1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет108/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
Көмекші сөздер:
 еді, келеді, екен,
 
бастады, жатыр. 
 
         
5-жаттығу.
 
Төменде  берілген  негізгі  етістіктерге  үлгі  бойынша 
көмекші етістіктерді тіркестіріп жазыңыздар. 
 
     
Үлгі:
 
сақтап еді,  сақтаған екен, сақтаған емес, сақтап жатыр  
 
 
Әзірлеу, 
 
бөліну,    енгізілу

өндіру
,
  ұйымдастыру,  атқару,  ашу,  оқу, 
зерттеу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


70 
 
№11 Сабақ 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫП:  Еңбек.  Еңбек  нарығы.  Еңбек 
тәртібі. Еңбек демалысы. 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: Міндет, жауапкершілік мәнді 
сөйлем. 
 
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.  
 
1.
 
Еңбек,  заңнама,    келісім,  ұжым,  жұмыскер,  жұмыс  беруші,  міндеттер, 
лауазым, жалақы, еңбек тәртібі, құндылықтар, демалыс, сыйақы. 
 
2.
 
Материалдық, рухани, күрделі, нормативтік-құқықтық.  
 
3.
 
Еңбек шарты, еңбек қатынастары, ұжымдық шарттар, қамтамасыз ету. 
 
Мәтінді  оқыңыздар. 
 
Еңбек  –  адам  мен  қоғамның  өмір  сүру  және  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  үшін  қажетті  материалдық,  рухани  және  басқа  да 
құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Әркімнің еңбекті еркін 
таңдауға  немесе  еңбекке  еркін  келісуге  құқығы  бар,      кәсіп  пен  қызмет 
түрін  таңдау  құқығына  ие.  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасы 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. 
Еңбек 
қатынастары 
– 
Қазақстан 
Республикасының 
еңбек 
заңнамасында,  келісімдерде,  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жұмыскер  мен 
жұмыс  берушінің  арасында  туындайтын  қатынастар.  Жұмыскер  –  жұмыс 
берушімен  еңбек  қатынастарында  тұратын  және  еңбек  шарты  бойынша 
жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. 
Жұмыскер  еңбекті  белгілі  бір  жұмыс  орнында  жүзеге  асырады. 
Жұмыс  орны  –  жұмыскердің  еңбек  қызметі  процесінде  еңбек  міндеттерін 
орындауы  кезінде  оның  тұрақты  немесе  уақытша  болатын  орны. 
Орындаған  жұмысы  үшін  еңбекақы  (жалақы)  алады.  Жалақы  дегеніміз  – 
жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, 
сапасына  және  жағдайларына  қарай  еңбек  үшін  төленетін  сыйақы. 
Жұмыскер  Еңбек  Кодексінде  белгіленген  жағдайларға  сәйкес  еңбек 
демалысын  алады.  Демалыс  –  жұмыс  орны  (лауазымы)  мен  Еңбек 
Кодексінде  белгіленген  жағдайларда  орташа  жалақысын  сақтай  отырып, 
жұмыскердің  жыл  сайынғы  демалуын  қамтамасыз  ету  немесе  әлеуметтік 
мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату. Сондай-
ақ жұмыскер еңбек тәртібін сақтауы керек. 
  Еңбек  тәртібі  –  жұмыс  беруші  мен  жұмыскерлердің  Қазақстан 
Республикасының 
нормативтік-құқықтық 
актілерінде, 
сондай-ақ 
келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттардағы міндеттемелерді  орындауы.  


71 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет