыздар.
Еңбек – адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да
құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Әркімнің еңбекті еркін
таңдауға немесе еңбекке еркін келісуге құқығы бар, кәсіп пен қызмет
түрін таңдау құқығына ие. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.
3-жаттығу. Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А) Жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және
еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Ә) Жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек
міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын
орны.
4-жаттығу. Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканы тауып, астын
сызыңыздар.
Еңбек
қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен
жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Жұмыскер – жұмыс
берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша
жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
5-жаттығу. Сөйлемді толықтырыңыздар.
Жұмыскер еңбекті белгілі бір _____ ______ жүзеге асырады. Жұмыс
орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек _______ орындауы
кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны. Орындаған жұмысы
72
үшін ________ (жалақы) алады. Жалақы дегеніміз – жұмыскердің
________, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және
жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы.